Бірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинары

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинары

Мектеп басшысының тәлім алушысы,директордың оқу ісінің меңгерушісі, екінші (негізгі) деңгейлік курсының мұғалімі:Бегайдарова А.С.Бірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинары


Қостанай облысы әкімдігі білім бөлімініңБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинары

«Боровской областық санаторлық мектеп интернаты» КММ

«Бірлестік» желілік қоғамдастығының

ұжымдық есеп беру семинары

Семинардың өткізілуі мектеп басшымыз Сейдахметова Гүлмира Есмұханқызының басшыларға арналған педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы ретінде, мектебімізге Астана қаласынан ПШО орталығының тренері-Маняпова Тина Қабылқасымқызы келді.

Семинар «Мектепті дамыту жоспарының орындалуы,эвалюациялау үрдісінің нәтижесі» тақырыбында 2015 жылғы желтоқсанның 23-24 күндері өткізілді.

Семинарда мектепті дамыту жоспарының тақырыбына сай жоспарланған іс-шаралар,ашық сабақтар жаңаша бағытта,7 модульді ықпалдастыра отырғызып, ұйымдастырылды.

Қазіргі өркениетті қоғамдағы білім беру жүйесінің алға қойып отырған басты міндеттердің бірі қоғамдастық жүйені қалыптастырып,жаңаша форматта сабақ өткізіп,оқушылардың жетістіктерін дамыта отырып,оқу сапасын арттыруға ықпал жасау арқылы,жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру.

Семинар аясында мектебіміздің мұғалімдері заманауи,өзгерген ашық сабақтарды ұйымдастырды,оның ішінде деңгейлік курсты өткен мұғалімдер:Абикеев К.Ж., Бахтигариева Н.В,Сухенко Т.В.,Чуев М.В,Жданова О.В.-өздерінің іс-тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдерді сабақтарында қолданып,тамаша сабақтар өткізді. Мектебіміздегі деңгейлік курсты өтпеген,қазіргі таңда тәлім алушы болып жүрген Бегайдарова Г.С мен Байманова Ю.В да қысқа мерзімді жоспар құрып,бағалау критерийлерін жасап,өте керемет,жоғары деңгейдегі сабақтарын қатысушыларға көрсете білді.

Тәлім алушылардың жаңа әдіс-тәсілдерді осылай жақсы меңгерулері оларға тәлімгерлердің көмегі, коучинг сабақтардың нәтижесі,өз беттерінше ізденулері, жас мамандар болса да өзгерістерді түсініп, қабылдағандарын көруге болады.

Осылайша жаңаша өзгеріс жасап жатқан мектебіміздегі іс-шараларды ПШО орталығынан келген тренер Маняпова Т.К және Глазунов орта мектебінен

Рағат ҚК, Қаратал орта мектебінің директоры Садуов А.Қ,ауданымыздағы Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектеп директоры Утеулина Н.Ж. өзінің деңгейлік курсты өткен мұғалімдерін: Зайрбаева Б.К,Файзирова А.Б,Ражанова А.Қ,Қиялов А.М. ала келді. А.Чутаев атындағы орта мектептен Балабаева Р.А. Бекушев Т.Е. Первомай орта мектебінен Казачук Ю.Д. өткізілген семинарға қатысып,өздерінің жақсы пікірлерін білдіріп кетті.

Семинарды өткізген мектебіміздің бірінші деңгейлі мұғалімі-Мажула Ж.К біздің мектептің даму кезеңін қоғамдастық аясында көрсете білді.

Осы семинар нәтижесінде оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс істеуі, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге бейімділігі, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алатындығы, өзіне-өзі баға беретіндігі, сыныптастарын әділ бағалай білетіндіктері, бір-бірін тыңдай алатындығы, тақырыпты талдауы, салыстыра білулері, сабақты қорытындылауға белсенді қатысатындығы арқылы семинарды өткізген ұстаздар қауымы сабақ берудің жаңаша идеяларын өз тәжірибесіне енгізе отырып,тағы да бір қадам алға көтеруге септігін тигізді деп ойлаймын. Қатысушылар өздеріне қажет болады деген ақпараттарды түртіп алып, өз тәжірибесін дамытуға қолданатындығы сөзсіз. Кез келген бірігіп істеген іс білімге деген құштарлықты шыңдайды. Осы семинар соңында қатысушылар рефлексиясынан ауданымызда әлі де болса осындай іс-шаралар жиі болып тұрса нұр-үстіне нұр болар еді деген ұсыныстары қуантарлық жайт. Енді ары қарай мектебіміздің білім сапасын көтеру мақсатында жоспарланған іс-шаралар жалғасын табады.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін ары қарай дамыту,білім алушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру,білімге,өмірге деген сауаттылығын дамыту болып табылады. Жалпы осы аталған семинар бағдарламасының тақырыбы мектептің даму жоспарының орындалуына, эвалюация кезеңінің үрдісінің қалай жүзеге асып жатқандығын көрсету болатын, біз оны толықтай жүзеге асырып,көрсете алдық деп ойлаймын.Мектептегі даму жоспарымыз бір жүйеде,сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болса екен деген тілек бар еді.

Бірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинарыБірлестік шығармашылық тобының есеп беру семинары

© 2010-2022