• Преподавателю
  • Директору, завучу
  • Мақала Мектептің кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру - білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу

Мақала Мектептің кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру - білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектептің кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру - білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу


А.А.Мустафина

Петропавл қаласы

№1 арнайы (түзету) мектеп-интернат директоры, педагог-дефектолог


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында (17 қаңтар 2014 жыл) мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектілігі атала кетіп, ол үшін мынадай мәселелер шешуге бағыттар қойылды: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды. Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек».

Елімізде даму мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артуда. Егер олардың саны 2005 жылы 124 мың болса, 2010 жылы - 149 мыңнан асқан. Олардың 41,4% пайызы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген.

Қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелер даму мүмкіндігі шектеулі жастардың, өз қатарындағы дені сау құрдастарына қарағанда жоғары функционалдық сауаттылығын, ерте жастан өмірлік, әрі кәсіби өзіндік қалыптасуын қажет етеді. Оларға осы бағытта қалыптасуы үшін арнайы білім беруді политехнизациялау жолдары, нақты мақсатқа бағытталған кәсіби бағдар беру, жалпы білім беру сапасы мен арнайы (түзету) мектебіміз түлектерінің әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыру жолдары көмектеседі.

Сонымен, нақты айтсақ, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік оңалту және еңбекке бейімдеу мәселелерін шешу үшін мектептің оқу-тәрбие үрдісін мына басымды бағыттарға негіздей отыра қайта бағыттауымыз қажет: оқушылардың мектепке келген кезінен бастап олардың бұзылыстарын анықтау үшін диагностика жүргізіп, түзете-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу, баланы арнайы мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың білім алу және әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, интеллектуалдық, сезімдік, көркемдік, дене бітім және психологиялық дамуына барынша оңтайлы жағдай жасау; баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу; әлеуметтік қажеттілігі бар еңбек дағдыларына қалыптастыру негізінде оқушыларды практикалық дайындау. Ол мектеп дамуының жаңа басым бағыттарын дайындауды, материалдық-техникалық базасының толығуын, бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді.

Қазақстанның болашағы - оның еңбекшілерінің қолында. Осы қолдар епті болуы үшін еңбек мұғалімдері көп дүние жасай алады. Ең бірінші мәселе - арнайы білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу үшін кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру.

Егер де, ертеде түлектерімізді мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек ететін жалпылай жұмысшы мамандықтарға дайындау талабы тұрса, қазір оған басқаша талаптар қойылады.

Біріншіден, оқушының мүмкіндіктері мен қызығушылығы, талаптарын әр еңбек түріне араластыра отырып, және де қоғамның қажеттілігі мен сұранысын ескере келіп әр оқушы тұлғасының дамуына жағдай жасау.

Екіншіден, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әр түрлі меншік түрлері мен еңбек нарығындағы бәсекелестікте еңбек ету іс-әрекеті жағдайына дайындау.

Үшіншіден, олардың бойында алғырлық, дербестік, развитие у них предприимчивости, самостоятельности, деловитости, ответственности, талапшылдық, оймен тәуекелге келушілік, адалдық мен кісілік қасиеттерін дамыту.

Төртіншіден, мектеп-интернат түлектерінің таңдап алған еңбек іс-әрекетінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру және оны кәсіби жинақылықпен ұштастыру.

Бесіншіден, қазіргі заманғы экономикалық білім алуға жағдай жасау, экономикалық ойлауды қалыптастыру, сонымен қоса оларды шын мәніндегі кәсіби-экономикалық қарым-қатынасқа араластыру.

Алтыншыдан, еңбек іс-әрекетіне қатысты барлық бағыттағы тұлға мәдениетіне тәрбиелеу (еңбек мәдениеті, экономикалық, экологиялық, құқықтық мәдениет және т.б.)

Осы мақсат-міндеттерге жету үшін мектеп-интернат мына іс-әрекеттерді іске асырады:

- тәрбиеленушілердің психологиялық, дене бітімдік ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып білім беру бағдарламаларын өздіктерінен әзірлеп, қабылдап, іске асырады;

- жылдық оқу жоспарларын, күнтізбелік жоспарлар мен график, сабақ кестелерін өздіктерінен әзірлеп, бекітеді;

- оқытып-тәрбиелеудің түрі, әдісі, құралдарын, оқыту құралдары мен оқулықтарын таңдап алады;

- бағалау жүйесін, түрін, оқушыларды аралық аттестаттаудан өткізу тәртібі мен талабын таңдайды.

Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың қызығушылықтары арқылы келешек кәсіби еңбек ету мүмкіндіктері анықталады. Осы жұмыстың екінші бағытында тәрбиеленуші мүмкіндігіне сай мамандық таңдау ісі жүргізіледі. Бұл жерде тәрбиеленушілеріміздің тек қана кәсіби дағдыларды игеру немесе игере алмаудың түбегейлі мүмкіндіктерін, еңбегін ескеріп қана қоймай, қызығушылықтарын, икемдерін ескереміз.

Сол себептен біздің мектептің түпкі басыңқы мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды кәсіби еңбекке дайындау. Өңірімізде, әсіресе, осындай қазақ ұлтты балаларды кәсіби білімге оқыту бағдарламаларын дайындау қажеттілігі туындады.

Түлектерімізді қазіргі нарықтық жағдайда еңбек нарығына қажеттілігі туындаған тігінші, ағаш шебері, әрлеуші (ішкі әрлеу жұмыстары), кіші қызмет көрсету қызметшісі, коммуналдық қызмет жұмысшылары сияқты еңбектермен қамтамасыз ету жолында мектебіміз өзгеріске ұмтылып кәсіби бағдар мен кәсіби еңбекке дайындықты ұйымдастырудың жаңа моделін іздестіруде. Оған әсер етіп отырған арнайы білім беру бағыты, кәсіп алды дайындық (кей уақытта жұмысқа орналастыру сияқты істерді қамтыған) пен кәсіби бағдар беру құрылымдарынан бірлескен арнайы мектептің жаңа моделі.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернат моделі - қазақстандықтардың әлеуметтік-мәдени және экономикалық заманауи жағдайына жауап беретін, оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, арнайы психологтық-педагогикалық қолдау көрсететін, заманға сай дамып келе жатқан жүйе.

Ол, біріншіден, аралас мектеп-интернат. 2007 жылдан бастап мектептегі оқу-тәрбиелік жүйе мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілуде. Осындай екі тілді арнайы мектеп елімізде жоқ деп айтуға болады.

Екіншіден, психологтық-педагогикалық кеңес беру орталығының функциясын орындаймыз. Білім және тәрбие беру барысын жүргізе отырып (жалпы пәндер бойынша) облыстың арнайы мектеп-интернаттар, жалпы білім беру мектептері мен инклюзивтік мектеп педагогтарына оқу-әдістемелік көмек көрсетеміз.

Үшіншіден, кәсіп алды дайындық беру. Яғни, тереңдетілген кәсіби дайындықтың 10 сыныбы ашылады. 10 сынып оқушылары кәсіп алды дайындықтан өтеді.

Арнайы (түзету) мектеп оқу жоспарының негізінде пәндік оқыту принципі жатыр.

ПДТ сыныптарда еңбекке оқыту «Технология» білім саласына еніп, оқу пәні 1-4 сыныптарда «Еңбек» деп, 5-10 сыныптарда «Технология» деп аталады. 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағат, 5-10 сыныптарда аптасына 1 сағат бөлінген. 9-10 сыныптарда 1 сағат «Сызу» қосылған.

Еңбекке оқыту интеллектуалдық бұзылыстары жеңіл сыныптарда «Әлеуметтік бейімдеу және еңбекке дайындау» білім саласына еніп, пән 1-3 сыныптарда «Қол еңбегі» аталып, аптасына 2 сағаттан бөлінген. 4-6 сыныптарда «Жалпы еңбекке дайындық» оқу пәні еніп, нәтижелі әлеуметтік бейімделу мақсатында болашақ кәсіби-еңбекке оқыту пропедевтикалық, кәсіби диагностикалық, кәсіби бағдарлық талаптарын ұстанады. Жалпы еңбекке дайындық барысында оқушылар әр адамға өмірде қажет болатын әртүрлі еңбек іс-әрекеттерін игереді. Оқушылардың теориялық, практикалық материалдарды қабылдау және игеру мүмкіндіктерін психологтық-педагогикалық түрде зерттейді. 4 сыныпта аптасына еңбекке 4 сағат бөлінсе, 5-6 сыныптарда 8 сағат бөлінген. 7-9 сыныптарда еңбекке оқыту кәсіби бағытты ұстанады. Еңбекке оқыту бейіні түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жергілікті жердің ерекшеліктерін ескерген мектеп әкімшілігінің шешуімен анықталады. Еңбекке дайындық бейінің әртүрлілігі мен жергілікті жағдайдың ерекшелігінен мектеп әр еңбек түріне оқыту бағдарламасын құрады. Оқу пәні «Кәсіби-еңбекке баулу» деп аталады. Осы еңбекке 7-8 сыныптарда аптасына 10 сағат бөлінсе, 9 сыныпта аптасына 12 сағат бөлінген.

Мектебімізде оқу-кәсіптік шеберхана болғандықтан тереңдетілген кәсіби еңбекке дайындық 10 сыныбы ашылды. Аптасына 22 сағат бөлінген. Мұғалімдер осы сыныпқа бағдарламаны оқушылардың психологиялық-дене бітім ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескере отырып жасады..

Еңбек практикасы 5-6 сыныптарда мектеп базасында, 7-9 сыныптарда мектеп шеберханасында, 10 сыныпта практикалық базасы бар кәсіпорындарда өтеді. Еңбекке оқытудың қызықты да, қолдан келетін практикалық іс-әрекет кезінде баланың жоғары психикалық функциясы дамытылады. Оқушының сезімдік аумағын толықтыруға, еңбекке деген ынтасы мен нәтижесін тудыруға көңіл бөлінеді. Оқушылар мектепті еңбекке оқыту пәнінен емтихан тапсырумен аяқтайды.

Интеллектуалдық бұзылыстары орташа сыныптарда еңбекке оқыту

1-4 сыныптарда білім беру саласы «Әлеуметтік бейімдеу және еңбекке баулу». Оған кіретін пәндер: «Заттық-тәжірибелік әрекет» аптасына 2 сағаттан, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аптасына 2 сағаттан. 5-9 сыныптарда білім беру саласы «Әлеуметтік бейімдеу және еңбекке баулу», кіретін пәндер 5-7 сыныптарда «Шаруашылық еңбек» аптасына 2 сағаттан, 8-9 сыныптарда аптасына 3 сағаттан, 5 сыныпта «Кәсіп» пәніне аптасына 6 сағат бөлінсе, 6-8 сыныптарда аптасына 8 сағат, 9 сыныпта аптасына 10 сағат бөлінген.

Интеллектуалдық бұзылыстары орташа балалар оқушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен мектеп ресурстары ескеріліп, еңбекке оқытудың қарапайым түрлері ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі оқушының психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің нұсқауын және мектеп мүмкіндігін ескеріп, жеке анықталады. Қажеттілігіне қарай еңбекке оқыту профилі өзгертілуі мүмкін. Екінші бөлім оқушылары еңбекке дайындау пәндері бойынша бітіру емтиханын тапсырмайды. Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектептердің (сыныптардың) екінші бөліміндегі түлектер облыстық білім басқармаларымен келісе отырып, мектеп әзірлеген формадағы мемлекеттік үлгіде куәлік алады.

Осы талаптарды сақтай отыра, мектептің кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру үшін мынадай жұмыс жоспарын құрдық:

-озат халықаралық педагогикалық тәжірибе негізінде дайындалған интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың бейімделген еңбекке оқыту жүйесінің теориялық негізін зерттеп, оқыту практикасының жағымды және мәселелі жақтарын анықтау;

- интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психофизикалық диагностикасының негізінде арнайы (түзету) мектебінің еңбекке оқыту арнасын қарастыру;

-ұсынып отырған арнайы (түзету) мектебі оқушыларының еңбекке оқыту моделінің нәтижелілігін өздігінен сараптамалық түрде зерттеу;

-оқытудың жаңа технологияларын талдап, оларды зерттеуге әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;

-мәселе бойынша жалпы және арнайы әдебиеттер зерделеп, талдау;

-мектеп, мұғалімдер мен оқушылардың құжаттарын қарап шығу;

-педагогикалық тәжірибелерін қарастырып, талдау, жалпылау;

-мәселе бойынша медико-психологиялық-педагогикалық талдама жасау;

-педагогикалық бақылау, сауалнама алу;

-педагогикалық сараптама, жеке бақылау зерттемелерін өткізу;

-алынған мәліметтерді талдау, салыстыру, іріктеу (аналогия), жүйелеу, салаға бөлу;

-оқушының білім беру мекемесінің мақсаты мен жағдайына бейімделуге көмектесе отырып, оқытудың нәтижелілігі мен сапасын арттыру;

-оқушы тұлғасының даму деңгейін үнемі бақылауда ұстау, оқушыны психологтық-педагогикалық қолдау ("назарда ұстау");

-оқушылардың кәсіби бағдарлануы, мамандық таңдау кезінде тұлғалануы (еңбекке оқытудың бейінін таңдау - психологиялық мақсат);

-еңбекке оқытудың әр сабақтарының материал мазмұнының практикалық және өмірлік кезеңдерде қазіргі уақытта, келешекте де маңыздылығын мақсат қоя үнемі түсіндіріп, барлық жоспарларға ендіріп отыру;

-мекемеден тыс жерлерде қажеттілігі бар түзету жұмыстарын оңалту аумағын кеңейту;

-оқушыларды өмірге терең бейімдеу мақсатында облыстың арнайы орташа кәсіби оқу орындарымен тығыз байланыс жасау (оқушылардың білімі мен практикасына қойылатын талаптар, заңнамалық актілер, бағдарламаларын салыстыру, емтихан талаптары, т.б.);

- тереңдетілген кәсіби еңбек дайындығы сыныбының (10) практикасын кәсіпорындарда өткізу;

-және т.б.істелетін жұмыстар.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың алған білім деңгейі мен сапасы олардың келешектегі өмірлеріне жол салады, атап айтсақ, өзіндік кәсіби дамуына көмектеседі. Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың кәсіби бағдарлануы дәрігерлік көрсеткіштердің негізінде жүргізіледі. Балалар өз мүмкіндіктерін болашақ мамандық талаптарына сай ескермеулері мүмкін, сондықтан да олар факультатив, үйірме, еңбекке оқыту бейінін, мектепті бітірген кезден бастап болшақ мамандығын таңдағанда қажет болатын кәсіби бағдарлаудан кеңесті қажет етеді.

Осындай, кәсіби еңбекке дайындау жүйесін жетілдіру арқасында интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларды кәсіби еңбекке дайындау арқылы барынша әлеуметтік бейімдеп мемлекетіміздің, қоғамымыздың, кіші ортамыздың тапсырысын орындаймыз. «Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Арнайы (түзету) мектептерінде білім алушыларды аттестаттаудан өткізу әдістемесінің ережесі. ҚР БҒМ 2004 жылғы 2 наурыздағы № 166 бұйрығы.

2.Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметің үлгілік қағидалары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 258 бұйрығы.

3.Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында және арнайы білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылының бастамасы туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2014. - 17 б.

4.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 7 желтоқсандағы ҚР Президентінің № 1118 Жарлығы.

5.Қазақ және орыс тілінде оқитын мұмкіндіктері шектеулі оқушыларға арналған негізгі білім берудің типтік оқу жоспарлары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпан № 61 бұйрығына 3, 4 -қосымшалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 6-1, 6-2 қосымшалары.

6.«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. 17.01.2014

7.Оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған

бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпан № 61 бұйрығына 1, 2-қосымшалары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 1-3, 3-2 қосымшалары



© 2010-2022