Брифинг «Мәңгілік Ел» - ұлтымыздың ұлы бағдары» (10-11 сыныптар)

Жас Отан жастар қанатының белсенді мүшелері арасында Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы жолдауының «Мәңгілік ел» идеясын ұғындыру, насихаттау.Тәуелсіздігіне жиырма екі жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы.Ұлт көшбасшысының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ...
Раздел Завучу
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қ.И.Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейі



Тақырыбы : «Мәңгілік Ел» - ұлтымыздың ұлы бағдары»

(брифинг)





орындағын : У.Ж.Жасынбекова



Жезқазған - 2014 ж.



Тақырыбы: «Мәңгілік Ел» - ұлтымыздың ұлы бағдары»

Мақсаты: Жас Отан жастар қанатының белсенді мүшелері арасында Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы жолдауының «Мәңгілік ел» идеясын ұғындыру, насихаттау.

Көрнекілігі: слайд, видео

Залға шақырылатын сыныптар : 10 а , 10 б, 10 тех. 9 а, 9 б, 9 в ; сынып жетекшілері

Жүргізуші:Тәуелсіздігіне жиырма екі жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы.Ұлт көшбасшысының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы - елімізді өз мақсатына дәуір сындарынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.

Құрметті қонақтар, жас отан жастар қанатының белсенді азаматтары! Бүгін біз Сіздермен ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында халыққа жолдаған кезекті жолдауының негізі мазмұны мен идеясын ортаға салып, ой толғап, пікір айту мақсатында ұйымдастырылған брифингке жиналып отырмыз.

Жүргізуші : бүгінгі ой бөлісу сәтін елбасының жастарға арнаған мына ойларынан бастағым келіп тұр:«Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар! Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық». Елбасы сөзін негізге алуымыздың өз себебі бар, болашақта ел тізгінін ұстайтын бүгінгі жас жеткіншек «Мәңгілік ел» идеясының негізінде ұлт болашағының жарқын кепілі барын бүгін түсінуі тиіс. Бүгінгі шара мақсаты да осыны көздейді: өскелең ұрпақ арасында«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы жолдауының «Мәңгілік ел» идеясын ұғындыру, насихаттау. Бүгінгі брифингке шақырылған арнайы қонақтармен таныстыруды рұқсат етіңіздер.

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы Қарағанды филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балмағанбетов Қанат Сұлтанұлы;

Бөлен Хансейіт Ыбрахымұлы «Нұр Отан» партиясы мүшесі, қалалық маслихат депутаты;

Әйгерім Рахымқызы - Жас Отан Жастар қанатының атқарушы хатшысы;

«Сарыарқа» газетінің редакторы /бас директоры/Асантегі Төлеш Сүлейменұлы;

«Мысты өңір» газеті редакторының орынбасарыАбдолла Дастанов;

Мектеп-лицей «Ата-аналар» университетінің проректоры Кенжетаев Рахымғазы Нурғалиұлы;

Н.А.Жумажанова - мектеп-лицей директоры;

Ж.А.Ақбаева - мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Ә.Әбдіғалым - мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі.

Ибрагимова Нұрбек Асылбекұлы - мектеп-лицейдің ЛК өзін-өзі басқару бірлестігінің президенті.

Жүргізуші: елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Мәңгілік ел» ұғымына төмендегідей түсінік берді:«Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел! Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым».

«Елбасы Жолдауы - «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясын жүзеге асыру жолындағы тірек» тақырыбындағы өз ойын білдіруге ортаға «Лицеистер кеңесі» өзін-өзі басқару ұйымының президенті 10 А сынып оқушысы Ибрагимов Нұрбек Асылбекұлын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші : Мемлекет ретінде 22 жыл ішінде қалыптастырған құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр. Сөз кезегі бүгінгі кездесу қонағы «Нұр Отан» партиясы«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балмағанбетов Қанат Сұлтанұлына беріледі.

Жүргізуші: рақмет.«Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Келесі сөз кезегі «Нұр Отан» партиясының мүшесі, қалалық маслихат депутаты Бөлен Хансейіт Ыбрахымұлынаберіледі.

Жүргізуші : рақмет. Жолдауда : Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.

Аса маңызды міндет-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру. Осы мәселе төңірегінде ой өрбіту үшінсөз«Сарыарқа» газетінің редакторы /бас директоры/Асантегі Төлеш Сүлейменұлына және «Мысты өңір» газеті редакторының орынбасары Абдолла Дастановқа беріледі.

Жүргізуші: 2050 Стратегиясы еліміздің өз бағыты мен баратын айлағын білдіретін, басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін айқын шамшырақ. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді. Құрметті қонақтар келесі ой-пікірлерді ортаға салу үшін сөз кезегі «Жас Отан Жастар қанатының» атқарушы хатшысы Әйгерім Рахымқызына беріледі.

Жүргізуші :рақмет. Елбасы жолдауында маңызды орынға ие болған тақырып,әр азаматқа ананың сүтімен, отбасы тәрбиесімен бойына сіңетін ана тіліміз - қазақ тілі туралы мәселе.Президент анатіліміздің Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болатындығына сенімін білдіріп, тілді дау-дамайдың төркініне емес, даму мен өркендеудің негізіне, ұлттың ұйытқысына айналдыру - баршамыздың парызымыз екендігін бәрімізге де тағы бір мәрте ұғындырды. «Елбасы жолдауы «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының берік негізі»тақырыбында өз ойын көпшілік назарына ұсыну үшін сөз мектеп-лицей «Ата-аналар университеті» бірлестігінің проректоры Кенжетаев Рахымғазы Нурғалиұлынаберіледі.

Жүргізуші:Елбасы жолдауы - ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Жаңа дәуірдің кемел келбеті білімді, елжанды азаматтарымен жарқын. «Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті» деп сенім артқан ел жастары қандай болуы керек? Осы мәселе жөнінде сөз мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаңыл Ақбайқызына беріледі.

Жүргізуші : рақмет. Президент білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын, 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту керектігін, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңыздылығын, орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін нақтылай отырып ,мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс деп атап көрсетті. Сөз кезегі Қ.И.Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Әбдіғалім Әйгерімге беріледі.

Жүргізуші: рақмет. «Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

ЛК мүшелері шығып айтады: /үстеріне футболка, бастарына бейсболка киеді/

1-оқушы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар - уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

2-оқушы.Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

3-оқушы. Екіншіден, бұл - қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

4-оқушы.Үшіншіден, бұл - зайырлы қоғам және жоғары руханият.

5-оқушы.Төртіншіден, бұл - индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

6-оқушы.Бесіншіден, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

7-оқушы.Алтыншыдан, бұл - тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

8-оқушы.Жетіншіден, бұл - еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

9-оқушы.Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Жүргізуші:«Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!» қорытынды сөз мектеп-лицей директоры Н.Ә.Жумажановаға беріледі.

Жүргізуші: «Стратегия - күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ, нарықтық жағдайда тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті - осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін» елбасы сенімін ақтайық!













© 2010-2022