Іс-шара білім күніне арналған (Білім күні)

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Лебяжі ауданының

Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектеп











«Сыңғырла, күміс қоңырау!»

салтанатты жиыны

Іс-шара білім күніне арналған (Білім күні)





























2015-2016 оқу жылы





«Сыңғырла, күміс қоңырау!» салтанатты жиыны

Өткізу уақыты: 01.09. 2015 ж.,

Өткізу орны: Мектеп ауласы

Қатысушылар: 1-9 сынып оқушылары, қонақтар

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Ұлағатты ұстаздар!

1-жүргізуші: Ардақты ата-аналар!

2-жүргізуші: және күміс қоңырау үнін сағына, асыға күткен оқушылар!

1-жүргізуші: Аралап көрікті жерлерді,

Жаз бойы тынығып демалдық.

Білімге шақырып күз келді,

Мектепке көңілді оралдық.

2-жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені,

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

1-жүргізуші: Қуаныш бүгін - мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.

2-жүргізуші: Ортаға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен жоғарғы буын оқушыларын шақырамыз!

1-жүргізуші: Топтар мен бірлестіктер түзу тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанатты түрде енгізілсін!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының әнұраны

1-жүргізуші: Дәстүрлі 1-қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын Қазақстан халық Ассамблеясының және Қ Р Конститутциясының 20 жылдығына арналады.

1-жүргізуші: «Конституцияны қатаң ұстану - бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді. Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат - Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу - ұлттың ұлы парызы.

2-жүргізуші: Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Ассамблеяның басты ұраны - Ел бірлігі! Ассамблея еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет етеді. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте.

2-жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы,

Бар жүрекке ақ тілектер қонады.

Қазақ деген қонақжай бір халықпыз,

Әрқашан да төрде отырар қонағы.

1-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарымен таныстырып өтейік. /қонақтар таныстырылады/

2-жүргізуші: 1. ____________________________________________________

1-жүргізуші: 2. ____________________________________________________

2-жүргізуші: 3. ____________________________________________________

1-жүргізуші: 4. ____________________________________________________

2-жүргізуші: 5. ____________________________________________________

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемен құттықтау сөз мектебіміздің директоры Осумханова Балжан Молдағалиқызына беріледі.

2-жүргізуші: Дәм жазса жақсылыққа кез келерміз,

Күн сайын өркендерміз біз өсерміз.

Бүгінгі салтанатты жиынымызда

Құрметпен өзіңізге сөз береміз!

1-жүргізуші: Құттықтау сөз___________________________________________________ беріледі.

2-жүргізуші: Ұстаз болу - жүректің батылдығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.- дей келе зейнеткер ұстаз ___ сөз беріледі.

1-жүргізуші: Мектеп ана күліп қарап тұр тағы,

Шақырады қыркүйектің нұр таңы.

Асығады әліппені алуға

Еліміздің тірек болар ұрпағы!

2-жүргізуші: Келесі сөз мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 1-сынып оқушыларына беріледі. /1-сынып оқушылары сөз сөйлейді/

1-жүргізуші: Бүлдіршіндер, білім майданына алғаш аттаған қадамдарын құтты болсын!

2-жүргізуші: Шын ниетпен айтылсын бұл сөзіңіз,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

Тәрбиелеп, білімге үйретіңіз,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз. - құттықтау сөзі 1-сынып жетекшісі Тасимова Таншолпан Токтаровнаға беріледі.

1-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат аталады,
Өз елі оныменнен мақтанады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.

2-жүргізуші: Құттықтау сөз 1-сынып бүлдіршіндерінің әжелеріне беріледі.

1-жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,

Құттықтайды оқушылар баршаңды. - сөз кезегі жоғары сынып оқушыларына беріледі. / 9- сынып оқушылары сөз сөйлейді/

2- жүргізуші: Күмбірлейді туған жердің бел, өрі

Күмбірлейді қайың, шырша , терегі.

Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,

Бүгінгі күн білім күні себебі.

- «Алғашқы қоңырау» өлеңің 2-сынып оқушысы, Байсал Елжас оқиды

1-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.!

- Биылғы жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу рәсімі, 9-сынып оқушысы

Болат Айдана мен 1-сынып оқушысы Мұхаметрақым Нұрханға беріледі./қоңырау

соғылады/

2-жүргізуші: Қоңырау алғаш рет күмбірледі,

Аралап айлық жерді, күндік жерді.

Ілесіп жез қоңырау үніменен

Білімді ұрпақтар тобы еріп келді!

1-жүргізуші: Топтар мен бірлестіктер түзу тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын!

2-жүргізуші: Мектеп бүлдіршіндері - 1 сынып оқушылары алғашқы рет мектеп табалдырығын аттау рәсіміне ортаға шақырылады. /лента қию. Альбина мен Нұрхан/ (Музыкамен мектепке кіреді).

1-жүргізуші: Бұл мереке әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан мерекенің соңында

Сәттілікті ниеттеп тәтті шашу шашылар!

/шашу шашылады/

2-жүргізуші: Құрметті халайық! 1-қыркүйек - Білім күніне арналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! 2-бөлім сынып бөлмелерінде «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты сынып сағаттарымен жалғасады.

© 2010-2022