Амалдан амалға аман жетейік!

Тақырыбы: Амалдан амалға аман жетейік! Мақсаты: 1) Балаларға көрісу (амал мерекесі), наурыз көже туралы түсінік беріп,өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету; 2) Балалардың есте сақтау қабілетін,бойындағы дарындылығын,төзімділігін дамыту; Ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, болашаққа деген сенімділігі мен сүйіспеншілігін арттыру; 3) Ата-баба салтын сақтау, құрметтеу, сыпайылыққа,бірін-бірі сыйлап көмектесуге,кешірімді бола білуге тәрбиелеу. Ата жолын үлгі тұта отырып,өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау; Құрал-жабдықтар:Қазақ үй бұрышы,слайд, буклет,  нақыл сөздер. Күй орындалып тұрады. Жүргізуші:14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып саналады.Еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, наурыз айының 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды.. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күн...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Амалдан амалға аман жетейік!

Мақсаты:

1) Балаларға көрісу (амал мерекесі), наурыз көже туралы түсінік беріп, өнерлерін көпшілік алдында көрсетуге үйрету;

2) Балалардың есте сақтау қабілетін, бойындағы дарындылығын, төзімділігін дамыту; Ауызекі сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, болашаққа деген сенімділігі мен сүйіспеншілігін арттыру;

3) Ата-баба салтын сақтау, құрметтеу, сыпайылыққа, бірін-бірі сыйлап көмектесуге, кешірімді бола білуге тәрбиелеу. Ата жолын үлгі тұта отырып, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау;

Құрал-жабдықтар: Қазақ үй бұрышы, слайд, буклет, нақыл сөздер.

Күй орындалып тұрады.

Жүргізуші: 14 Наурыз-Жаңа жылдың басы болып саналады.Еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, наурыз айының 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды.. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты - ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» - деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, ертең - қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз - Наурыз құтты болсын!

Көрініс: (Наурыз тал егіп жүрген жастарға бала ерткен ата кезігеді.)

Бала: - Ассалаумағалейкум, ата.

Ата: - Уағалейкум ассалам, жасың құтты болсын!

Бала: - Мал-жан аман ба?

Ата: - Алланың бергеніне шүкір. Е, е, е... «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей қайырымды іске кірісіпсің, жасың ұзақ болсын, айналайын!

Бала: - Рахмет. Мына бала немереңіз болар?

Ата: - О не дегенің, ол менің бел балам.

Бала: - Ата, сонда жасыңыз нешеде?

Ата: - Әлі жаспыз ғой, сексеннің сеңгіріне шықтым.

Бала:- Бәрекелді... Үйге кіріңіз, төрлетіңіз, ата.

(Қонақ күту, наурыз көже ұсыну, келген қонақтармен амандасып, құшақ жайып көрісіп төрге жайғастыру).

Әже: Сонау бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе бастаушы едік.Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін адамдарға дастархан дайындай бастайды. Соғымның шекесін осы күнге сақтап қоятындар да бар. Бәрінен де ет баптау мен сақтаудың шеберлері болған шешелеріміз бұл күнге арнап қарынға салып сақтаған, шұжық етіп баптаған еттерін асушы еді. Бұл еттердің түрі де, дәмі де шие татып тұрушы еді. Асылған еттің арасында сары әйнектей мөлдір, тұздауы мен сүрлеуі әбден келіскен бір білем құйрық май, немесе өркеш май міндетті түрде болады. Сүр ет қайнап жатқан қазанға бүйенге құйылған уызды да еппен пісіріп алатын қайран шешелеріміз-ай десеңші. Бұл күні түйесі боталаған үй міндетті түрде үлпершек асады. Үлпершек те шұжық сияқты ғой. Сәлем-сауқатын алып, арнайы көрісе келгендердің алдына буы бурқыраған ет толы табақ келгенде май жеуден қашатын адамның өзі әлгі қиялай туралған шыңылтыр сүр майдың дәмін көріп, қалай асап жібергенін өзі де байқамай қалушы еді. Әлгі аппақ бордай кірт-кірт туралып кесек- кесек болып жатқан түйенің уызы еттің ең үстіне туралып ол қанша көп болса да бірден таусылып қалатын. Амал күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен тұтас ішекке тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің басында шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары майдың дастарханға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып талқан, жент жасалатын. Шешеміздің бұл күнге арнап дайындайтын дастархан мәзірі осындай ерекшелігімен есте қалыпты. Біздің бала кезімізде 14 наурыз отбасылық мейрам ретінде әр үйде осылайша аталып өтетін еді. Біз оны көрісу дейтінбіз.

Ата: - Қазақтың Наурыз мерекесі басталды! Иә, Григориан күнтізбесіне дейін көшпелі қазақ халқы «Амал» - бүгінгі «Наурыз» мерекесін наурыздың 14-і күні атап өткен. Себебі дәл осы күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойына шығады. Ұлы Даланы мекендеген көшпелі түркі халықтары бұл астрологиялық құбылысты «Амал мен Күннің көрісуі» деп білген. Осыдан көктем шығысымен «Көрісу» деген жақсы дәстүр дүниеге келген.«Амал туды жыл келді!» деп қуанған ата-бабаларымыз ағайын-жұрттың амандығын біліп, бір-бірімен көрісуге асыққан. Осы кезде малын түгендеп, қалың қардан босаған жайылымға шығарады. Жалпы, наурыздың 21-і күн мен түн теңеліп, жыл жаңарса, наурыздың 14-і жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн - Амал мерекесі Наурыз мейрамының беташары іспетті. Өкінішке қарай, бүгінде көктемнің алғашқы күні - Амал мерекесін, көбінесе Қазақстанның батыс аймақтарында жиі атап өтеді.

Көрініс:

Бала: - Сүйінші! Келініңіз босаныпты.

Әже: - Сүйіншің әзір, аман, сау жаны қалса болар игі. Кімді болыпты?

Бала: - Солдат деді-ау деймін.

Ата: - Наурыз күні дүниеге келген екен, атын «Наурызбай» қоялық.

«Бесікке салу» рәсімі жасалып, бесік жыры айтылады.


Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем

Жылыма бөпем, жылама

Жілік шағып берейін.

Байқұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Наурыз бата

Кеңпейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Шаттығының сәтті күнін,

Татулықтың тәттілігін,

Өрсін ұрпақ қайырымды!

Бұлт шалмасын ай - күнімді!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, жамырасын!

Еккен егін өнімімен,

Еңбегіңнің сенімімен

Тірлігіңнің жемісімен,

Бірлігіңнің жеңісімен

Бағы жанып кәрі - жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз!

Жүргізуші:

Амал келді, тағы да амал келді!

Адамдар бір- біріне көрісе барады, кішілер үлкен-дерден бата алады. Пенделікпен қателік жасағандар, Амалда ар алдында тазарады.

Амал - бірлік, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті.

Амал - тірлік, адамдардың жамандық атаулымен күресі.

Ендеше жанымыз да, тәніміз де тазара бергей! Ауладан басталар аймағымызды абаттандырып, табиғат тамырына нәр жүгіртіп туған жерді түрлендірейік. Ұлттық рух, салт-дәстүр салтанат құра бергей! Дастархан толы, көңіліміз тоқ болғай. Атышулы дағдарыс дүрбелеңі елімізден жоқ болғай!








14-Наурыз: Жаңа жылдың басы болып саналады

БҰҰ Бас ассамблеясы «Наурыз халықаралық мерекесі» қарарын бір ауыздан қабылдап, бағзыдан келе жатқан мерекені атап өту күнін 21 наурызға белгілепті. Толық нұсқасы мына жерде.. Наурыз мерекесі - үш мың жылдан бері салтанатты түрде Орталық Азиядан Балқанға дейінгі ауқымды өңірде аталып өтетін мейрам. 21-наурыз ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңелу кезі екенін білеміз. Біздің Жаңа жылымыз, ұлттық мейрамымыз. Енді бүкіл түркі жұртына ортақ мейрам, халықаралық мейрам болып бекітілді. Ал, еліміздің батыс аймақтарында, Маңғыстау, Атырау облыстарында тегіс, Орал, Ақтөбе облыстарының кей бөлігінде, көршілес Ресейдің Астрахан, Саратов, Орынбор, Қарақалпақстанның қазақтар көп қоныстанған жерлерінде Наурыз айы туды деп, осы айдың 14-күнінен бастап, «Көрісу» салты басталады. Кей жерлерде «амал» деп те атайды. 1918 жылдың 24-қаңтарында «Батыс Еуропа күнтізбесінің Ресей мемлекетіне енгізілуі туралы» В.И. Ленин қол қойған декрет қабылданды. Бұл кезде юлиан және григорий күнтізбелерінің арасындағы алшақтық 13 күнге жеткен еді. Декретте көрсетілгендей 1918 жылдың 31-қаңтарынан кейінгі күн: 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелді. Соның әсерінен бұрын 1-наурызда Жаңа жыл - Ұлыс күнін тойлайтын қазақ елі, 1918 жылдан бері қарай 14-наурызда көрісіп келеді деуге болады. Әр үй жеті шелпегін пісіріп, дастарханын жайып қояды. Наурыздық жасап, ата-баба рухына дұға бағыштайды.Біздің жақта осы күні кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады. Бала кезімізде үлкен әжелері бар үйлерге көрісіп барғанда, алғысын айтып, қолымыздың сыртынан сүюші еді. Қолдан сүю «түріктердің дәстүрі, қазаққа жат» деп жүргендер бар ғой. Соған қарағанда, қолымыздан сүю тек түріктер емес, ежелден келе жатқан түркілік дәстүр шығар деп ойлаймын. Осы көрісу дәстүрі тек батыста ғана емес, бұрындары еліміздің көп жерлерінде болғанға ұқсайды. Шәкәрімнің ұлы Ахаттың жазбаларында: «14-март - ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты - Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты - ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» - деген. Сонда көрісу дәстүрі тек батыста емес, барлық жерлерде де болған, тек бертін келе халық ұмытып кеткен, отаршыл саясат ұмыттыруға тырысқан. Бірақ, осы батыс аймақтарда ұмытылып көрген емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелі заманда сан қазына түбірімен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Ай мен Үркердің қиылысып өтуін көшпелі жұрт тоғыс атаған ғой. Наурыз айында тоғыстың келетін тұсы да осы күндерге келетін болса керек. Халық сенімінде 14-нен 15-на қараған күні қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. 15-і күні халық қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды деп есептеген екен. Сонымен, ертең - қазіргі күнтізбе бойынша Наурыз айы туады. Наурызды қазақ жыл басы десе, ескіше болсын, жаңаша болсын, келе жатқан Жаңа жылымыз - Наурыз құтты болсын! 14-наурыздан көрісуді ұмытпайық!

Бұл күн бала кезімізден жаңа жылдың басы болып саналады. Амал таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауылдың кішілері үлкендерге көрісіп барады. Жағдайы бар адамдар бір малын сойып, қазанды толтырып ет асып Наурыздық жасайды. Ал, соятын малы жоқ адамдар қыстан қалған сүр етін асады. Амалда адамдар көрісіп келер деп сақтап қойған шұжығын, үлпершегін асатындар бар. Мұндай мүмкіндігі жоқ үйлер қазанға май қатып күріш, жармасын салып «қазан толы болсын» деген ырыммен көже асып қояды. Көпшілік үйлер бұл күні жеті шелпегін пісіріп иіс шығарып, бауырсағын сірә пісіреді. Он төртінші наурыз ел ішінде отбасылық мереке есебінде ешқашан үзіліп көрген емес. Бұл күні ағайын туыс, құда - жекжат, дос - құрбы бір үйден -бір үйге барып, ең жақын, сыйлы үлкендеріне жақсы шапан, көйлек -жаулық әкеліп көрісу дағды-дәстүрге айналған . Ал бала күнімізде 22 наурызды мереке есебінде елеген емеспіз. Тек 1988-89 жылдардан бастап мерекелей бастадық қой. Жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіру де осы кезден бастап насихаттала бастады. Шындығын айтқанда бала күнімізде Маңғыстауда шешелеріміздің наурыз көже пісіргені есімде жоқ. Осы кезден бастап мал төлдей бастайды. Алты ай жаздың басталуы, малға да , жанға да жайлы жер аяғының кеңи бастауы деп осы Амалды ерекшелеп күту дәстүрге айналған. Жыл бойына жалғасатын көрісуге байланысты кейінгі кезде Бейнеуде жақсы жағдай қалыптасты. Рулас ағайындардың үлкен-кішілері түгел бас қосып жылына бір үйге жиналып көрісіп жүр. Бұл уақытты үнемдеуге әрі мерекені ойдағыдай бірге атап өтуге жақсы. Кейбір үлкен ауылдар мейрамхана, тойханаларға жиналып бас қосып мерекелейді. Мұның бәрі заманның дамып, жақсы жағдайдың болғандығынан ғой.

Мен Бұрмақ деген байдың қызы болдым. Әкеміз Түрікменстанға ерте қоныс аударыпты. Өміріміздің барлық саналы жылдары түрікмен жерінде өтті. Атамекенге көшіп келгенімізге үш-төрт жыл болды. Түркменстандағы қазақтар жыл сайын 14 наурызды ерекше күтетін. Бұл күн жақындағаннан -ақ көше-көше болып тұрып жатқан маңайымызды, жолды, үйлеріміздің айналасын, салмаларды (арықтарды) тазалап дайындайтынбыз. Айнала жаңарып, тазарып қалатын. Үй ішімізді тазалап, кір-қоң қалдырмай жуып - шайып, сандықтарды ашып, жаңа заттарды іліп қойып үй ішінің сәнді болып тұруына көңіл бөлетінбіз. Өзіміз де ұлттық киімдерімізді киіп, ілмелі жаулықтарымызды тартып, собық сырға, шашбау, өңіржиектерімізді тағып сәнденіп, үлкен кісілерге көрісіп баратынбыз. Әйелдер бір-бірімен міндетті түрде құшақтарын айқастырып көрісетін. Аталарымыз бен қайнағаларымызға тек иіліп сәлем беріп, енелерімізден бастап қалған адамдармен қол алысып көрісеміз. Бұл күні адамдар үйлерінің ауласына, қөшелерге тал егеді. Біздің үйіміздің ауласында шалым әр наурызда отырғызған түрлі жеміс ағаштары бар еді. Шалым Сазанбай бәрін өсірді, тек жаңғақ ағашын көгерте алмады. Наурыз күні көрісіп келетін адамдарға дастархан жасап қоямыз.Ет асылады. Жүгеріні түйіп қазанға май қатып, су құйып наурыз көже дайындаймыз. Наурыз көжені мол етіп дайындаймыз, құрамына міндетті түрде ақ қосылады. Осы жерге келгелі бұл күнді ағайын-туыспен бірге жиналып қарсы алып мерекелеп жүрміз.

Бұл күн Батыс Қазақстан аймағында, оның ішінде біздің атакүлдігімізде бағзыдан келе жатқан мейрам. Сондықтан сонау бала күнімізден бұл айдың он төртінші жаңасының таңы атысымен үйдегі жан біткенмен құшақтаса қол алысып, одан соң апыр-топыр көрші үйлерге барып көрісе бастаушы едік. Әр үйдің қазанында сүр ет асылып, таң атысымен көрісуге келетін адамдарға дастархан дайындай бастайды. Соғымның шекесін осы күнге сақтап қоятындар да бар. Бәрінен де ет баптау мен сақтаудың шеберлері болған шешелеріміз бұл күнге арнап қарынға салып сақтаған, шұжық етіп баптаған еттерін асушы еді. Бұл еттердің түрі де, дәмі де шие татып тұрушы еді. Асылған еттің арасында сары әйнектей мөлдір, тұздауы мен сүрлеуі әбден келіскен бір білем құйрық май, немесе өркеш май міндетті түрде болады. Сүр ет қайнап жатқан қазанға бүйенге құйылған уызды да еппен пісіріп алатын қайран шешелеріміз-ай десеңші. Бұл күні түйесі боталаған үй міндетті түрде үлпершек асады. Үлпершек те шұжық сияқты ғой. Сәлем-сауқатын алып, арнайы көрісе келгендердің алдына буы бурқыраған ет толы табақ келгенде май жеуден қашатын адамның өзі әлгі қиялай туралған шыңылтыр сүр майдың дәмін көріп, қалай асап жібергенін өзі де байқамай қалушы еді. Әлгі аппақ бордай кірт-кірт туралып кесек- кесек болып жатқан түйенің уызы еттің ең үстіне туралып ол қанша көп болса да бірден таусылып қалатын. Амал күні қазан толы, қарын тоқ болсын деп салынатын сүбе қабырғасымен тұтас ішекке тығылған қазы да көрісіп келгендердің бір сыбағасы. Сонау күздің басында шыжғырып шыны ыдысқа құйып сақтаған, түсі сап-сары бояудай қанық сары майдың дастарханға қойылатын күні де осы кез. Тары қайнатып, бидай қуырып талқан , жент жасалатын. Шешеміздің бұл күнге арнап дайындайтын дастархан мәзірі осындай ерекшелігімен есте қалыпты. Біздің бала кезімізде 14 наурыз отбасылық мейрам ретінде әр үйде осылайша аталып өтетін еді. Біз оны көрісу дейтінбіз. Ол кезде біз тұрған Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы , Ебейті ауылында сіресіп жатқан қалың қар енді-енді жіби бастайтын. Кей жылдары бұл күні қар жауып тұрса, адамдар «жарықтық, наурыздың ақша қары, жақсылықтың нышаны, жыл жақсы болады екен» деп жататын. Қар кетпегесін ағаш егілмейді ғой. Бірақ мал төлдеп, сауын малдардың уызына тоя бастаушы едік. Үлкендерге барып көрісу әлі күнге жалғасып келеді. Ал бүгінгі күнгі дастархан мәзірі бәрімізге белгілі жаңаша жасалады... Амал келді, тағы да амал келді! Адамдар бір- біріне көрісе барады, кішілер үлкен-дерден бата алады. Пенделікпен қателік жасағандар, Амалда ар алдында тазарады. Амал - бірлік, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ниеті. Амал - тірлік, адамдардың жамандық атаулымен күресі. Ендеше жанымыз да, тәніміз де тазара бергей!. Ауладан басталар аймағымызды абаттандырып, табиғат тамырына нәр жүгіртіп туған жерді түрлендіре-йік. Ұлттық рух, салт-дәстүр салтанат құра бергей! Дастархан толы, көңіліміз тоқ болғай. Атышулы дағдарыс дүрбелеңі елімізден жоқ болғай

Амал туды - Наурыз келді!

15-Наурыз, 2012 | 250 рет оқылған

Амалдан амалға аман жетейік!

Қазақтың Наурыз мерекесі басталды! Иә, Григориан күнтізбесіне дейін көшпелі қазақ халқы «Амал» - бүгінгі «Наурыз» мерекесін наурыздың 14-і күні атап өткен. Себебі дәл осы күні Амал жұлдызы Күнмен бір сызықтың бойына шығады. Ұлы Даланы мекендеген көшпелі түркі халықтары бұл астрологиялық құбылысты «Амал мен Күннің көрісуі» деп білген. Осыдан көктем шығысымен «Көрісу» деген жақсы дәстүр дүниеге келген.«Амал туды жыл келді!» деп қуанған ата-бабаларымыз ағайын-жұрттың амандығын біліп, бір-бірімен көрісуге асыққан. Осы кезде малын түгендеп, қалың қардан босаған жайылымға шығарады. Жалпы, наурыздың 21-і күн мен түн теңеліп, жыл жаңарса, наурыздың 14-і жаңа ай туады. Сондықтан бұл күн - Амал мерекесі Наурыз мейрамының беташары іспетті. Өкінішке қарай, бүгінде көктемнің алғашқы күні - Амал мерекесін, көбінесе Қазақстанның батыс аймақтарында жиі атап өтеді. Түркітанушы ғалым Серік Ерғалидың мәліметі бойынша, бұған дейін бұл мерекені Маңғыстаудан бастап, Сыр өңірі, Қостанай және Торғай аймағымен қоса, ресейлік Астрахан, Сарытау, Самара және Орынбор облыстарының қазақтары ұлттық мейрам ретінде тойлаған. Бүгінде Амал мерекесін тойлау үшін батыс аймақтарына Талдықорған, Алматы, тіпті көрші Өзбекстан елінен жұрт ағылып жатады. Дегенмен Амалды бір аймақ емес, ел болып бүкіл республика бойынша атап өткен жөн. Бұл бастаманы кеше астаналық жастар да көтерді. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қазақтың Амал мейрамын Арқа жерінде атап өтіп, «Көрісу» салтын тағы бір мәрте жаңғыртты.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, қоғам қайраткері, ақын:

- Астанаға келгенімізге он жылдан асып кетті. Содан бері жастардың Амал мерекесін ұлықтап жатқандарына алғаш рет куә болып, қатты қуанып отырмын. Негізі, адамзат тарихында үш күнтізбе болған. Соның екінші күнтізбесінде осы жылдың, біздіңше, Наурыз мерекесі наурыздың 14-і күні басталады. Ал үшінші күнтізбе енгізілгеннен кейін, ол мейрам наурыздың 22-сіне ауысқан. Осы кезде «Көрісу» деген жақсы дәстүр болған. Енді бұрын үлкен қалалар болмаған ғой. Бірнеше шаңырақ болып түрған қазақ халқы жер аяғы жібіп, көк шыға бастаған кезде, «Қыстан аман-есен шықтық!», - деп бір-бірін құшақтап, қуанып амандасқан. Мінеки, осы бастаманы Астананың жастары көтеріп отыр. Бұл - аса қуантарлық жағдай. Ата-бабамыздың салт-дәстүрі жалғаса берсе, қазаққа өлім жоқ деп білемін! Жастарға рақмет! Амал мерекесі құтты болсын!

Серік ЕРҒАЛИ, түркітанушы ғалым:

- Негізі, Наурыз бен Амал бірін-бірі толықтырмаса, қайшы емес. Сол себепті осы мерекелерді бейресми түрде 14-22 наурыз аралығында мейрамдағанымыз жөн. Өкінішке қарай, бүгінде оны көбінесе еліміздің батыс аймақтары жиі тойлап жүр. Біз «ана аймақ, мына өңір» демей, біртұтас қазақ халқы болып, Амалды да, Наурызды да тойлауымыз қажет. Бүгін Астанада наурыздың ақша қары түсті. Қазақ «қардың басын қар алар», - дейді, бұл - көктемнің белгісі! Сонымен, құрметті ағайын, наурыздың 14-і қазақтың Жаңа жылы Ұлу жылына кірді. Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын! Жаратушымыз тілегімізді қабыл етіп, еліміз аман, халқымыз тыныш болсын!

XXI ғасыр көшбасшысы. "Егемен елге-білімді ұрпақ". (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)

Опубликовал inust в 15 Ноябрь 2011 - 17:57Нет комментариев

Газизова Лаура Серікқызы Атырау об. Индер ауд. Есбол с. Кулагино орт. мект. физика пәні мұғалімі, «Атамекен» ордасының тәлімгері

Мақсаты: Егемен еліміздің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің білімді де жан-жақты оқушысын анықтау.

Сыныптан тыс шараның өте шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы. "Егемен елге-білімді ұрпақ". (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)


Жүру барысы:
І тур. Өзін-өзі таныстыру
ІІ тур. «Бәрін білгім келеді»

1.Жалпы сұрақтар
2. Көкпар
3. Бәйге

ІІІ. "Мен елімнің болашағымын"

1.Жалпы сұрақтар
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика

2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров

3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда "халық билігі" деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия

4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек-рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
А) Балуан Шолақ В) Қажымұқан С) Д. Тұрлықанов

5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі, "Кісенашқан", "Көбікшашқан", "Кішкентай" күйлерінің авторы
А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы

6 сұрақ. "Мыңжылдық Адамы" атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар
А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан

7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек

8 сұрақ. "Бақытсыз Жамал" романының авторы кім?
А) М.Дулатов В) І.Жансүгіров С) Ж.Аймауытов

9 сұрақ. "Хижра" сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару

10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы
А) бонистика В) нумизматика С) пегуния

11 сұрақ. 2010-шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.
А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров

12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова

13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов

14 сұрақ. "Адамдық борышың" өлеңінің авторын ата?
А) А.Құнанбаев В) С.Мәуленов С) Ш.Құдайбердиев

15 сұрақ. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл

II тур "Көкпар"
Қазақстан тарихы

1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? ("Отырар опаты")

2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? елтаңбаларды

3. Суретте бейнеленген жәдігер қай жерде орналасқан? (Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде )

4. "Дарабоз" атанған батыр? Қабанбай

5. Қазақ елінің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев қашан дүниеге келді?

(1940 жылы шілде айының 6-шы жұлдызында)

Математика

1. Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? ( иә, егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе )

2. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым қалай аталады? аксиома

3. "Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз" деп айтқан орыстың әйел математигі (С. Ковалевская )

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады (шеңбер)

5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады 999

Биология

1. Биология сөзіне анықтама беріңіз? ("Биос" - тіршілік, "логос" - ғылым )

2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің "Жануарлар" кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )

3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )

4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )

5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )

Қазақ тілі

1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )

2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )

3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)

4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )

5. "Қазақ" газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

География

1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі )

2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )

3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)

4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)

5. "Тұманды Альбион " атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )

Қазақ әдебиеті

1. "Ер Төстік" ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )

2. "Көшпенділер" тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )

3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)

4. "Мен қазақпын" поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )

5. Көп жылдар бойы "Балдырған" журналын басқарған жерлесіміз, балалар ақын (М. Әлімбаев )

ІІІ тур "Бәйге"

Ғылым 10 20 30 40

Тұлға 10 20 30 40

Спорт 10 20 30 40

"Ғылым"

10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )

20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)

30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )

40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

"Тұлға"

10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис )

20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР-ның Халық Қаһарманы

(Т. О. Әубәкіров )

30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, жерлес ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )

40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)

"Спорт"

10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)

20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )

30. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)

40. 2000-шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б. Саттарханов )

ІV тур "Мен елімнің болашағымын" (өз ойын қорытып айту)

Тәрбие сағатынң өте шеберлдікпен жасалған презентациясын көшіріп алыңыз. XXI ғасыр көшбасшысы. "Егемен елге-білімді ұрпақ". (Жасақ басшыларына арналған зияткерлік сайысы)

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлап ел енді,

Наурыз тойы - салтымыз.

«Көгерсін» деп халқымыз,

Жарқырап тұр күйіміз.


Өліара шақ бұл -

Өзегі барлар сүрінбек,

Жадырар қарттар жас күнін еске ап «шіркін» деп,

Наурыз көженің мәйегі аңқып ауада,

Қайнаса қазан бүлкілдеп.

Биылғы наурыз...

Райы жақсы ырымға.

Қоңырау тақтық құлдыраңдаған құлынға.

Қазақы үйде қауқылдасып кәрі - жас,

Сары ала сүрдің исі келіп мұрынға.

Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шарттары, талаптары баршылық. Соның бірі Ұлыстың ұлы күні Наурызнамада дайындалатын «Наурыз көже» асы. Наурыз көженің мәні - жаңа жылда татулық, молшылық, мәнді, сәнді өмір болсын деген ырымдардан, тілектерден туған. Бүгін міне, ақ түйенің қарны жарылған күн. Жеті түрлі тағамнан; қойдың басы, сүр ет, бидай, сүт, езілген құрт, тұз, жуа қосып әзірленген әжеміздің «Наурыз көжесінен» дәм татайық.

Жеп - ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып.

Наурыз көже пісірдім,

Тойға қазан түсірдім.

Бал көжеден татыңыз,

Көктем - Наурыз тойында.



© 2010-2022