Программа ОПЭР в опорной школе

Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

оқу-әдістемелік кабинеті

Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі

















БАЛТАБАЙ АДАМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТІРЕК МЕКТЕПТІҢ

(РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ)

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТӘЖІРИБЕСІНІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ









Саудакент ауылы

2014 - 2019 жж.

Эксперименттік тәжірибенің өзектілігі:

Жеке адамның психологиялық бейнесін немесе тұлғаның психологиялық құрылымын зерттеп білуде өзіне маңызды басты үш мәселені құрайды:

- Ол өмірден нені қалайды, оны не қызықтырады, ол неге талпынады?

- Оның қолынан қандай іс-әрекет түрін орындау келеді?

- Ол кім, қандай адам, болашақта кім болады?

Дамудың барлық кезеңінде баланың ортаға дағдылануы және мінез құлқының сапалы үлгілерін меңгеруі, жеке басының психикалық процестері қалыптаса бастайды. Адамның психикасы тіршіліктің барлық кезеңінде үздіксіз дамиды. Кеңестік және отандық психологтарының теорияларына (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Л.С. Выготский, М.Мұқанов, С.Жарықбаев, С.М.Жақыпов, О.С.Санғылбаев, Ж.Ы.Намазбаева) сәйкес баланың психикалық дамуы әлеуметтік ситуациямен анықталады, бұған оның қоғамдағы орны, қарым-қатынас жүйесі және берілетін білімнің сапасы жатады.

Ғылым жаңалықтарын, қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге деген қызығушылық тұлғаның интеллектуалдылығының жоғары дамығандығын көрсетеді. Интеллектуалды дамуы арқылы тұлға ақпаратты мақсатты түрде қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Ол ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестіріледі және оның қызметтеріне оқуға және қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге деген қабілеттілік жатады.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Сондықтан сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Сол себепті нені оқыту емес, қалай оқыту мәселесіне терең мән беру қажет. Ал сабақ барысында оқушының өз бетінше ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялардың бірден бірі - сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, ал елімізде 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен ұйымдастырылған сабақтарда оқушыларда жеке және топтық жұмыс жасау, өз бетінше әрекет ету қабілеті дамиды, танымдық белсенділіктері жетіледі және ойлау қабілеттері мен топтағы әр оқушының жауапкершілігі артады. Ал мұндай қабілеттілікті әсіресе шағын жинақты мектеп оқушыларының бойында тірек мектеп (ро) жағдайында қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Сонымен, тірек мектеп (ро) жағдайында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру:

- біріншіден, олардың мағыналы ойлауын бағалау, түсініктерді салыстыру, ұғыну қабілетін, ойлау деңгейін жоғарылату мен шығармашылық қиялын дамыту маңызды;

  • екіншіден, оқушылардың мобильділігі, яғни бір тапсырманы орындаудан екіншісін орындауға ауысу жылдамдығын зерттеу арқылы бірлескен іс-әрекеттің сәттілігін анықтап, іс-әрекеттің жаңа түрін меңгергендігін және кәсіби тәжірибесінің сапасын бағалау мүмкіндігі оның танымдық іс-әрекетінің дамуымен тікелей байланысты;

  • үшіншіден, сөйлеу қасиеті, оның сөйлеу ерекшеліктері, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнерін бағалау, сөйлеудегі қобалжу деңгейлері, сөз арқылы ойын толық жеткізе білу, сөзді аяқтау, толық тыңдай білу шеберлігін дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Сол себепті бұл жүйені жүзеге асыруда ең алдымен педагогтарды даярлау ісіне ерекше көңіл бөліп, сонымен қатар оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін ашу, шығармашылыққа баулу, интеллектуалды дамуын, креативті ойлауын жетілдіру мәселесінің өзектілігі оның тереңірек қaрaстырылуының қaжеттілігі aрaсындa қарама-қайшылықтар туындайды. Осы мәселенің негізгі түйіні тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары болып табылады.

Эксперименттік тәжірибенің тақырыбы: «Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары».

Эксперименттік тәжірибенің мақсаты:

Білім беру саласындағы жаңа идеяларды және оқыту технологияларын тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында қолдану арқылы сыни ойлау қабілеті дамыған интеллектуалды және креативті оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Эксперименттік тәжірибенің міндеттері:

  • «Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперимент жұмысының бағдарламасы мен тұжырымдамасын құрастыру;

  • тірек мектептің (ро) оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі оқу-тәрбие үдерісінде қолдану жүйесін жоспарлау, педагогикалық шарттарын анықтау;

  • тірек мектепті (ро) заманауи техникалармен жабдықтау, оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру, материалдық базасын нығайту;

  • педагогтардың жеке тұлғалық маңызды сапаларын, кәсіби біліктілігін, шығармашылық потенциалын, сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану шеберлігін арттыруға мүмкіндік жасау;

  • ғылыми-эксперимент шеңберіндегі тәжірибелік жұмыстарды бұқаралық насихаттау;

эксперименттік зерттеу жұмысын қорытындылау және есеп беру.

Зерттеу нысаны: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушының интеллектуалдылығын дамытудың педагогикалық ерекшеліктері.

Зерттеу пәнi: Тірек мектеп (ро) жағдайында оқушының сыни ойлау қабілетін оқу үдерісінде дамыту жүйесін құру процесі.

Зерттеудiң ғылыми болжамы - егер ғылыми-педагогикалық эксперимент кезеңінде оқытудың жаңашыл технологияларын тірек мектептің (ресурстық орталық) оқу үдерісінде қолдану жүйесі ұйымдастырылса, онда сыни ойлау қабілеті дамыған интеллектуалды және креативті оқушы тұлғасын қалыптастыру мүмкін болады.

Зерттеу әдiстерi: Әдебиеттерге теориялық талдау жасау, психодиагностикалық зерттеу, бақылау, эксперимент, салыстырмалы талдау, мониторинг, оқу-әдістемелік семинарлар, біліктілікті арттыру курстары.

Эксперименттің жетекшi идеясы: Тірек мектеп (ро) жағдайында оқытудың жаңашыл технологияларын оқу үдерісінде жүйелі қолдану арқылы оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту - интеллектуалды және креативті оқушы тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Эксперименттік тәжірибенің теориялық-әдiснамалық негiздерi:

  1. Әлемдік педагогикадағы инновация (Кларин М.А.).

  2. Оқу және хат арқылы сыни ойлаудың даму технологиясы (RWCT).

  3. Оқу процесін жобалау және құрастырудың негіздері (Монахов В.М.).

  4. Ақпараттық оқыту технологияларын қолдану (Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев).

  5. Қашықтықтан оқыту технологиялары.

Эксперименттік тәжірибенің зерттеу көздерi:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

  3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары;

  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»;

  5. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»;

  6. «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» (2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 ҚР БжҒМ бұйрығы);

  7. Селевко Г.К. «Современные образовательные технологии: Учебное пособие» - М.: Народное образование, 1998. - 256 с., 2-е изд. 2004.

  8. Джакупов С.М. «Психологическая структура процесса обучения» - Алматы: Қазақ Университеті, 2004. - 312 с.

  9. Заир - Бек С.И., Муштавинская И.В. «Развитие критического мышления на уроке: Пособие для учителя» - М.: Просвещение, 2004 - 175 с.

  10. Тұрғынбаева Б.А. «Дамыта оқыту технологиялары» - Алматы, 2000.

  11. Сабыров Т. «Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары» - А.: Мектеп, 1978 ж.

  12. Леонтьев А.Н. «Проблемы развития психики» - М.: Московский университет, 1972. - 575 с.

  13. Рубинштейн С.Л. «Проблемы общей психологии» - М.: Педагогика, 1976. - 120 с.

  14. Бердібаева С.Қ. «Творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы» - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 216 б.

  15. Беспалько В.П. «Слагаемое педагогической технологии» - М.: Педагогика, 1989.

  16. Қабдықайырұлы Қ. «Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы» - Алматы: РБК, 1999.

Эксперименттік тәжірибенің зерттеу базасы:

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Балтабай Адамбаев атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық), Жаңаталап, Сарысу, Досбол орта мектептері, Шағалалы, Үшарал, Үшбас негізгі мектептері.

Экспериментке 7 мектептен барлығы 385 оқушы қатысты.

Эксперименттік тәжірибенің өту кезеңдері (2014-2019 жылдар):

І. Теориялық кезең - 2014-2015 жж.

ІІ. Апробация (сынақ) кезеңі - 2015-2017 жж.

ІІІ. Бақылау кезеңі - 2017-2018 жж.

ІV. Қорытындылау кезеңі - 2018-2019 жж.



Эксперименттік тәжірибенің өту кезеңдерінен күтілетін нәтижелер:

І. Теориялық кезең (2014-2015 жыл).


Нәтижесі:


  1. Тірек мектепте (РО) жаңа технологияларды қолдану туралы теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу, ерекшелігін анықтау.

  2. Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында білім беру процесіне сын тұрғысынан оқыту технологиясын енгізудің жағдайын анықтау:

  • Тірек және магниттік мектептердің білім беру ресурстарының мүмкіндігі;

  • Оқушылардың білім жетістігі;

  • «Тірек және магниттік мектептердің білім беру сапасы» атты әлеуметтік зерттеу (мұғалiмдер мен оқушылар арасында әңгiме өткiзу, сауалнама алу арқылы зерттеудiң алғышарты, оның проблемасы, мақсаты, пәнi, мiндеттерiн нақтылау, білім беру жүйесінің сапасын арттыруға немесе оны тежеуге бағытталған факторларды анықтау).

  1. «Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперимент жұмысының бағдарламасы мен тұжырымдамасын құрастыру.

  2. Тірек мектепті (РО) жаңа жүйеде басқарудың педагогикалық құрылымын жасау.

  3. Тірек мектептің (РО) оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану жүйесін құру.

  4. Тірек мектеп (РО) жағдайында инновацияларды енгізудің педагогикалық шарттарын анықтау.

  5. Педагогтардың инновациялық технологияны қолдану шеберлігін, инновациялық білімін дамыту мен кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігін кеңейту.


























ІІ. Апробация (сынақ) кезеңі (2015-2017 жылдар).


Нәтижесі:

1. Ғылыми-педагогикалық эксперимент жұмысының жобасын тірек мектептің (ресурстық орталық) оқу-тәрбие процесіне енгізу.

2. Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға бағытталған оқу-әдістемелік кешен дайындау және оқушының креативті ойлау қабілетін дамуына қолайлы жағдай туғызатын тиімді оқу-тәрбие қызметтерін ұйымдастыру.

3. Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-тәжірибелік жұмыстарын бұқаралық ақпаратта насихаттау мен оқу-әдістемелік басылымдар шығару.

4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын білім беру үрдісіне енгізу.

5. «Тірек және магниттік мектептер оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру мәселесі» атты дөңгелек үстел өткізу.

6. Педагогтардың кәсіби білімін көтеру, әдістемелік тәжірибесін жетілдіру, жаңашыл әдістерді кеңінен пайдалануға бағыттау.

7. Тірек мектеп (ро) және магнитті мектеп арасында желілік бірізді педагогикалық жүйе қалыптастыру.

8. Тірек мектеп (ро) және магнитті мектеп педагогтарының кәсіби компетенттілігі мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану, оны оқыту үрдісінде жүзеге асыру біліктілігін арттыру.

9. «Тірек мектебі (ресурстік орталықтың) оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру: қазіргі жағдайы, қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізу.

10. Тірек мектебі (РО) оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың озық тәжірибесін зерделеу және жинақтау.

11. Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк ұсыныстар дайындау. Өткiзiлуі тиiс тәжiрибелiк iзденiс жұмысының материалдарын әзiрлеу.

12. Тірек мектеп (ресурстық орталық) оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың тәжірибелік моделін бекіту.

13. Тірек мектебі (ресурстық орталық) оқушыларының сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырудың озық тәжірибесін енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

14. ШЖМ мұғалімдерінің өздігінен білім алуына арналған теориялық материалдар дайындау.

15. «Тірек мектеп (РО) желісіндегі магниттік мектеп оқушыларының кейс-технология арқылы зерттеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы семинар.

16. «Тірек мектеп (ресурстық орталық) және магниттік мектептердің тәрбие кеңістігін қалыптастырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

17. «Мәңгілік ел - еліміздің болашағының бейнесі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізу.












ІІІ. Бақылау кезеңі (2015-2017 жыл).


Нәтижесі:


  1. Оқу-тәрбие процесіне медиа өнімдерін, электрондық оқу бағдарламаларын және электрондық оқу басылымдарын қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар мен әзірлемелер шығару.

  2. Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды нақтылау, жүйелеу.

  3. Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білімділік, тәрбиелік, құзыреттілік, танымдылық іс-әрекеттік деңгейлерінің динамикасын анықтайтын мониторингтік карталар.

  4. Магниттік мектептердің білім мониторингісін жүргізу және талдау, оқу процесін сараптау.






































ІV. Қортындылау кезеңі (2018-2019 жыл).


Нәтижесі:


1. Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында сын тұрғысынан ойлау технологиясын енгізудің тиімділігін анықтау және эксперименттің ғылыми-зерттеу жұмысының болжамының расталуын сараптау.

2. Зерттеу нәтижелері бойынша тірек мектеп (РО) және магнитті мектеп педагогтарына арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру.

3. Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану жолдары туралы педагогикалық түсінік қалыптастыру.

  1. Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыру.

  2. Бәсекеге қабілетті, ойлау ұшқырлығы, интеллектуалды және креативті қабілеттері дамыған оқушы тұлғасын даярлау.

  3. Ғылыми-педагогикалық эксперимент барысында педагог іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыру мүмкіндігін арттыру.

  4. Зерттеу барысында алынған ғылыми нәтижелерді өңдеу, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар даярлау, педагогикалық және бұқаралық баспа беттерінде жариялау.

  5. Зерттеу жұмысын қорытындылау және есеп беру.

Экспериментті жүзеге асырудан күтілетін түпкі нәтиже:


  • Тірек мектептің (ро) оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың оқу-әдістемелік жоспары құрастырылады;

  • Оқушының сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар жүйесі өзгереді;

  • Ойлау ұшқырлығы, интеллектуалды және креативті қабілеттері дамыған оқушы тұлғасы қалыптасады;

  • Оқушының өзінің білім сапасын арттыруға құштарлығы тұрақтанады, өз бетінше шешім қабылдауға қабілеттілігі дамиды, танымдық белсенділігі артады.



© 2010-2022