«МОДУЛЬДЕРДІ САБАҚТАРҒА ЫҚПАЛДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРі» Шеберлік сыныбы

Ұсынылған жұмыста Кембриждік деңгейлі бағдарламаның модульдерімен ұжымды таныстыру жолдары ашып көрсетілген. Шеберлік сыныбының барлық жұмыстары қадам-қадаммен толық жазылған.Барлық жұмыстар мұғалімдермен дәстүрден тыс отырыс түрінде берілген. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар қамтылып, модульдердің ерекшелігін мұғалімдердің белсенді иегрулері қарастырылған. Шеберлік сыныбының мақсаты, табыс критерийлері, көрнекіліктері, тапсырмалардың әдіс-тәсілдері анық жазылған. Жұмыс педагогикалық шеберлік ортал...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«МОДУЛЬДЕРДІ САБАҚТАРҒА ЫҚПАЛДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРі» Шеберлік сыныбы

Мұғалімнің аты-жөні: Саньязова Бекзат Қабдуалиевна.

Еңбек өтілімі: 26 жыл

Жұмыс орны: «Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ

Қызметі : қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Санаты : 1деңгей мұғалімі

Шеберлік-сыныбы жоспары.


  • ТАҚЫРЫП: «МОДУЛЬДЕРДІ САБАҚТАРҒА ЫҚПАЛДАСТЫРУ ТӘСІЛДЕРі»

  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: деңгейлік бағдарлама модульдеріндегі белсенді оқыту әдістерін игереді.

  • КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: деңгейлі бағдарламадағы 7 модульдің маңыздылығын меңгереді, сабақтарға ықпалдастырады.

  • МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: мұғалімдер, педагогикалық ұжым мүшелері. (Зырян қаласының №6,№7,№8,№11 мектептегі деңгейлі бағдарлама курсын өткен мұғалімдер)

  • ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, сабақ ұранымен таныстыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс

  • ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: "Тұжырымдамалық карта" құру, "Блум токсономиясы» «Сәйкестіктер», «Ішке, сыртқа», «Пирамида құру», «Модель құрастыру» формативті бағалау түрлері,

  • ҚҰРАЛДАР: актив тақта, презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, алты түсті қалпақтар.

Шеберлік-сыныбының мазмұны.

Жұмыс кезеңдері

Кезең бөлімдері

Қатысушылар әрекеті

Уақыт

Жабдықтар

Кіріспе

Мақсаты:

Қатысушылардың қызығушылығын туғызу.

Презантация қосу.

1.Мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау, табыс критерийлерін белгілеу. хабарлау.

2.Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.

Жылы лебіздер жазып, психологиялық ахуал туғызылды, топтарға бөлінді, шеберлік сыбының мақсатымен танысу.

5 минут

Презентация, қызыл, жасыл, көк түсті ұшақтар.

Рефлексия:

Мұғалімдер қызығушылықпен қатысты, өздерінің жұмыстарға әзір екенін байқатты. Ұшақтардағы жылы лебіздердің әсері зор болды. Дегенмен, лебіздер жазуда уақыт созылыңқырады.

Негізгі бөлім.

Мақсаты:

Диалогтік оқыту мен оқушылардың білімді өзіндік игерудегі маңыздылығын талқылау.

Тәсіл:

*«Тұжырымдамалық карта» 1-топ.

*Сәйкестендіру сызбасы №1 жұп.

*№2 жұп «Ішке және сыртқа»

*№3 жұп «Пирамида құру»

*№3-топ: Модель құрастыру.

1-топ: Оқушылардың өзін-өзі оқыту технологиясы бойынша берілген мәтінге тұжырымдамалық карта құрастыру

2-топ: (жұптарға бөлінді)

1 жұп. Сәйкестендіру сызбасын құру.

№2 жұп:

«Ішке, сыртқа» әдісі бойынша мағұлматтарды шеңбердің іші мен сыртына орналастыру.

№3жұп.

«Пирамида құру»


№3-топ:

Модель құрастыру.

мұғалім мен оқушы іс-әрекетін және нәтижесін бөліп орналастырып, тұжырым картасын жасау.


Мақсаттар жүйесі мен оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті.

Диалогтік оқыту бойынша

сандарда көрсетілген проблемалық оқыту белгілерін маңыздылығына қарай шеңберге орналастыру

Дарынды оқушылармен жұмыс бағыттарын орналастыру

Топтық жұмыстарда ынтымақтастық оқу құрылымы

10 минут

мәтіндер жазылған парақтар.

Презентация

Мәтін жазылған парақшалар мен кесте, стикерлер

Шеңбер сызылған парақ, стикерлер


Мәтін парағы, таза парақ.


Мәтін парағы, таза парақ

Рефлексия:

Жұмыстар өте қызу және белсенділікпен жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін қолдана отырып, теориялық мәліметтік мәтінді талқылады. Топ мүшелері толық қатысуға тырысты, барлығы өз ойларын айтты.


Жұмыстарға формативті бағалау жүргізу.

Мақсаты:

Қатысушылардың өз істеріне баға бере білуін және сабақтарда формативті бағалау түрлерін енгізуге жетелеу.

Тәсіл:

«Алты қалпақ»

Топтағы адамдар өздерінің жұмыстарына «Алты қалпақ» әдісі арқылы шеберлік сыныбының отырысына өз ойларын айтады.

Өздеріне бағалау жұмысарын жасайды.

2

минут

Презентация, бағалау қағаздары.

Рефлексия:

Бағалау түріне қызыққандарымен, өзіндік бағалауда менің кей топ мүшелеріне ойлаған бағаларыма сәйкес келмеген тұстары болды. Аздап талқылау жасадық.

Қорытынды.

  1. « Тәуелсіз сарапшылар» жұмысы.

  2. «Ыстық орындық» сәті .

Тәуелсіз сарапшылар барлық жұмыстарға қорытынды жасап, топтық жұмыстарға бағалау жүргізді.

Кері байланыс сәттері.

1-топ: «Рефлексия парағын толтыру»

2-топ: «Пікірлер, тілектер» бәйтерегі.

3-топ: Табыс критерийлеріне баға қою.


Бағалау түрлерін ұсыну.

№1.«Басбармақ»

№2. «Күн, ай, бұлт»

№3 «Баспалдақ»

Шеберлік-сыбын» өткізуде қолданылған әдебиеттер:

  1. Нұсқаулықтар (1,2,3-деңгей)

  2. СПР сайтынан мұғалімдер пікірлері.

  3. «Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымдары» қосымша материалы.


© 2010-2022