Баяндама: Бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру

Мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық,тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасызету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.  Бейінді оқыту: білімалушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жәнедаралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалықкурстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курсоқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік курс: тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытынайқындайтын оқу пәні. Элективті курстары: мазмұны білім алушылардың танымдыққызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдаукурстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды. А.Ю.Скопинаның бейінді оқытуды ұйымдастыру моделі бойынша бейінді оқыту екі құрылымнан тұруы керек: 1. Оқу курстарының қысқаша сипаттамалары, бұл бағдарламаны меңгеру үшін дайындықсипаты мен бағдарламаны меңгеру нәтижесінің талаптары берілген бейінді оқыту бағдарламасы. 2. Бағдарламаны меңгеру траекториясынан - «оқу курстарын оқыту ретін, орнын, оқытуәдістемесі мен оқыту нәтижесін көрсетеді» Бейіндік оқыту тұлғалық бағдарлы дамытуға жағдай жасап, оқу жоспарының екі
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің

Мақсаты - бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық,тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасызету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Бейінді оқыту: білімалушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жәнедаралау үдерісі, білім беру үдерісін ұйымдастыру. Оқытуды саралау және даралау базалықкурстар, бейіндік курстар, элективті курстар арқылы жүзеге асырылады. Базалық курсоқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер. Бейіндік курс: тереңдетіліп

оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытынайқындайтын оқу пәні. Элективті курстары: мазмұны білім алушылардың танымдыққызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары. Таңдаукурстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды. А.Ю.Скопинаның бейінді

оқытуды ұйымдастыру моделі бойынша бейінді оқыту екі құрылымнан тұруы керек:

1. Оқу курстарының қысқаша сипаттамалары, бұл бағдарламаны меңгеру үшін дайындықсипаты мен бағдарламаны меңгеру нәтижесінің талаптары берілген бейінді оқыту бағдарламасы.

2. Бағдарламаны меңгеру траекториясынан - «оқу курстарын оқыту ретін, орнын, оқытуәдістемесі мен оқыту нәтижесін көрсетеді»

Бейіндік оқыту тұлғалық бағдарлы дамытуға жағдай жасап, оқу жоспарының екі

құрылымымен сипатталады: мектеп және оқушы компоненттері. Мектеп компоненті таңдалғанбейінге сәйкес министрліктің дайындаған міндетті базалық және бейіндік пәндерден тұрады.Оқушы компоненті элективті курстардан тұрады. Әр оқушы екі жыл ішінде алты элективті курстаңдап, меңгеруі керек. Базалық, бейіндік, элективті курстардың үйлесімді ұйымдастырылуыбейінді оқыту мақсаттарына жетуін, және келесі принциптердің жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

1) аймақтық принципі мектеп түлегінің еңбек нарығы негізінде жергілікті оқу орындарын

таңдаудағы ерекшеліктерімен сипатталады;

2) вариативтілік принципі мектеп бітірушісіне ұсынылатын бейіндер мен оқу курстарының

жеткілікті мөлшерде болуы;

3) даралық принципі жоғары сынып оқушысының кез-келген этапта бейінін ауыстыруға,

өмірлік мақсаты мен кәсіптік жоспарларына сай, жеке мүмкіндігі мен қабілетіне қарай бейінтаңдаудағы еркіндігінің болуы;

4) өнімділік принципі бейіндік мектепте оқушының оқу әрекетіне жоба әрекетін енгізуарқылы оқу өнімділігін жетілдіру;

5) түсініктілік принципі бейінді оқыту мазмұнының негізгі ұғымдардан басталып, оқушыныңтанымдық әрекеті барысында толықтырылыуымен байланысты

Бейінді оқыту тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспары келесі талаптарға сай болуыкерек:

1. Вариативтілік - жоспарда элективті курстары көп мөлшерде болуы керек, оқушылардыңбілімдік сұраныстарын қанағаттандырып, жеке жоспар құру мүмкіндігінің болуы.

2. Жүзеге асырылатындығы - жоспарды жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың:

бағдарламалық-әдістемелік, кадрлардың дайындығы, мектептің материалды-техникалық базасыт.б. болуы.

3. Икемділігі - вариативтілікке сай жоспардың мазмұнын қайта құру, өзгерту мүмкіндігі.

Бейінді оқытудағы икемділік С.В.Суматохин пікірінше, оқу пәндерінің түрлі үйлесімділіктерінқұру арқылы жүзеге асады

Бейіндік оқыту принциптері мен талаптарын жүзеге асыру үшін, білімнің дамыту

потенциалын арттыру үшін жоғары мектеп сатысында элективті курстар қосылады. П.С Лернерпікірінше, элективті курстар бейіндік саралауға арналған және бір бейінді толықтыратынфакультатив курстары немесе таңдау курстары А.А. Кузнецов пікірінше, элективті курстарпрактикалық міндеттерді шешумен байланысты іс-әрекеттердің тәсілдері мен біліктерідіқалыптастыруға бағытталған, әлемнің біртұтас бейнесі туралы бұрын алған білімдерін

интеграциялайтын қосымша білім алуы, жеке өмірлік басымдылықтары мен қызығушылықтарынақарай еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған білімдік нәтижелермен қаруландыруғаарналған

Элективті курстарын жалпы орта және кәсіптік оқу орындарындары жүйесінде оқу-тәрбиеүдерісінде білім мазмұнын жүзеге асыру құралының құрылымдық бірлігі ретінде деқарастырылған

Элективті курстарды біртұтас дидактикалық бірлік ретінде алғанымен біз мақсаттықбағдары тұлғалық дамыту мен оқушының кәсіптік өзін-өзі анықтауға арналған мектептік білімберудегі вариативті компонент ретінде қарастырамыз. В.В.Краевскийдің оқу пәні туралызерттеулеріне сүйеніп, оқу пәні бейіндік оқытудың бір сатысы ретінде қазіргі ғылымныңинтегративті, тереңдетілген бағыттарын анық көрсететінін атап өтуге болады Элективті курстың

мазмұнын қалыптастырушы сол ғылыми білімнің сәйкес саласы. Оқу пәнінің когнитивті моделінқұрылымдау В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин пікірінше, білім мақсатымен білім алушының мүмкіндігіне қарай нақты білім беру деңгейінде меңгерілетін жекеғылымның материалын таңдау. Білім мазмұнының алғашқы анықтамаларында оны ғылымнегіздерін педагогикалық бейімделген негізі ретінде қарастырады. 3. А. Решетова пікірінше, оқу

пәнінің мазмұны қарапайым формада болса да ғылым логикасына сай тарихи, әдіснамалық,логикалық аспектілерін қамтиды. Сонымен бірге, оқу пәніндегі ғылым пән туралы білім ретіндеғана емес, ғылыми ойлау тәсілдерін көрсететін танымдық әрекетін ұйымдастыру ретінде де қаралукерек. В. В. Краевский бұл тұжырымдаманың оқушыларды ғылым мен өндіріске тартып қанақоймай, тұлғаның жеке шығармашылықтары мен таңдау еркіндігін жүзеге асырып, адамдарға әділқарым-қатынасы сияқты сапаларының тыс қалмауына бағыттайтынын көрсетеді Келесіпедагогтар тобы В.С.Леднев, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин көзқарасы бойынша, оқу пәні ғылымдыдәл көшірмеуі керек, оның басқа мақсаттары мен міндеттері болғандықтан арнайы құрылуы керек.

Ғылымның материалын оқыту мақсаттарына сай таңдау қажет. Оқу пәніәлеуметтік тәжірибеніңпедагогикалық моделі болуы үшін келесі деңгейлерден тұруы керек:

• жалпы теориялық деңгейі. Білім мазмұны мәдениетпен теңдес берілетін әлеуметтіктәжірибенің құрамы, құрылымы мен функцияларының көрінісі педагогикалық трактат ретіндекөрініс тапқан. Мәдениеттану тұжырымдамасына сәйкес мазмұн әлеуметтік тәжірибе сияқты төрт

негізгі құрылымдық элементтен тұрады: танымдық әрекет тәжірибесі оның нақты нәтижесі -білім; белгілі әрекеттерді жүзеге асыру тәжірибесі формасы үлгіге қарап орындау білігі;шығармашылық әрекет тәжірибесі - формасы проблемалық ситуацияларда стандарттан тысшешім қабылдау; эмоциялық - құндылық қарым-қатынас тәжірибесі - формасы жеке тұлғалық

бағдары. Бұл элементтер оқу пәнінің мазұнының құрылымын түзіп, бір-бірімен байланыстыалдыңғы элемент келесіге ауысуға алғышарт жасайды;

• оқу пәннің деңгейінде оқу процесі барысында меңгерілу керек әлеуметтік тәжірибебөлімдері белгіленген;

• оқу материалының деңгейінде 2-деңгейдегі әр нақты пән 1-деңгейде көрсетілген мазмұнқұрамымен толықтырылады;

• оқыту процесі деңгейінде білім мазмұны жобада емес, оқытудың практикалық әрекетінденақты жүзеге асады;

• білім алушы тұлғаның құрылымдық деңгейінде, мазмұн оқытудың соңғы нәтижесі ретіндеқаралады Философтар мен психологтар (В. В. Давыдов, Э. Г. Юдин), ұсынған үшінші көзқарас ғылыммен оқу пәнінің арасындағы байланысы - олардың функциялары мен міндеттерінің әртүрліекендігін көрсетеді. Оқу пәнінің мазмұны ғылымның әртүрлі функционалды бірліктері болуы

мүмкін, бірақ оқу пәніне іс-әрекет арқылы ғана енуі керек. Іс-әрекет ғылым мен оқу пәнінбайланыстырады. Ал материалды өңдеу ғылым фрагменттерін таңдау емес, оқушыны ғылымғаендіруді жасақтау - ұғымдар, теориялар, заңдардың артында тұрған сол ғылымның обьектінеарнайы келуіне әкелетін пәндік әрекетін ашу болып табылады

Бейінді мектептегі элективті курстар оқу пәнін құрылымдаудың түрлі бағыттарынан көрінуімүмкін, біздің көзқарасымыз бойынша көп жағдайда олардың функциясына байланысты.

Элективті курстардың функционалды типологиясын анықтаудағы авторлардың (С. Ю. Астанина,Д. С. Ермаков, А. А. Кузнецов, П. С. Лернер, Г. К. Митрофанов, В. А. Орлов, К. Н. Поливанова, Т.В. Черникова) еңбектеріне қарап жалпы бағыттарының: базалық пәнді толықтыру кейдетереңдету, бейіндік пәнді тереңдету, оқушылардың танымдық қызығушылықтарынқанағаттандыруға, практикалығы болатындығын байқаймыз. Т.В. Черникованың зерттеулерінен,

бейінді оқытудағы элективті курстардың жоғары сынып оқушыларына ұнауы үшін: «фактіліматериал таныс болып өмірмен байланысты болып, алынған білімнің прагматикалық бағыттаболуы керек. Проблемалық материал біржақты қарастырылмай ғылыми интрига сипатында болса,бұрын белгісіз материалды талдау оқушының жалпы мәдениетін арттырып, ресми қарым-қатынас

дағдысын қалыптырса. ЖОО оқуға білімдік бағдар материалдың күрделілігінде емес, жұмысформаларының (семинар, коллоквиум, реферат; сынақ, жоба) түрлендіруімен де жүргуге болады.

Сабақтағы оқушылардың орындайтын жұмыстары түрлі деңгейдегітапсырмаларымен анықталады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден бейінді оқытудың мақсаттары мен принциптерінжүзеге асыруда элективті курстардың орнының ерекшелігі, пәндік сипаттары анықталды.



© 2010-2022