Доклад на тему: Патриотическое и духовно-нравственное воспитание молодёжи

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ


Мусаев Арман Қонысбайұлы

Директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі

Бүгінгі қоғам адамнан тек техникалық білімді ғана талап етіп отырған жоқ, сонымен қатар ғылым мен техниканың әр түрлі аймақтарында кәсіби шеберлік пен жоғары мәдени деңгейді, қоғамда белсенді өмір сүруді талап етіп отыр. Жеке тұлғалық дамуының негiзгi бағытын оның шығармашылық, белсендiлiк, ізгілендіру, зиялылық жҽне ҿзіндік қадір-қасиет сезiмiн қалыптастыруға бағытталған жалпы адамдық құндылықтары ретінде есептеуге болады.

Бұл сапалардың даму деңгейiн тұлғаның әлеуметтiк құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіші мен тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы ретiнде қарастыруға болады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай жасау, жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру, ана тілі мен мәдениетін, ұлттық болмысын қалыптастыруға, денсаулығын сақтауға бағытталған жұмыстар болып табылады. Оларды қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі ең маңызды міндеттер.

Білім беру саласында тәрбие процесі жоғары қызмет атқарады. Тәрбиенің мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуы, дамуы, әлеуметтік және кәсіби қабілетті Қазақстан азаматы, өз елінің патриоты ретінде қалыптастыру.

Арнаулы орта оқу орындарында студенттерге тәрбие берудің міндеттері:

  • жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімдігін кеңейту;

  • арнаулы оқу орындары студенттерінің рухын көтеру;

  • студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту; белсенділігін көтеру және ынталандыру;

  • аапалы білім алуға насихаттау, студенттердің діни және саяси бірлестіктермен байланысын нығайту;

  • өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

  • қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

  • студенттерді жалпы адамзаттық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;

  • студенттерді адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған зорлықсыз рухында тәрбиелеу;

  • студенттердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктері қызметін жетілдіру және олардың өркенденуіне тиісті жағдай жасау;

Тәрбие жұмыстары сабақтан тыс және студенттердің бос уақытында ұйымдастырылады.

ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде 12 бағыт бойынша тәрбие жүйесінің негізгі бағыттары:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Арнаулы оқу орындарының студенттеріне жүргізілетін тәрбие жұмыстарының ішінде патриоттық тәрбие беру бағыты маңызды. Өйткені жаһандану үрдісіндегі студенттердің белсенді оқу әрекеті барысында қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік, мақтаныш сезімін қалыптастыру басты міндеттердің бірі. Әсіресе, бүгінгі қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму жағдайында қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау азайып бара жатыр.

«Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу - тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс - шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт - дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Қазақстандық патриотизм - көп ұлтты Қазақстан халқының өзін-өзі тануының күрделі жолы. Өзін - өзі тану - өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы - жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалыптастыру - мемлекеттің және барлық азаматтардың экономикалық өмірі мен қауіпсіздік жағдайын жасау болып табылады. Қазақстандық патриотизмнің ұлтшылдықтан айырмашылығы ол басқа халықтарға деген құрмет сезімінің, бүкіл адамзат туралы адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алады.

Егер әрбір студенттің бойында өзінің туған жеріне, отбасына, айналасына деген кіршіксіз махаббат сезімі болмаса, онда оның бойында ешқандай сүйіспеншілік сезімі болмайды. Сондықтан да студенттердің бойына патриоттық сезімін қалыптастыру жұмысын олардың жақындарына, достарына, туған жеріне деген құрмет сезімін дамытудан бастауды қажет етеді.

Қазақстандық патриотизмнің негізгі компоненттері:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;

  • Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;

  • Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу;

  • Отанды қорғау;

  • Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;

  • Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;

  • Ана тілін білу;

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт - дәстүріне және әдет - ғұрпына құрметпен қарай білу;

  • Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтау;

Колледж студенттерімен патриоттық тәрбие беру бағытында ажүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Дегенмен де алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруымыз қажет. Өйткені білім ошақтарындағы тәрбие жұмыстары - қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы.

Бүгінгі күні мемлекеттегі маңызды міндеттің бірі - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» - деп атап көрсеткен.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

  3. Қазақстан Республикасының Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы

© 2010-2022