Етістіктің түрленуін қайталау

7 сынып Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуін қайталау Сабақтың мақсаты: Етістіктің ерекше түрлерінің түрленуінен алған білімдерін пысықтау, тиянақтау. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, өзбетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Тәрбиелілік: Талдауға арналған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа, туған жерін сүюге баулу. Сабақтың түрі: бекіту сабағы. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс. Сабақтың көрнекі...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуін қайталау

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің ерекше түрлерінің түрленуінен алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, өзбетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Талдауға арналған мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа, туған жерін сүюге баулу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Қайталау - білім анасы.

Сабақтың құрылымы:

  1. «Жүйрік болсаң, озып көр » (Зерттеп, топтастыр.)

  2. «Тапқырлар аялдамасы » (Алған біліміңді тәжірибеде қолдана біл.)

  3. Талдау - табыс кілті: Сатылай кешенді талдау.

  4. Мені әңгімеле: Сурет бойынша мәтін құрау.

  5. «Кім жылдам? » ойыны.

  6. Біліміңді тексер. Тест тапсырмасы.

  1. «Жүйрік болсаң,озып көр.»

«Етістіктер әлемі.»

  1. Етістік қандай сөз табы?

  2. Етістіктің құрамына, тұлғасына, мазмұнына қарай қандай түрлері бар?

  3. Етістіктің ерекше түрлері қандай?

  4. Есімше қалай түрленеді?

  5. Көсемше қалай түрленеді?

  6. Тұйық етістік қалай түрленеді?

  1. Тапқырлар аялдамасы

  1. Тапсырма: Терме диктант

Берілген өлең жолдарының авторы мен атын тап. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқы.

Берілген өлең жолдарынан етістіктерді теріп жазып, етістіктің ерекше түрлерін ажырат.

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап.

Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,

Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.

  1. Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жаз.

(Компьютерде орындау.)

  1. .... ... көсем боларсың

... ... шешен боларсың.

  1. Туған жердей жер ... ... ,

Туған елдей ел ... ... .

  1. Адал еңбек ерлікке ... ... .

  2. Ынтымақ - ... ... қорған.

  3. Ұстаздық қылған жалықпас ... ... балаға.

  4. Кешірімнің ең үлкені - кек ... ... .

  5. ... ... жетер мұратқа.

  6. Ойнап ... ... де, ойлап ... ... .



  1. Тапсырма: ( Дәптерге орындау )

  1. «Алғырлар » тобы: оқыған деген есімшені түрлендір ( септе, тәуеде, жікте ).

  2. «Зеректер» тобы: сақтамау тұйық етістігін түрлендіріп жазыңдар ( септе , тәуелде).

IV.Талдау - табыс кілті: Сатылай кешенді талдау. ( Интерактивті тақтада орындау )

Ата-ана қадірін білмеген - халық қадірін біле алмас.

  1. Синтаксистік талдау.

  2. «Халық» сөзіне лексика - грамматикалық талдау.

  3. «Қадір» сөзіне фонетикалық талдау.

V. «Мені әңгімеле.»

Сурет бойынша мәтін құрастыру.

Ел ордасы - Астана.

VI. «Кім жылдам? » ойыны.

VII. Біліміңді тексер. Тест тапсырмасы.

VIII. Үйге тапсырма.

IX. Бағалау кезеңі.

© 2010-2022