Текствый файл на казахскому языку на тему 8 март мерекесіне сценарий-2015doc для сценарий учителям

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қыздар!
Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер - ана бусанып, тіршілік атаулыға жаңаша нәр беріп, қар астынан бәйшешек қылтиып, көктем лебі сезіліп, айнала нұрға бөленген шақта жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған аналар мерекесі қатар келіп, көңілдерге қуаныш сыйлауда. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Күллі дүние абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Құрметтесек - ананы құрметтейік дегендей, мереке қарсаңында біз аяулы - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ардақты аналарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің, қымбатты қыздарымыздың осы бір тамаша мейрамы көктемнің келуімен тұстасып жатады. Көктем - бұл жаңа өмірдің бастауы, табиғаттың оянуы емес пе? Ендеше жылы шуақ ала келген осы бір мерекеде барлықтарыңыздың шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүздеріңізге күлкіге толы болсын демекпін!

Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыс, отбасында береке, жақындарыңыз бен туғандарыңызға амандық тілеймін! Аналар, арулар! Мерекелеріңізбен!

2 - жүргізуші

8 Наурыз 2015 жылдың көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға...
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы!
Бақыт берсін әр көктемнің айлары
2 - жүргізуші: Ана - өмір тірегі, жылылық пен нәзіктіктің үйлесімі, бар жақсылықтың жаршысы. Олар - еңбек озаттары, қайраткерлер, өнер жұлдыздары.
Әр түрлі салада сан қырлы қызметте шыңдалып, замана көшін жалғастырушы, ізгіліктің бастаушысы да біздің ару қыздарымыз бен аналарымыз.
1 - жүргізуші: Олай болса, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің түлегі,еңбек жолын ұрпақ тәрбиесіне арнаған,біздің №55 С.Қожанов атындағы орта мектебіміздің директоры....Айнұр Мырзалиева апайымызды ортаға шақырамыз.

2 - жүргізуші: Әр уақытта небір ұшқыр қиялдар мен нәзік сезімдер әйел атымен астарласып жүреді. Әйел - бұл қоғамдағы тыныштық пен береке, мейірімділік пен жанұяның жылуы.
1 - жүргізуші: Әйел - бұл пәктік пен жан байлығы, шынайы махаббат пен аналық құдірет. Осы жарқын мейрам қарсаңында қоғамның әдемі бөлігінің сұлулығы мен көркемдігіне, шыдамы мен сеніміне, өмірге құштарлығы мен қайсарлығына бас иеміз.
2 - жүргізуші: Иә, бүгін мақтасақ барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы әйел - ананы мақтайық! Ажал оның алдында бас иетін, нағыз күшті әйел ананы мақтайық! Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абақ - ана, Абайды туған Ұлжан, бәрі - бәрі бір ғана атқа ие. Ол - ана!!
1 - жүргізуші:............., қалай ойлайсың? Дүниедегі ең сұлу, ең ақылды, ең мейірімді кім?
2 - жүргізуші: Ол, әрине, қазақ әйелі.
Қазақ әйелі - бар мұратын отбасының игілігіне жұмсайтын, әлемдегі ізгі адам. М. Әуезов айтқандай: «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуші жандар».
Қазақ әйелі - бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал жар, ұрпақтың анасы, ұлттың ұйтқысы, қоғамның тірегі.
2 - жүргізуші: Мұхаммед пайғамбарымыз хадисінде:
«Жәннәт - аналардың аяғының астында деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтеп, егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата - анасына қуаныш әкеледі дейді».

1 - жүргізуші: Сондай - ақ, «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұлама сөзі ана алдындағы парызымызды шегелей түспек.

2 - жүргізуші: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

1 - жүргізуші:
Халықта батыр да өткен, бағлан да өткен,
Ел елдік ата текті мақтан еткен.
Жеті атасын білген ер азамат деп.
Бабалар өсиет қып айтып кеткен.
Бұл пәниден жақсы да, жаман да өткен.
Жиын той болмап па еді бізде көптен.
Қол соғып ел - жұртым демеп отыр.
Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен - дей келе, мерекемен құттықтау үшін сөз кезегін бір жанұяның ұйтқысы, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған өнерлі жан,....................... пәнінің мұғалімі...................... ағайға сөз береміз.

2 - жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз.............................. орындауындағы «Мереке күніңмен!» атты әнін қошеметпен қарсы алыңыздар.
хор
1 - жүргізуші: Қыз қызғалдақ, әйел - ана, әйел - өмір, тіршілік өзегі. Бүгінгі күн - жер бетінде барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Туар ма еді, жүрегімде биік мақсат, игі арман

Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты, ар - намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам - дей келе, келесі кезекті


Ән шашу..................................

2 - жүргізуші:
Тотыдай таранған, жібектей сызылған, аяулы аруларымызды, жаны шуақ ұстаз - аналарымызды құттықтау кезегі ер - азаматтарымызға да келіп қалды. Жасырары жоқ, бала тәрбиесіне ер - азаматтарымыздың 30% ғана білек сыбана кірісіп, өз үлестерін қосуда.
Мерекемен құттықтау сөзді жігіттерімізге берейік.

сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

1 - жүргізуші:

Анасыздар - Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

2-жүргізуші:

Өр десек те сіздер - лайықсыздар.
Төр десек те сіздер - лайықсыздар.
Ер десек те сіздер - лайықсыздар.
Зор десек те сіздер - лайықсыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын анасыздар.

1-жүргізуші:

Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,
Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

2 - Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар. Осы мектептің музыка пәні мұғалімі Құрманбеков Ораздың ән шашуын қабыл алайық.

1 - жүргізуші: Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - бірімен жалғап тұрар
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын.
Ән болып сағыныштан ақтарылмай - деп, абзал аналарымыз бен аруларымыздың құрметіне..................................................... орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Ана - перзент тәрбиелеуші.
Ана - қызметкер.
Ана - ғалым.
Ана - тіршіліктің гүлі.
Анаға арналар ән ешқашан толастамақ емес. Бүгінгі шуақты мерекеде дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға жақсылық, береке, бірлік тілейміз! Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

1 - жүргізуші:

Құрметті қонақтар, біздің ««Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты мерекелік

кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен мерекелік концертіміз аяқталды.Тағыда мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Сау - саламатта болыңыздар!

© 2010-2022