Сценарий для организаторов общешкольный к 25 маю

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!2014-2015 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.Жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа Қош келдің, айналайын, халқым менің!Армысыздар жиналған ата-ана, ұстазТой жиынсыз өмірдің мәні болмасАрамыздан талпынып қақты қанат11 жылда оң солын таныған жасЖүргізуші:Жас...
Раздел Завучу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сыңғырла,соңғы қоңырау!»

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

2014-2015 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші:

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!


Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас

Арамыздан талпынып қақты қанат

11 жылда оң солын таныған жас

Жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!


1.Бисенова Лиза Ерланқызы

2.Жұбатова Ұлболсын Айғалиқызы

3.Дүйсенбаев Бағдат Жағыпарұлы

4.Асылбеков Асылхан Асылбекұлы

5.Бақтығалиев Нұртілек Ғилымбекұлы

6.Жасболат Роман Әлібекұлы

7. Жасқайратова Жайнагүл Қолғанатқызы

8.Самиғуллина Мадина Самиғоллақызы

9.Фангерей Жомарт Өтегенұлы

10.Өтешов Жандос Қайырлыұлы

Жүргізуші:

«Назар аударыңыз!» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, әнұраны орындалсын.

Ту көтеру құрметі оқу озаттары 7 сынып оқушысы Б.Асқаровқа

және 5 сынып оқушысы Г.Ғимеденоваға тапсырылады.

(әнұранды орындау)

Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Садирова Лаура Қадерқызын, Насибуллина Меңсұлу Мағзомқызын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенің қас-қағым.
5 сыныптан бері туған анасындай болған сынып жетекшілері Мергенова Зоя Бижанқызын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Осы салтанатты жиынға мектеп түлектерінің 9 жыл оқыған, қазіргі таңда колледж дің 2 курс студенттері Уахитов Әлішер Сембайұлы, Әділгереева Алуа Мерекеқызы, Мақсотов Медет Мәдениетұлы, Бақтиярова Сұлуханым Манарбеқызы да қатысып отыр. Оларды да ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:

1.Аудандық маслихат хатшысы Е.Ғазизов

2. Ауыл әкімі: Эдуард Қобыландыұлы

3.Ардагер ұстаздарымыз

Жүргізуші:

Мектеп түлектерінің орындауында «Ұстазым менің,ұстазым » әні.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлына беріледі.
Жүргізуші:

Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Ешмуханов Эдуард Қобыландыұлына беріледі.

Ән: Әке, ана. Орындайтын мектеп түлегі Жайнагүл Қолғанатқызы

Жүргізуші:

Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат орманы тұр.

Гүлденуін ауылдың тілек етіп,

Қолдарына аттестат алғалы тұр- дей келе сөз кезегі оқу жылының қорытындысы бойынша оқу ісінің меңгерушісі Досатова Құралай Қыдырқызына беріледі.

Жастайыңнан білім алсаң қалайда,

Өсе келе қолың жетер талайға-дей келе үздік оқушыларымызды үлгі,әрі мақтан ете отырып, үздіктер шеруін жариялаймыз. (Ортаға оқу озаттары шығады)

Қол соғып қошеметтеп қояйық. (Мадақтау қағаздарын алып өз орындарына барады)

Жүргізуші: -Алдарыңызда аудандық «Балдәурен-2015» байқауының жүлделі ІІІ орын иегерлері «Толқын» кіші бишілер тобы.

Қазақ биі «Қамажай». Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші:

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді

Жүргізуші:

Келесі сөз кезегі ауданан келген қонағымыз

беріледі.

Жүргізуші:

Ән: Қоңырау. Орындайтын бастауыш сынып түлектері.

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Айғали Жұбатұлына беріледі.
Жүргізуші:

Мектеп түлектерінің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар! (Роман ,Жайнагүл ,Жандос)


Жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау сөз кезегі дайындық сыныбының бүлдірші Мұратқали Шыңғыс Ерболатұлына ұлына беріледі.

Жүргізуші:

Биік сенің ұстаздық қасиетің

Мінезің жоқ қиынға бас иетін.

Өмірге тәрбиелеп, құлшындырған,

Жүрегімде әркез сенің өсиетің- деп қанаттарын қатайтып, бірге жүріп, бірге күлген сынып жетекшілеріне сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші:Мектеп түлектерінің орындауында хор: «Мектеп әні».

Жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында- деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

Ортада мектеп түлегі: Өтешов Жандос Қайырлыұлы

Жүргізуші:

«Болашақтай» қол бұлғайды жарық күн,

Өмір өзен, тағдыр жолы алыс тым.

Қоштасады ақ түлектер досымен,

Ең соңғы рет билеп мектеп вальсін

«Мектеп вальсі». Ортада мектеп түлектері-2015.

Жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, Жасболат Роман Әлібекұлы
10-сынып оқушысы, Қазиуллин Бексұлтан Ғаділбекұлына тапсырады.
(Музыка әуенімен)

Жүргізуші: «Қош бол, жан достар, ұстазым, мектебім!». Орындайтын түлектер хоры.

Жүргізуші: Ойлаған арман тілектеріміз орындалсын деген ниетпен ақ қанат көгершіндерді көкке ұшырады

Жүргізуші:

Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Жүргізуші:
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушысы Асылбеков Асылхан Асылбекұлымен дайындық сыныбының оқушысы Әлібекқызы Гүлсезімге тапсырылады. (қоңырау соғып келеді)
Жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! - деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
Жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,
Ұлттық бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Жүргізуші: - Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаңдар да, сендер міндетті түрде өз алтын ұя мектебіңді, бірге өскен, оқыған достарыңды, осы салтанатты ұмытпаңдар! Жолдрың болсын!


Жүргізуші:

Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар .





© 2010-2022