Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға Мүлдем төзбеушілік іс шалалардың орындалуы

Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» атты жоспарға сәйкес 2014 жылдың қыркүйек 8-11 класс оқушыларына жалпы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушыларға (73 оқушы) «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында ақпараттар берілді. Жиында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясы» жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс деді: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуім...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шалабаева Д.Н.

Россовхоз орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі



Россовхоз орта мектебінде тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» атты тақырыпта өткізілген іс шаралар


Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» атты жоспарға сәйкес 2014 жылдың қыркүйек 8-11 класс оқушыларына жалпы жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушыларға (73 оқушы) «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында ақпараттар берілді. Жиында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050 стратегиясы» жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс деді: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» - туралы айтылды.

Сонымен қатар 8-11 кластарда «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында класс сағаттары өткізілді. 9 класта оқушыларға құқықбұзушылықты алдын алу шараларына арналған презентация көрсетілсе, 10 класс оқушылары үшін әлеуметтік видеороликтер көрсетілді.

Сауалнама қорытындысы:

  • Сауалнамаға 8 класс 25 оқушы, 9 класта 27 оқушы , 10 класта 11 оқушы, 11 класта 17 оқушы жауап берді.

  • Бірінші пункт бойынша барлық оқушылар барлық әрекетті құқыққа қарсы деп белгіледі.

  • Ақтөбе қаласындағы құқықтық тәртіпті 25% оқушы жаман, 65% оқушы жақсы, 20 % оқушы өте жақсы деп бағалады;

  • Ақтөбе қаласындағы құқықтық тәртіпті басқару ІІД 67% оқушы, 28% оқушы құқық басқару органдары, 1% оқушы соттар басқару керек деп жауап берді.

  • Ақтөбе қаласында қандай құқықбұзушылық жағдайларды күшейту керек cұраққа оқушылардың 87% «Белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау», «Демалыс орындарында темекі шегу», «Әлеуметтік ортада мас болып жүру» деп жауап берді.

  • Оқушылардың 92% құқықтық тәртіпті кузетуге дайын.

2015 жылдың 17 қарашасында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында оқу - тәрбие процесі аясында оқушылар арасында құқықтық мәдениет және құқықтық сана-сезімді арттыруға бағытталған «Тәртіп пен тәрбие егіз» атты мектеп инспекторларымен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында Заречный ОП бөлімінің капитаны, ИДН испекторы Сагиев Серік Махаевич және мектеп әкімшілігі қатысып, оқушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер, мектептің ішкі тәртіп Ережелерінің сақталуы туралы, құқық бұзушылықтың жауапкершілігі жөнінде ақпарат беріліп, жат қылықтардан алшақ болуы ескертілді. Барлығы 150 оқушы, 35 мұғалім қатысты.

Тоқсан сайын Кешкі көшеде құқықбұзушылықты алдын-алу мақсатында мектеп мұғалімдері арасында «Түнгі қаладағы балалар» ұранымен рейд /21-28 қараша аралығында/ ұйымдастырылды. Кестеге сәйкес рейдке шыққан мұғалімдер өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарды. Түнгі уақытта көшеде жүрген оқушылар кездескен жоқ.

Ай сайын 5- 11 класс оқушылары үшін класс жетекшілер мен мектеп психологтары «Мүлдем төзбеушілік» тақырыбында оқушыларға бейнематериалдар көрсетуді. Бейнематериалдарды жалпы 240 оқушы, 40 мұғалім қарады.

ЗАҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ


Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға Мүлдем төзбеушілік іс шалалардың орындалуы




Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға Мүлдем төзбеушілік іс шалалардың орындалуы

«МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР


Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға Мүлдем төзбеушілік іс шалалардың орындалуы

Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға Мүлдем төзбеушілік іс шалалардың орындалуы







© 2010-2022