Мектепішілік бақылауЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық технология көтеру.Мектепішілік бақылау мектеп проблемасы боынша жұмыстанатын ең басты жоспарлау шарасы болып есептелінеді.Сондықтанда мектептің көкейтесті проблемасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемді ұсынуды жөн көріп отырмын. Мектеп жұмысын жоспарлаған кезде ең алдымен өткен оқу жылының талдауы негізінде нені, қашан,қалай өткізу керектігін  жоспарлап,жүзеге асыру шараларын уақытымен өткізіп, нәтиже шығарылса,мектептің білім сапасы көтеріліп,алға қ...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Директордың оқу ісі орынбасары

Дуйсенова Гульнар Аманжоловна

Мектепішілік бақылау

Бақылау обьектісі

  • Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық технология арқылы көтеру

  • Проблемаға негіз болған факторлар:

2012-2013 оқу жылының қорытынды талдамасы .

Мектептің әдістемелік тақырыбының мақсатын орындау

Мұғалімдердің компьютермен жұмыс жасау дағдылары мен ақпараттық технологияны тиісті деңгейде қолданбауы .

Пән мұғалімдері мен ақпарат беру қызмет мамандарымен психологиялық кедергінің болуы .

  • Бақылау кезеңдері

  • 1. Дайындық: Мақсат қою; Нысананы белгілеу;

Уақытын белгілеу; Әдебиеттермен танысу; Жұмыс жоспарын жасау.

  • 2. Практикалық: Ақпарат жинау; Бақылау; Пікірлесу; Тест өткізу; Сауалнама өткізу; Құжаттармен танысу; Сабаққа қатысу.

  • 3. Аналитикалық:

Ақпараттарды жүйелеу; Талдау; Қорытынды шығару; Болжау; Ұсыныс беру.

Кім тексереді? Мектеп директоры.Оқу ісі орынбасары.Тәрбие ісі орынбасары

Информатика пәні мұғалімі.Қосымша білім беру педагогі.Психолог.

  • Бақылау мақсаты - Мұғалімдер мен тәрбиешілердің ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мұғалімдердің технологиясын анықтау және ақпараттық технологияны қолдануды жетілдіру, білімдерін кеңейту.

  • Күтілетін нәтиже: Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру . Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру. Білім алуға қол жеткізудегі теңсіздікті азайту. АКТ арқылы білім беру ұйымдарын басқару, мониторингілеу, талдау,бірыңғай орталықтандырылған

статистикалық деректер базасы. Оқушылардың оқу материалдарын меңгеруін жақсарту. Мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін арттыру.

  • Мектептің кеңжолақты интернетпен локальды желісімен қамтамасыз ету .Электронды жоспарлау, журналдар,кітапханалар.Барлық оқушылар мен оқытушылардың әлемдік білім ресурстарына қолжетімділігі .Автоматтандырылған басқару жүйесі, алғашқы статистиканы жинақтау .

  • Мектепішілік бақылау тәсілдері - Жоспарлы тексеру

  • Бақылау түрі- жалпы-тақырыптық

  • Уақыты: Қазанның 20-30 аралығы

  • Бақылау әдістері- диагностика ,-сауалнама,-сабаққа қатысу,-құжаттарды зерттеу

  • - әңгімелесу,-талдау,- мониторингтік байқау

  • Қаралатын жері: Директор жанындағы кеңес (қараша ,2011 жыл)

  • Бақылау мазмұны: Мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік тақырыбымен жұмыстануы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің сабақтарына және сыныптан тыс шараларына қатысу,жеке құжаттарын, портфолиоларын тексеру,диагностика , сауалнама және мониторинг жүргізу, талдау, қорытынды шығару.

  • Мектептің ақпараттық орталығы : Мұғалімдердің біліктіліктерін

қашықтықтан оқыту . Білім алуға қол жеткізудегі теңсіздікті азайту. АКТ электрондық есептеуші техникамен қамту Электрондық оқыту жүйесін құру

АКТ сабақта қолдануды кеңейту Интернет желісімен электрондық почта жұмысымен қамту Мектеп бағдарламасы бойынша пәндік мультимедия қолдану

Педагог кадрлардың ақпараттық біліктіліктерін арттыру

  • Мұғалімдердің кәсіби қызметінің диагностикасы 14 деңгей бойынша жүргізілді .

Ең үздік бестік анықталды.

  • Диагностика нәтижесі

Жалпы диагностика келесі нәтижені көрсетеді

Мұғалімдер келесі салалар бойынша жұмыста қиналады

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі, педагогика мен психологияны білуі, оқытудың әдісі мен технологияларын білуі

Диагностика жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін жүргізуде келесі психологиялық кедергі белгіленді:

өз-өзін төмен бағалау;

өз жұмысының нәтижесін дұрыс талдамау және жүйелей білмеу;

жаңалықтан қорқу.

  • Осы диагностика негізінде келесі жұмыс бағыттарын анықтап, жұмыс жүргізілуде

  • Мектепте мұғалімдердің білімін жетілдіру жұмысының негізгі бағыттары:

Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру бағытындағы әр ұстаздың жеке жұмысы;

жеке өсу тренигтер өткізу арқылы педагогикалық проблемалар шешу;

мұғалімдер шығармашылық топтар жұмысы арқылы әлеуметтік қарым-қатынас;

аттестация.

  • Бағалаудан шыққан тұжырым

жаңа үлгідегі ақпараттық технологияларды енгізу үшін мектепте 1 мультимедия / интерактивті тақта, проектор, 17 компьютер /,1 информатика /5 компьютер/, 1 биология / интерактивті тақта, проектор, компьютер /, 1 физика / проектор, компьютер/, 1 химия / компьютері/, 1 өзін-өзі тану / компьютері/ кабинеттері бар;

мектептің ақпаратық техникалық базасының деңгейінің төмендігі;

жаңа үлгідегі интерактивті тақтаның жоқтығы;

пәндердің электрондық оқулықпен қамтылу тиісті деңгейде емес;

он-лайн режимінің, интернет желісінің жылдамдығының төмендігі.

  • Мұғалімдердің және тәрбиешілердің ақпараттық технологияны қолдану деңгейінің диаграммасы
    жоғары-0,орта-73,төмен-17,қолданбайды-17пайыз.

  • Караев-10,дамыта оқыту-12,5,тірек сигналдары-7,5,ақпараттық технология-77,5,СТО-50,Вассерман-2,5,модульдік -5 пайыз.

  • Кемшілік

  • Мектептегі жаңа үлгідегі кабинеттердің интерактивті тақтасының қызметін толыққанды істемейді;

  • Компьютердің процессорлары ескірген;

  • Электрондық оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеген;

  • Он-лайн режимінің, интернет желісінің жылдамдығы төмен;

  • Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды қолданылуы жағынан интерактивті тақтаның қызметін қолдануы төмен;

  • Сауалнама мен диагностикалық қорытындысы бойынша ақпараттық технологияны қолдану деңгейіне қарай жоғары деңгейде қолданатын мұғалім жоқ, орта деңгейде қолданатыны 73% болса, 10% төмен деңгейде, 17% қолдана алмайтын анықталды;

  • Жаңа ақпарттық технологияларды қолдануға байланысты өткізілген диагностика негізінде 77,5 % ақпараттық технологияны қолданатыны анықталғанмен, жоғары деңгейде қолданатын мұғалім жоқ екені анықталды;

  • Кейбір мұғалімдердің пән бойынша электрондық слайдтары жинақталмаған.

Қорытынды

  • Шешім шығару

  • Мектептегі жаңа үлгідегі кабинеттердің интерактивті тақтасын жөндеу немесе жаңа үлгідегі тақтамен қамтамасыз етуге сұраныс жасалсын;

  • Алдағы жоспарға әр кабинетке біртіндеп интерактивтік тақтаға сұраныс жасалсын;

  • Кабинеттегі компьютерлерді жаңа үлгіге ауыстырылсын;

  • Пән бойынша электрондық оқулықтармен толық қамтамасыз етуге байланысты сұраныс жасалсын;

  • Он-лайн режимінің, интернет желісінің жылдамдығын жақсарту мақсатында аудандық телекоммуникациялық бастығына сұраныс берілсін;

  • Мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеруіне байланысты әдістемелік семинарды өткізуге аудандық білім бөліміне сұраныс жасалсын;

  • «Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбына әдістемелік семинар - практикум өткізу;

  • АКТ-ны меңгеруге байланысты білім жетілдіру курстарына жіберу.


  • Бұйрық шығару

Шешімнің орындалуын жүктеу.

Шешімнің орындалу уақытын белгілеу








© 2010-2022