Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Раздел Завучу
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітілді: ________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп Қаракөл орта мектебі

Күні: 16.02.2016 жыл

Тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсы көру, шынайылық, махаббат

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 10а , 10ә

Оқушы саны 10 ,13

Мақсаты:

махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

-ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

-сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. 5Т

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Үй тапсырмасын тексеру

Г.Сайынқызы

«Күн ұрланған күн»

  • Егер Күнайдың орнында болсаңыз не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба?

  • Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсың?

  • Нәзік сезім дегенді қалай түсінесің?

  • Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?

Дәйексөз.

Нағыз махаббат қысқа ғұмырыңды ұзартады.

Қожа Ахмет Йассауи

Мұғалім сыйы

Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі. Махаббат сөзінің кең мағынасы

Жалпы махаббат деген сөздің мағынасы кең. Махаббат деген сүйіспеншілік, ынтызарлық, ғашықтық деген сөздердің баламасы ретінде айтыла береді.

Мұқағали Мақатаев

О, махаббат!

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!

Мен сені ұмытқанмын

Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,

Суып қаным,

Жинағам құрып хәлім.

Құлаған отауымның уықтарын,

Содан бері мен сені ұмытқанмын.

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Тірі болсаң, мен де енді тірілемін

Ақ періште алдына жүгінемін,

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

  • Сезімдік махаббат - сұлулыққа сұқтанатын махабаттың төменгі сатысы,

  • рухани махаббат - адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады.

Адамзатты аялаған ақ арман.
Барлық ғалам махаббаттан жаралған,
Өмір өзен сан тарапқа ақса да
Жақсылықтан шуақ алып нәр алған.
Махаббаттың тоймай iшiп дәмiне,
Адамзаттың талмай айтар әнi ме?
Өзiңдi де,өзгенi де сүйе алсаң
Жете аларсың Махаббаттың мәнiне

Шығармашылық жұмыс

Ауызша жұмыс оқулықтағы суретті шығармаларға қарап, қандай нәзік сезім иірімдерін байқағаны сұралады

Топпен ән айту.

«Гүлдәурен»

Сөзі мен әнін жазған М. Шаханов

Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.

Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.

Елес беріп келешегің,
Қимасына баладың ба?
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңда?

Қайырмасы.

Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады дала күткен.

Қайырмасы

Үй тапсырмасы.

С.Мұратбеков мәтінін оқуға

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Бекітілді: ________ оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп Қаракөл орта мектебі

Күні: 23.02.2016 жыл

Тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсы көру, шынайылық, махаббат

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 10а , 10ә

Оқушы саны 10 ,13

Мақсаты:

махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

-ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

-сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. 5Т

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

Үй тапсырмасын тексеру

С.Мұратбеков мәтінін оқуға

Сатайдың әрекетін қалай бағалайсыз?

Егер танысыңыз сәзді ұнататынын еш бүкпесіз айтса, қалай қабылдар едіңіз?

Ұялу қандай адамдарға тән қасиет деп ойлайсыз?

Дәйексөз.

Махаббатсыз дүние бос -

Хайуанға оны қосыңдар.

Абай Құнанбаев

Мұғалім сыйы

Суфизмдегі құдайға деген махаббат

Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен иудаизмдегі сияқты исламда да құдайда жыныстық айырмашылық жоқ, мұнда құдай көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты құдайды анықтау үшін құдайдың өзіндік ерекшелігі мен мәні деген сөздер қолданылады. Араб тілінде ол формасы жағынан еркектік сипатта, ал грамматикасы жағынан әйелдік сипатта. Құдайдың ең басты мәні - ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат тақырыбы жан жақты қамтылған, Жартылай ортодоксальды құдай ілімінде Мұхаммед пайғамбардың сөздері бар, онда ол Құдай туралы былай деген: "Мен құпия болатынмын, және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені тудырдым" - деді. Жалпы, құдайды танушылар Құдайды танудың элементтеріне назар аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, реттеп тұратын күш дейді. Құдай да бүкіл әлем мен дүниені махаббатты сияқты жаратты, дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, ата ананың балаға деген махаббаты - бұлардың барлығы өмірге мән мен мағына беріп тұратын осындай махаббаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өмірде махаббаттың алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. Сондықтан, әсемдік пен сұлулықты жақсы көріп сүйіп, оған деген махаббатымыз оянады. Мұхаммед пайғамбардың - суфийлер соңына дейін дәледеп берген мынадай сөздері бар: "Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді". Құдай дегеніміз бұл сұлулық. Сондықтан суфизмнің лирикасының барлығы Құдаға деген қатынасты махаббат арқылы жеткізуге негізделген, және мұндай махаббат кейде тіпті сезімдік образдарда көрініс беретіндігі соншалықты, мұнда мәселе физикалық эротика ма әлде рухани эротология жөнінде болып отырғандығын айыру өте қиын.

Суфийлік мистиканың тудырған махаббат жөніндегі өлеңдеріндегі обьектіге келсек, мұнда белгісіз бір сұлу бозбала жөнінде айтылып тұрғандай. Мынадай аңыз бар көрінеді: «Мұхаммед пайғамбар Құдайды сақалсыз, өте жас әрі сұлу бозбала образында өзінің әуеге саяхатында» - көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол өзінің сұлулығын құпия ұстамаса, онда әлем жанып кетуші еді. Ол өзіне тән сұлулығын көрсетпейді, сондықтан бұл Құдайды барлық жерден іздестіруге деген мистиктердің құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні ол - адам. Адам Атаның өзі Құдайдың айнасы, ол Хауа Анадан құдіреттің сұлулығының бейнесін көрген. Адам бұл дүниеден Құдайды көре алмайды, оның кейпін көру мүмкіндігі жоқ. Егер де Құдай өзінің кейпін ашса, онда оны көргендердің назары оның жарығынан өртеніп кетер еді. Бірақ оны тек пайғамбар ғана көріп қойған жоқ, сонымен бірге мистиктер де өңдерінде көрген Құдайдың көріністері жөнінде, көрген түстері жөнінде жиі жиі айтып жүреді. Мысалы, Хәкім Тирмізінің мәлімдеуінше ол түсінде Құдайды 1001 рет көріпті. Құдайдың образы мен кейпі жөнінде ешкім дәл айтып жатпаса да, Құдай адамзатқа кез келген формада көрінеді екен. Мұндай ілімдер мистиктер үшін өте пайдалы болатын, өйткені олар Құдайды сұлу әрі жас ер адам ретінде қабылдады. Жалпы Құдай жасампаздық әрекетіне қатыспайды, бірақ онда ол айнадағыдай болады.

Махаббаттағы келесі саты - бұл ғашық адамның атрибуттарының жоғалып кетуі, ал оның орнына ғашығының атрибуттарының пайда болуы. Махаббат дегеніміз өзінің атрибуттарымен бірге ғашық адамның өз өзін ұмытып, ал өзінің сүйікті адамының толығымен патшалық құруын білдіреді.

Суфийдің құдайға деген махаббаты алуан түрлі махаббат қатынастарында көрініс табады. Мысалы, екі классикалық жұптарды алсақ, бірі бұл - Ләйлә және Мәжнүн - бұлар суфизмнің өте маңызды сюжеттерінің бірі болып табылады. Ләйләға деген махаббаттан басы айналған Мәжнүннің махаббаты мынадай жағдаймен бітеді: Мәжнүн өзінің махаббатының обьектісін көруді қаламайды, өйткені Ләйлә оның жүрегінде, Мәжнүнге осының өзі жетіп жатыр. Және бұл махаббат Құдайға деген махаббаттың ең жоғарғы түрі ретінде сипатталады. Мұндай махаббатта сезімділік пен қоса асқақтық та кездеседі, бірақ бұл махаббат сезімдік махаббат ретінде жүзеге асырылмаған махаббат болып есептеледі.

Дүниедегі әрбір сұлулық пен әсемдік Құдайдың сұлулығы мен әсемдігін білдіретіндей.

VIII ғасырдағы Суфизмнің алғашқы негізін қалаушылардың арасында әйел де болатын, оның есімі Рәбия. Ол күң және биші болатын. Мұсылман мәдениетінде Құдай бізді жақсы көреді, Құдайдың махаббаты барлығымызға жетеді деген түсінік бар. Бірақ та Құдайдың адамға деген қатынасын алып қарасақ, махаббат терминдерінде сөз етуге болмайтын. Суфизм ілімінде Рәбия бірінші болып Құдайдың адаммен арасындағы қатынасын құлы мен Құдайы арасындағы қатынас ретінде емес, құдай мен оны сүюші арасындағы қатынасты қалыптастырды. Рәбия былай деп жазады: "О Құдайым, егер де мен саған ұжмақтан орын берсін деген оймен жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені ондай ұжмақтан айыра бер, өйткені бұл жалбарыну тек саудагерлердің ісі» - дейді. «Құдайым егер де мен сенің тозағыңнан қорқып, саған жалбарынады деп ойлайтын болсаң, онда мені сол тозағыңа жібере бер, өйткені бұл жалбарыну тек құлдардың ісі» - дейді. Құдайым, сен көркем әрі сұлу болғандықтан, мен саған жалбарынып, мен сені жақсы көремін, дейді Рәбия. Егер де бұл осылай болса, онда мені сені кездестіру мүмкіндігінен айыра көрме дейді. Нақ осындай мотив суфизм ілімінің нормасына айналды.

Шығармашылық жұмыс

Жүрек кімді қаласа - сол сұлу эссе жазу

Топпен ән айту.

«Гүлдәурен»

Сөзі мен әнін жазған М. Шаханов

Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.

Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.

Елес беріп келешегің,
Қимасына баладың ба?
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңда?

Қайырмасы.

Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады дала күткен.

Қайырмасы

Үй тапсырмасы.

«Отаныңа қызмет ет!»

К.Мырзабеков

© 2010-2022