Озат тәжірибе көпке ортақ

Раздел Завучу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Озат тәжірибе - көпке ортақ


Дүниеде түрлі мамандықтар бар.Адам баласының өмір сүруіне барлық мамандық иелерінің маңызы ерекше. Соның ішінде шыр етіп дүниеге келген соң өз орнын табуда алатын орны бар мамандықтың бірі - ұстаздық ету. Ұстаз - ғалымды да , ел басқарар дананы да , дәрігер мен инжинерді де білім нәрімен сусындатып , түн ұйқысын төрт бөліп, уақытпен санаспай жүріп тұлға етіп тәрбиелейді. «Ұстаз өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған » деген ұлағатты сөз тегіннен айтылмаса керек.

Осы орайда , өзім еңбек етіп жүрген Екіаша орта мектебі ұжымының жемісті де қажырлы еңбектері туралы сөз еткенді жөн көрдім. Биылғы оқу жылының І жарты жылын талмай еңбектену мен шығармашылық табыстармен аяқтағанымыздың дәлелі ретінде 6 - қаңтар күні «Іс тәжірибе - көпке ортақ » атты тәжірибе алмасу мен есеп беру шығармашылық көрмесі болды. Көрме барысында әдістемелік бірлестік мүшелері І жарты жылдықтағы істелінген әдістемелік жұмыстарына сараптама жасай келіп, жеткен жетістіктеріне тоқталды.Слайдтар, фотосуреттер, киноленталар жасау арқылы қорғап шықты.Толық жасалынған жұмыстар мен білім сапалары бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері есеп берді. Ұстаздар оқушыларға тек сапалы білім беріп қана қоймай,

тәжірибе алмасу мақсатында республикалық ғылыми- әдістемелік, облыстық , аудандық баспа беттеріндегі жарық көрген мақала , сабақ жоспарларын жариялап келеді. Кейінгі оқу жылдарының өзінде 15 мұғалімнің жұмысы баспа бетінде жарық көрген.

Заман талабына сай ақпаратты технология құралдарын кеңінен қолданып жүрген математика, информатика, физика және бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жұмысына ерекше баға беруге болады. Оқушыларға жан- жақты білім берумен қатар, халықтық педагогика саласы бойынша ұлттық дүниетанымын оятуда қазақ тілі ,орыс тілі , шет тілдері мен тарих әдістемелік бірлестігінің жұмысы жүйелілігімен ерекшеленді. Салауатты өмір салтын насихаттауда және әсемдік әлеміне тәрбиелеуде дене тәрбиесі, технология, музыка , АӘД, бейнелеу өнері мен химия, география, биология әдістемелік бірлестіктері аянбай еңбектеніп , оқушылармен өткізген турнирлер, кездесулер, отбасылық жарыстар, тренинг сабақтарының нәтижесі де жоғары деңгейде болғанының куәсі болдық.. «Шынықсаң шымыр боларсың » деп мектеп атын абыроймен қорғап жүрген жас спортшыларымызда баршылық..Олар бағындырған республикалық , облыстық , аудандық жеңіс шыңдары да аз емес екен.

«Туған жерге - туыңды тік» демей ме атам қазақ . Ендеше , осы мектеп ұжымының тең жартысы Екіаша орта мектебін бітіріп, туған ауылына, туған мектебіне келіп, ұстаз болу бақытын тапқан жандар.Ұстаздық сара жолда туған жер топырағы оларға қажымас қайрат, талмас қанат берері сөзсіз.


Рымбаева Заурехан

© 2010-2022