Бітібаева Қ. О. шығармашылық зертханасында өткізілген Шеберлік сыныбы аудан мұғалімдеріне

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы шығармашылық зертханасының семинары.

Тақырып: "Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы."

  • Зертхана семинарын өткізуші: Саньязова Бекзат Қабдуалиқызы.

  • Өтілген орны: «Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ

  • Өткізілген уақыты: 20 қаңтар, 2016 жыл.

  • Түрі: дәстүрден тыс семинар-коучинг.

  • Қатысушылар: Зырян ауданы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері.


  • Мақсаты:

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген оқытушысы, Академик, КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, «Құрмет» белгісінің, Крупская атындағы медальдің иегері, республикалық авторлық зерттеу зертханасының негізін қалаған Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының сабақ тектері мен түрлерін, Абай тағлымы негізінде тұлға қалыптастыру мәселелерімен таныстыру.


  • КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: ұстаздың Абай шығармаларын меңгертудегі әдіс-тәсілдерін меңгерді;

  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, сабақ ұранымен таныстыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, ұстаз еңбегімен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс

  • ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР:

  • ҚҰРАЛДАР: актив тақта, презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, стикерлер.

Семинар мазмұны.

Жұмыс кезеңдері

Кезең бөлімдері

Қатысушылар әрекеті

Уақыт

Жабдықтар

Кіріспе

Мақсаты:

Қатысушылардың қызығушылығын туғызу.

Презантация қосу.

1.Мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау, табыс критерийлерін белгілеу. хабарлау.

2.Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.

«Сөйлей алатын қолдар» сәті арқылы психологиялық ахуал туғызылды, топтарға бөлінді, шеберлік сыбының мақсатымен танысу.

5 минут

Презентация, жеміс түрін таңдау.

«Алма, өрік, бүлдірген» жемістері бойынша стиктер.

Рефлексия:

Мұғалімдер қызығушылықпен қатысуын қамтамасыз ету, бірлескен жұмыс түріне әзірлеу.

Презантациялық слайд арқылы еңбектің жалпы мазмұнымен таныстыру.

1-бөлім: Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелері;

2-бөлім: Абайдың шыққан тегі, поэзиясындағы негізгі тақырыптар;

3-бөлім: 5-8-сыныптардаАбай шығармашылығын оқыту;

4-бөлім: сабақ түрлері.

5-бөлім: Абай туралы әдеби-сын, зерттеу еңбектерді оқыту;

6-бөлім: оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыруға қойылатын, түпкі нәтижеге бағытталған жұмыстар мен талаптар;

7-бөлім: Абай шығармашылығын оқыту сабақтарының оқу-тәрбиелік мақсаты, жүйелігі;

8-бөлім: Дидактикалық материалдар үлгісі;

9-бөлім: сыныптан тыс жұмыстар.

Стиктердегі диалог

1-топ: Абайдың «Қыс» өлеңі бойынша стикерлеге талдамалар жазу.

2-топ: «Жаз»

3-топ. «Жазғытұрым» өлеңдері бойынша керекті мәліметтерді стиктерге жинақтау.

Ұсынылған материалдар бойынша стикерлерге іріктейді,

7-8 минут

Өлеңдер, стикерлер, презентация.

Рефлексия:

Жұмыстар өте қызу және белсенділікпен жүргізілуін қадағалау. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін қолдана отырып, теориялық мәліметтік мәтінді талқылайды.

Формативті бағалау

«Баспалдақ» әдісін қолданып,топтардың өзара бағалау жүргізуін қамтамасыз ету.

Инфо-карусель

№1 жұмыс: салыстыру. «Эйлер шеңберін құрау»

№2 жұмыс: «2 жақты түсініктеме күнделігін» құру.

№3 жұмыс. Тіл шеберлігі

Топ мүшелері өздеріне берілген өлеңдер бойынша салыстырулар жасайды, цитатаға комментарий береді, тілдік қолданысты табады.

10минут

Қосымша парақтар, презентация

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Қорытынды

1,2-топ «Бір айналым сөйлесу»

3-топ: суретпен бейнелеймін.

Абайдың табиғат лирикасы жайлы бір сөйлеммен ойды жалғастырып жазу.

Абайдың табиғат лирикасын суретпен беру.

6минут

Парақтар, фламастерлер, презентация.

Бағалау: «Күн, бұлт, ай.»

Баяндама: "Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы."

Саньязова Б.Қ.

Пікірлер парағын толтыру.






© 2010-2022