Оқу ісі меңгерушісінің кешенді жоспары мен талдауы

Оқу жылының қорытындысын шығаруға арналған талдау жұмыстары берілген. Талдау бірнеше бөлімдерден тұрады. 1-бөлім Мемлекеттік білім стандартының орындалуы, 2-бөлім жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту. Жылдық талдау өте көлемді болғандықтан алғашқы 2 бөлім ұсынылады. Қалған бөлімдер жүйелі түрде бірінен соң бірі беріледі. Сөйтіп  барлық талдау жұмысы тлық беріледі. Оқу жылындағы мақсаттар мен міндеттер жүзеге асырылуда, стандарттың орындалу жағдайы нақты көрсетілген. Талдау жұмысын үлгі ретінде а...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зырян ауданы - «Зырян қаласының №9 орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекеме бойынша

  • 2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ;

  • 2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕПІШІЛІК ЖОСПАР.




М А З М Ұ Н Ы:




І. Мемлекеттік білім стандартын орындау;

ІІ. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту;

ІІІ. Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;

ІV. Педагог мамандармен жұмыс, құрамы. (біліктілікті көтеру, аттестация);

V. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;

VI. Дарынды оқушылармен «Тұлға» қоғамының жұмысына талдау.

VII. 9,11-сыныбы бойынша мемлекеттік емтихан және Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы.

VIII. Мектепте бейінді оқыту.

IX. Сертификатталған мұғалімдер жұмысына талдау.

X. Тәрбие жүйесінің жұмысына талдау мен жоспары.

XІ. Мектепішілік басқару мен бақылау.

ХII. Мектеп психологының жұмысы мен жоспары.

XIII.Әлеуметтік педагогтің жұмысына талдау мен жоспары.

XIV. Аға тәлімгердің жұмысына талдау мен жоспары.








  1. Мемлекеттік білім стандартын орындау;

2014-2015оқу жылында мектеп ұжымы мемлекеттік білім стандартын орындау мақсатында «Инновациялық технологияларды қолдануды жеке тұлғаға бағыттау арқылы білім сапасын арттыру» өзекті тақырыбын басшылыққа алып, мектептің барлық оқу-тәрбие жұмысына әкімшілік тарапынан қадағалау және талдау жасалынып, қорытындысы шығарылып, педагогикалық ұжыммен талқыланып отырды. Оқу жылы барысында келесідегідей мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталды:

  • Оқыту үрдісін жаңа, оңтайлы әдістемелік тұрғыдан үйлестіру арқылы білім сапасын арттыру;

  • Білім беру мен оқушыларды оқытудағы жаңа қадамдарды негізге ала отырып, мұғалімдердің құзіреттілігін дамыту;

  • Тәрбие мазмұнын жаңарту мақсатында оқушыларға педагогикалық-инновациялық жетістіктер мен ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлға даярлау.

Жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге асыруға негізделген 2014-2015 оқу жылына келесідегідей міндеттерді қарастарды:

  1. оқыту сапасын арттыруда оқушылардың жеке бас қабілеттерін ескеру, әр пән бойынша оқушылардың арнайы оқу дағдыларына зерттеу жасау арқылы стандарт талаптарын жүзеге асыру;

  2. мұғалімдердің педагогикалық біліктілік құзіреттілігін жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық жаңа, озық технологияларды тәжірибеге енгізуді дамыту;

  3. бастауыш сыныптарда математикалық ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру және барлық сыныптарда нәтижеге бағытталған білім беру жолдарын жүйелеу;

  4. оқушылардың танымдық интеллектуалды белсенділігін көтеру мақсатында танымдық шараларды ұйымдастыру.

Педагогикалық ұжым әкімшіліктің басқаруымен алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы», «Білім туралы заңды", «Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын», "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын», «2014-2015 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, 2014-2015 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.

2011-2012 оқу жылында мектеп әкімшілігінің белгілеуімен білім беру жүйесі келесідегідей оқу жоспарын басшылыққа алды:

Сыныптар

Инварианты оқу жүктемесі

Мектеп компоненті

Оқушы компоненті

1-4

208

22

9

5-9

277

28

8

10-11

64

12

2

Мектеп компоненті (қолданбалы курстар) оқушылардың пәндерді оқытуда қызығушылықтары мен жан-жақты интеллектісі мен дүниетанымын арттыру көзделіп, мектептің жоғарғы сатысында бағдарлы оқытудың құрамына кіріп, оқушылардың таңдауы бойынша жүргізілді, жоспарлары жасалынып, әкімшілік тарапынан тексеріліп, жүйелі жүргізілуі қадағалауға алынды.

Таңдау курстары - оқушының жалпы дамуын қамтамасыз етіп, оқу-тәрбие процесінің жаңа түрлері мен тәсілдерін ұйымдастыруға мүмкіндік жасап, «Ритмика», «Шахмат», «Домбыра», «Тарихи өлкетану», «Химия ғажаптары», «Қазақстан экологиясы» «Физика ғажаптары» курстары ұйымдастырылды.

10-11 сыныптарға арналған бағдарлама оқушылардың және ата-аналардың сұранысына орай жаратылыстану-математика бағытында құрылды. Бағдарлы оқыту оқушылардың бейімділігі мен қабілетін, танымдық қызығушылығын барынша ескеріп, оқытуды даралау мен саралауға негізделді. 2014-2015 оқу жылында мектеп 6 күндік тәртіппен жұмыс істеп, мектепте 19 сынып оқытылды. Мектептегі барлық сыныптардың және мектепалды сыныптарының оқу жоспары толығымен орындалып, барлық пәннің оқытылуы мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргізіліп, бағдарламалардағы белгіленген жүктемелер жыл көлемінде қамтылды. Бейінді оқыту сыныптарындағы таңдау курстары мен мектептің (вариативті) компоненті талапқа сай оқытылды. Мектептегі шағын орталықта 3,4,5 жастағы балалар қамтылып, ҚР МЖМБС бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» негізгі ережелерді (1.001-2009) басшылыққа ала отырып, оқытудың құрамы анықталып, оқу жүктемесі көлемі бекітілді. Мектеп әкімшілігі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру саласындағы жаңалықтарды, инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда деңгейлі бағдарлама модульдерін басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеруді назарда ұстады.

Мектептен шеттетілген оқушы жоқ. Мектептің вариативті сабақтардың берілуі пәндерді кеңейтіп оқытуға, оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлауға беріліп, әкімшіліктің назарында болды. Неғұрлым нәтижелі болған химия, география, қазақ тілі, орыс тілі, бастауыш сынып, бейнелеу өнері, тарих, биология пәні мұғалімдерінің жұмысы, олардың оқушылары аудандық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алды.


  1. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту;

Мемлекеттің жалпыға бірдей білім беру заңына сәйкес жыл басында мөлтекауданның 131 оқушысы, жалпы мектепке 423 оқушы тартылып, жыл соңында 414 оқушы мектепті аяқтап шықты. Мектеп алды даярлықты жүргізудің Мемлекеттік бағдарламасы мен Білім және Ғылым министірлігінің 15.06.97. шыққан № 97 бұйрығын орындау мақсатында мектеп бойынша мектептің даярлық сыныбына 58 оқушы қабылданып, 2 топта білім алды. Жыл көлемінде басқа мектептен 12 оқушы келіп, ал 21 бала жанұя жағдайларына байланысты облыстың басқа жалпы білім беретін орта мектептерінде білімдерін жалғастырды. Жалпы оқу заңына сәйкес мектепте 74 оқушы бюджет көлемінде, мектеп оқушыларының 90 пайызы ыстық тамақпен, 10пайызы буфеттік тамақтанумен қамтамасыз етілді. Мектептегі әлеуметтік жағдайы нашар оқушылар «Қамқорлық» акциясына сәйкес жыл көлемінде назарда ұсталып, үй жағдайына рейдтер жүргізіліп, актілер жасалды, заттай көмектер ұйымдастырылды. Мектепте қиындық туғызатын оқушылар есепке тұрғызылып, жыл көлемінде әлеуметтік педагог пен әкімшілік тарапынан қадағалаулар мен жүйеленіп, оқушылармен мектеп психологы, оларды ерекше назарда ұстап, бақылау жинағы арқылы тәрбие деңгейлері арттырылып, бағыт-бағдар беріліп отырылды. Жыл көлемінде мектепте оқушылардың құқық бұзушылықтың алдын алу үшін тұрақты комиссия жұмыс істеп, оқушылардың тұрмыстық жағдайын реттеу, күн тәртібін сақтауды бақылау, үйірмеге қатысуын есепке алу мақсатында рейдтер жүргізіліп, талқыланып отырылды. Оқу жасындағы әрбір оқушы есепке алынып құжаттар жүргізілді - арнайы мөлтекаудан бойынша есеп дәптері, сынып журналдары, оқушы күнделігін тексеру арқылы жүзеге асырылды.



© 2010-2022