Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп

Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жунусбаева Марал Турмысовна Астана қаласы, ФМН НЗМ

География пәні мұғалімі 2014-2015 оқу жылы

3 деңгей, С есебі


Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс

жайлы рефлексивтік есеп

Оқу жүйесінде заман талабына сай білім беру ісіне деген көзқарастың өзгеруіне байланысты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіріп, оқыту үрдісінде жаңа әдістерді қолданудың қажеттілігі туындап отыр. Бұл әдістер мұғалімнің өздігінен дамуына, өздігінен жетілуіне байланысты өзін кәсіби тұрғыда дамыту, ізгілендіру бағытындағы жұмыстар. Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, мұғалімнің бағыттаушы ретінде, көшбасшылық жасауы, тұлғаның бойындағы қасиеттерін зерттеп, жетістіктерге жетуі және нәтижесіне оқушының өзіне қажетті біліммен қарулануын көздейді. Оқушыларды өз түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкестендіретін белсенді білім алушылар дейтін болсақ, құзырлы мұғалімнің алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемелер қойылып отырғандығы белгілі дүние, олай болса, құзырлы оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі және оны бағалай алуы. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9б)

Жаңа білім беру жүйесі тұлғаны дамытуды, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды, сонымен қатар жаңа заманның талаптары негізінде қажет мәліметтерді өз бетімен таба алу біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуді қарастырады. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде тиімді оқытуға бағытталған болуы тиіс. Үшінші базалық деңгей бағдарламасы осының барлығын зерделейтін және белсенді әдіс-тәсілдерді меңгеруге көмектесетін басты бағдарлама. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім (Strong,­Ward­&­Grant,­2011),(МАН, б4) десек, оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуға арналған мұғалім еңбегі оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпалын тигізеді, сондықтан қазіргі заман талабына сай мұғалімнің еңбегі дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стильден арылып, сындарлы оқытудың, яғни оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін өмірдің кез-келген жағдайында тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Мұғалімнің қызметіндегі маңызды дүние жекеленген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, олардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттілігін ұғыну, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.(МАН, 6 б)

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль түрінде берілген:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

  4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану.

  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу.

  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Үшінші базалық деңгей курсының алғашқы бетпе-бет кезеңін өткеннен соң, өз тәжірибемде көптеген тың идеялар алдым, біріншіден, жеті модульдің өзара бір-бірімен байланысы және жүйелілігі туралы, яғни әрбір модулді жекелей емес, біртұтас қарастыруды үйрендім, екіншіден, осы жеті модулді оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізетін болсам аз уақытта күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болатындығына көзім жетті. Ұсынылып отырған бұл бағдарламаның тыңдаушысы және бағдарламаны игерген мұғалім ретінде мен, жоғарыда аталған жеті модуль аясында таңдап алған сыныбымның және әріптестерімнің оқыту мен оқудағы әркеттерін іске асыратын көшбасшы ретінде болдым.

Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екендігі белгілі. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатындығын көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту талантты және дарынды балаларды оқытумен өте тығыз байланысты деуге болады, себебі екеуі де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқытуға қатысты болып отыр. Оқытуды басқару мен көшбасшылық модулін қарастыра келе, білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады деген ой түйдім. Оқытуды бағалау мен оқу үшін бағалау сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес, мұғалімдер жазбаша немесе ауызша бағалауды қолданады, олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті тұрғыдағы нормалар мен стандарттар емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы мен уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау қабілеттілігі және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бақылаудың, тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және пайымдауға бағытталған пәндік шешім, ол көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау немесе іс-әрекетке жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болған, ұйымдастырлған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білідіреді. Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану модулі өзімнің ақпараттық коммуникативтілігімді жетілдіру мен қатар, ақпаратты алу, жинақтау, топтау, бағалау, сақтау, өндіру, қайта ұсыну дағдыларының қалыптасуымен қатар, өзім үшін және оқушылар үшін де қарым-қатынас құралына айналды және интернет желісі арқылы АКТ-ны сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналды.

Үшінші базалық деңгей курсының алғашқы бетпе-бет кезеңін өткеннен соң, білім беруге, оқытуға деген көзқарасым өзгерді, ең алдымен өзіме «неліктен өзгеруім қажет?» деген сауалға жауап беруден бастадым. Менің өзгеруім қажет, себебі мынау тез өзгермелі заманда, көштен қалуға болмайды, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағандығын білдіреді, бұл ұғымды ең мықты түсінетіндер мұғалімдер, сондықтанда әлем өзгергендіктен, қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екендігін білемін, себебі балаларға бағыт-бағдар беретін мұғалім өзгеріссіз қалса, олардан білім алатын оқушының халі не болмақ? осыны ойлана келе, үздіксіз білім алуды жолға қойдым және өз тәжірибемде көптеген тың идеялар алдым, біріншіден, жеті модульдің өзара бір-бірімен байланысы және жүйелілігі туралы, яғни әрбір модулді жекелей емес, біртұтас қарастыруды үйрендім, екіншіден, осы жеті модулді оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізетін болсам аз уақытта күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болатындығына көзім жетті. Ұсынылып отырған бұл бағдарламаның тыңдаушысы және бағдарламаны игерген мұғалім ретінде мен, жоғарыда аталған жеті модуль аясында таңдап алған сыныбымның және әріптестерімнің оқыту мен оқудағы әркеттерін іске асыратын көшбасшы ретінде болдым.

Үшінші деңгейлік бағдарлама - мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдерді қолданудың жаңа бастамасы соның ішінде сындарлы оқытуға негізделіп отыр, бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білімдерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді және бірі-бірін үйретеді. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады, (38) сондықтан оқушылар белсенді жұмыс жасап, сапалы білім алуы үшін өздігінен жұмыс жасауға бағытталған әдіс-тәсілдерді таңдау және сыни тұрғыдан ойлауға байланысты тапсырмаларды құрастыру мәселесі анықталды, әсіресе оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырмаларға көңіл бөлдім, себебі бағдарламаның басты идеясы оқушыларды сыни тұрғыдай ойлауға үйрету. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекеленген құбылыс немесе дағды емес, бұл іске тартылған тетіктер: оқыту әдісін таңдау, жүйелі ойлауға үйрету, оқушының талантын зерттеу және анықтау, сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттіліктерді дамыту болып табылады. Осы жаңа тәсілдерді қолдану аясында «диалогтік оқыту» мен «қалай оқыту керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс диалог арқылы болары сөзсіз, бұл әдіс сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын, жеке пікірлерін білдіріп, еркін сөйлеуіне және дамуына көмектеседі, сондықтанда нұсқаулықта диалогтік оқыту оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және оған түсіністікпен қарау көзделген, Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдерде, оқушыларда білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі деп көрсетілген. (МАН 43 б)

Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі және бағалай алуы болып табылады, (МАН, 6 б) соған байланысты бағдарламаны оқи келе, менің өзімнің ең басты іс-әрекетімді сапалы білім беруге, оқушылардың қабілеттерін дамытуға, оларды өздік жұмысқа баулуға, ең бастысы оқушыларға оқу үшін жайлы орын тудыруға, яғни ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға бағыттадым. «Жер сілкінісі» тақырыбын өткен кезде, ең алдымен «Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісі» атты бейнефильм көрсетілді және соған сұрақ қойылды: «- бейнефильмде апат неден туындады деп ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не болмақ?», «Жер сілкінісі» тақырыбын тауып айтты, одан келесі проблемалық сұрақ қойылды:- Жер сілкінісі неден туындайды?; - қандай апаттар орын алады?; - жер сілкінісі кезінде қайда тығыламыз және қандай заттар аламыз? Бұл сұрақтардың ішінде 1-ші сұрақтың жауабын біледі, себебі алдыңғы сабақта «Жердің қозғалыс түрлері» тақырыбында өткен, 2-ші сұраққа бейнефильмнен көргендері бойынша жауап берді, ал қалған сұрақтарды білмейді соған байланысты сабақтың мақсатын анықтады, яғни сабақтың мақсаты: жер сілкінісінің салдары, жер сілкінісі кезінде тығылатын жерлерді анықтау және қажетті заттарды өзіңмен бірге алу екендігін оқушылар айтты, ал мен үшінші мақсат: бұл заттардың не үшін қажет екендігін білу және талдау жасау қажеттігін айттым. Сөйтіп оқушылармен бірлесе отырып, өткен мен жаңаның арасындағы байланыс арқылы сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтадық. Бұдан шығатын қорытынды, бағдарламада «Мұғалім оқушыларда «Чиксентмихаи 2008 «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуы тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 31 б) делінген, соған байланысты, менің ойымша егер оқушылар өз алдына мақсат қойса, соның нәтижесінде өздерінің жасаған жұмыстарынан рахат алатын болады. Ендігі кезеңде сол мақсатқа жету үшін оқушылар іс-әрекетке кіріседі, ал оқушылардың іс-әрекетке өздігінен кірісу үшін тапсырмалар құрастыру қажет болды, тапсырмаларды құрастыру кезінде өте көп қиыншылықтар орын алды, себебі әр оқушының оқу деңгейі әртүрлі бірден, екіншіден тапсырманы орындаған кезде оқушыдан сұрақтар туындамас үшін, түсінікті және жас ерекшелігіне сай құрастыру керек болды, ол қиыншылықты шешу үшін маған Блум таксономиясын қолдану өте көп көмек берді, яғни тапсырма құрастыру барысында білу, түсіну, талдау, зерттеу, бағалау етістіктерін қолдандым. Сабақтың соңында, кей уақытта тапсырма орындап болған соң кері байланыс жасауды сұрадым және жалпы сабаққа рефлексия жасауды енгіздім, мысалы «тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтар болды?», «Сабақтағы 2 ұнаған, 2 ұнамаған нәрсені айтып бер» деген сияқты сұрақтар арқылы және рефлексия жасауға арналған түрлі әдістер өте ұтымды шықты, атап айтсам «Өрмекші» диаграммасы, «Рефлективті нысана». «Диалог барысында оқушылар, сонымен қатар олардың мұғалімдері де, қойылған мақсатқа жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады» (Мерсер, 2000, Мұғалімге арналған нұсқаулық, б 39), менің ойымша, диалог негізінде оқыту - мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, яғни бұл жердегі белсенді білім алушылар - оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулерімен сәйкестендіріп оқу дегенге сай келеді. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер, 2000; Александр, 2008), «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell,1967; Vygotsky, 1978) атты танымал педагогикалық тәсілдер қазіргі заманғы әлеуметтік-сындарлылық идеялардың маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Сондықтан да, мен үшін оқу үрдісімде оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім болып бірлескен жұмысты жасау қажеттілігі туындады, себебі мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы байланыс немесе диалогтық оқыту өте маңызды, яғни сабақтағы бірлескен жұмыс оқылатын пәннің мазмұнымен ғана шектелмей, оқытуда оқушыларды қолайлы атмосферамен қамтамасыз ету болып табылады, басқаша айтсам, оқу үдерісінде оқушыларға өздерін еркін сезінетіндей жағдай жасалса және қалай оқу керектігін үйретсе оқытудың мәні табысты және сапалы болады деген сенімде болдым. Қолданылған басқа да әдістердің арқасында белсенді оқыту жүргізіліп, оқушылар берілген тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, жан-жақты талқылауға бет бұрды, топпен жұмыс кезінде топ мүшелерінің ойын тыңдауға, идеяларымен келісуге үйренді, оқушылар бір-бірімен тіл табысуда диалогқа түсті, соның барысында бір-бірінің пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Мәтінмен жұмыс кезінде әрбтүрлі деңгейдегі оқушылар тақырыпты түсіндіру мүмкіндігіне ие болды, соған байланысты орташа оқитын оқушылар, сөйлеуге қысылатын оқушылар да осындай мүмкіндікті алды, дегенмен кемшіліктер де аз болған жоқ, кей оқушылардың топта жұмыс жасау қабілетінің жоқтығы, басқа оқушыларға кедергі келтіруі, бір-бірінің идеяларымен келіспей қалуы, бағалаудың нақты қойылмауы, яғни оқушылар дос ретінде бір-біріне қойған бағаны қоя салуы және кейбір сыныптағы оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қажет етуі, өздігінен жұмыс жасай алмауы. Орта мерзімді жоспарлау мен үшін өте тиімді болды деп есептеймін, себебі әр тарауды осылайша жоспарласам сабақтарым сапалы өтеді деген сенімім мол.

Қорыта келе, өзімді өзгерту нәтижесінде сыныптағы оқыту үрдісінде оқушылардың оқу үрдісін түсіну, нені оқу керектігін түсіну, қалай құрылымдау қажет екендігі жайлы ұғымды қалыптастыру, оқу нәтижесін бағалау мүмкіндігін игеру бойынша «оқытуды үйрету ортасын» құрдым. Білім үрдісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал-көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім моделі аясында ғана жүзеге асырылады деген, олай болса, (МАН 33 б) өз тәжірибемде әріптестеріммен кеңесіп, бірлесіп жұмыс жасау барысында және әруақытта оқытуды басқарып, көшбасшылық танытып отыру барысында сапалы сабақтар нәтижелі болды және оған бағдарлама аясындағы жеті модуль өте зор ықпалын тигізді, себебі мен алған білімімді қолдана отырып, өзім және өзімнің оқыту үрдісімді толықтай өзгерттім.

Соның барысында өзімде болған өзгерістер:

  • Сабақта ынтымақтастық ортаны құруды көздедім;

  • Оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды үйрендім;

  • Диалогтық оқыту арқылы сапалы сабақтар беруді үйрендім;

  • Тәжірибемде бағдарламада ұсынылған жеті модулді ықпалдастыра отырып, сабақтарды жоспарлауды үйрендім;

  • Оқушы пікірін сабырмен тыңдауға үйрендім;

  • Бағдарлама идеяларын жүзеге асыруда оқушыларға үнемі бағыт-бағдар беріп,оларды өз ісіне жауапкершілікке үйретуге көңіл бөлдім;

Оқушыларымда болған өзгерістер:

  • Белсенді әдістерді тиімді қолдану барысында өздігінен жұмыс жасау қабілеттері артты;

  • Диалогтық оқыту барысында оқушылардың сөйлеу дағдысы қалыптасты;

  • Топ ішінде өзара құрмет, сыйластық орын алды;

  • Өз-өзін, бір-бірін бағалауда жауапкершілікті сезінуге үйренді;

  • Сыни тұрғыдан ойлауға, сұхбаттасуға, пікір алмасуға бер бұра бастады;

  • АКТ-ны қолдану аясын кеңейтті.

Келешекте:

  • Пәндік білім мен технологиялық білімді ұштастыру;

  • Жаңа идеяларды одан әрі қарай дамыту;

  • Оқушылардың қателерін түзету үшін, кері байланыс орнату;

  • Өзін-өзі реттеу.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей,үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012



© 2010-2022