ДІН МЕН ДӘСТҮР. Әрбір ізгілік - садақа, Жақсы сөз - жарым ырыс

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ДІН МЕН ДӘСТҮР

Аудандағы мешіттерде дәріс алып жүрген шәкірттерді ынталандыру, имандылыққа, тәрбиелілікке шақыру, салт-дәстүрімізге қатысты мақал-мәтелдерді жаңғырту мақсатында Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес "Әли-Мұса" мешіті мен "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігі "Әрбір ізгілік - садақа", "Жақсы сөз - жарым ырыс" тақырыбында Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері мен қазақы мақал - мәтелдер жарысын ұйымдастырды.

Жарыстың шарты бойынша қатысушылар, яғни Қазалы ауданындағы мешіттердің шәкірттері он хадис жаттап, осы хадистерге байланысты қазақы мақал-мәтелдерді байланыстырып айтуы міндетті болатын. Бұл шартты өзгелерден ерекшеленіп, Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері мен қазақы мақал - мәтелдерді көркем үйлестіре білген Аманов Ернұр 1 орынды ("Жанқожа батыр" мешіті), Әбдірахман Шәрі 2 орынды ("Әли-Мұса" мешіті) иеленсе, Жайберген Асылжан ("Қожаназар ишан" мешіті) мен Төренияз Жақсыбек ("Әзілхан ишан") 3 орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, жарысқа қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

"Әли-Мұса" мешітінің бас имамы Наурызбаев Болатбек, "Жиенәлі ахун" мешітінің бас имамы Дәуіржанұлы Қайрат, "Қожаназар ишан" мешітінің бас имамы Берінбаев Кенжебай және облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша теолог маманы Нәлібаев Нұрқазы аталмыш жарысқа қазылық етіп, шәкірттердің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

© 2010-2022