2014-2015 оқу жылының Ж. Кереев атындағы орта мектебінің химия/биология пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс есебі

Раздел Завучу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2014-2015 оқу жылының Ж.Кереев атындағы орта мектебінің химия/биология пәні бойынша дарынды оқушылармен жұмыс есебі.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.

6.Білімнің сапасын арттыру.

Биология пәні бойынша 11 класстан Жұбаныш Анар және 9 кластан Айсаева Айсауле деген оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

-пәндік олимпиадаларға қатысты,нәтижесінде орын жоқ.

-қосымша материалдармен жұмыс жүргізілді.

- қосымша сабақтар өткізілді.

- Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма т.б), өз бетінше ізденіп оқу ұйымдастырылды.

-конкурс- сайыстарға қатыстырылды.

-жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқытылды.

-түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білді.

- ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болды.- күрделі тапсырмаларды орындады.

Нәтижесінде 11 класс оқушысы Жұбаныш Анар "ZIAT" ХРС-қа қатысып "Бал арасының түрлері,балдың емдік қасиеті" тақырыбы бойынша ғылыми жобасын қорғап,III дәрежелі дипломмен марапатталды.Осы аталған ғылыми жобамен облыстық КҒА -на қатысып III дәрежелі дипломмен марапатталды және республикадан Алғыс хатпен марапатталды.9 класс оқушысы Айсаева Айсауле"ZIAT" ХРС-қа қатысып "Ешкі сүтінің емдік қасиеті" тақырыбы бойынша ғылыми жобасын қорғап,III дәрежелі дипломмен марапатталды

Нурмаганбетова Ж.Ж



© 2010-2022