Ақпараттық – оқыту ортасында мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - «e-learning» электрондық оқыту жағдайында жұмыстану үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет.  Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосы...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақпараттық - оқыту ортасында мамандардың

ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру


Искалиева Айгүл Бисенбайқызы -Ж.Досмұхамедов атындағы

педагогикалық колледж директорының

ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары,

БҚОТжКББҰ МЕТИООӘБ жетекшісі

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - «e-learning» электрондық оқыту жағдайында жұмыстану үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы қажет.

Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Электрондық оқыту жағдайында автоматтандырылған жүйеде оқушы білім беру контентімен тиімді жұмыстанады, жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Оған қол жеткізу үшін оқушыларға тәлім-тәрбие беретін мамандар даярлайтын оқу орнында, жалпы әр оқу орнында ақпараттық оқыту ортасы болуы міндетті.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) - жалпылама ұғым, ақпаратты өңдеуге арналған әртүрі құрылғылар, механизмдер, тәсілдер, алгортмдер.

АКТ-ның басты құралы - компьютер, программалық жабдықтар мен телекоммуникация құралдары.

АКТ құралдарының әдістемелік жағынан жіктелуі:

  • оқыту -жаңа білімді хабарлайды, оқу немесе практикалық жұмыстың біліктері мен дағдыларын қалыптастырады;

  • тренажерлар - оқылған материалды қайталау немесе бекітуде біліктер мен дағдыларын жетілдіреді;

  • ақпараттық-іздеу және анықтамалық ақпаратты жүйелеуде ақпар береді, білігі мен дағдыын қалыптастырады;

  • көрнекі - зерттелетін нысан, құбылыс, үрдістерді визуалдайды;

  • имитациялық - құрылымы мен функционалды сипаттамасын зерттеу үшін нақты аспектілерді анықтайды;

  • лабораториялық - нақты жабдықтар көмегімен эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді;

  • модельдеу - нысан, құбылыс, үрдістерді модельдейді;

  • есептеу - қайталанатын операциялар мен әртүрлі есептеулерді автоматтандырады;

  • оқыту-ойын - білім алушымен ойын формасында әртүрлі жағдаяттар туғызуға арналған.

Болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың бір жолы - білім стандартында жоспарланған «Информатика», «Жаңа педагогикалық технологиялар» т.б. пәндерді оқыту және оқу практикасы.

Екінші жолы - аудиториядан тыс жұмыстар, үйірмелер ұйымдастыру, жеке кеңес беру, семинар-тренингтер, курстар, т.б. белсенді жұмыс түрлерін өткізу.

Келесі жолы - Интернет-технология, желілік технология, интерактивтік технология, жобалау технологиясы т.б. жаңа технологияларды меңгерту, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану, электрондық оқыту қорларын жасақтау, сынақтан өткізу және оқу-тәрбие үрдісіне енгізу; электрондық ресурстар мен цифрлық контенттер қорын толықтыру.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастырудың әлеуметтік жағы да бар. Бір жағынан маман қалыптасады және социумда өзін-өзі көрсетеді, ал екінші жағынан ақпараттық технология арқылы социуммен, қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі, әлеуметтік желілерде жұмыс жасау тәжірибесі, мәдениеті қалыптасады.

Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің даму деңгейін мына көрсеткіштермен сипаттауға болады:

• ақпараттық - ақпаратпен жұмыс жасау тәсілдерін білуі, ақпараттық технологияларға қызығушылығы;

• технологиялық - кәсіби қызметінде ақпараттық білімі мен білігін қолдана білуі, мәліметтерді өңдеуде программалық және аппараттық құралдарды таңдай білуі;

• нәтижелілік - жаңа педагогикалық ақпараттық өнімдер жасақтауы (электрондық оқулық, электрондық-әдістемелік жүйе, оқу құралы, оқу-әдістемелік кешен, білім контенттері, аналитикалық есептер, педагогикалық жобалар, құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарлары т.б.).

Математика, есептеуіш техника, информатика пәні оқытушыларының әдістемелік бірлестігі 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бірлестік облыс көлеміндегі педагогтың кәсіби құзыреттіліктерін көтеру, кәсіби қызметі саласында тәжірибе алмасу бағытында жұмыстанды. 6 жыл ішінде оқытушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы танымдық жұмысымен, өз пәндік облысы бойынша алгоритмдік түрде әдістемелік, жобалық, модельдік мәселелерді шешу тәжірибесі, оқу жағдаяттарын педагогикалық түрде тиімді шешу бағытындағы кәсіби-бағыттағы шығармашылық жұмыстары, болашақ мамандардың бойынша әртүрлі құндылықтарды қалыптастыру тәжірибелерімен танысып, зерттеліп, таратылды. Жыл сайын ғылыми -практикалық конференциялар, семинар-тренингтер, математикалық регата, жобалық жұмыстар байқауы өткізіліп, шығармашылық жұмыстар есебі тыңдалды. Оқытушылардың жасақтаған оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендері, электрондық оқу құралдары сарапталып, әдістемелік бірлестікпен бекітілді: №5 КЛ оқытушысы В.Д.Вербицкая, №16 КЛ оқытушысы В.Г.Джувандыкова, №15 КМ оқытушысы Б.А.Абдрахманова, Орал қаржы -экономикалық колледжінің математика пәні оқытушысы С.Б.Галиева, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің математика пәні оқытушысы Т.И.Лихачева, Ауылшаруашылық колледжі оқытушысы Лавренова О.В., Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы М.Б.Маукешева, №11 КЛ оқытушысы Г.Т. Хайредденова, №1 КЛ оқытушысы М.Ш.Жуминаның, №17 КЛ оқытушысы Д.Ж.Имашевтың, Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы А.К. Шканова, Жоғары техникалық мектептің оқытушысы К.Ж. Молдашеваның, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі оқытушылары Ешмуханова А.Е., Кенжегалиева Г.А., Машгулова М.К., Ермолаева Е.П., Рамазанова Л.Е., Сарсенова С.Б., Қаратөбе колледжінің оқытушысы З.М. Жұмағалиеваның, Орал ақпараттық технологиялар колледжі оқытушысы М.К. Абдрахманова, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі оқытушылары О.Л.Сватко, Б.И.Есенов, И.Х.Хулжановалардың жұмыстары. Оқытушылардың ашық сабақтарына қатысып, талданып, ұсыныстар беріліп отырды.

Биылғы оқу жылында 1.sabak.kz сайты арқылы онлайн сабақтар, шеберлік кластарын өткізу қолға алынды. Биылғы ғылыми-практикалық конференцияға «Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы» білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік жаңа ақпараттық технологиялар зертханасының маманы Максотов Армат Болатұлы арнайы шақырылып, «EIIuminate Iive платформасынын мүмкіндіктері» туралы баяндап, практикалық түрде демонстрация жасалды. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде Oral_Pedcoll виртуалды кабинетінде онлайн сабақтар контентін басқару, конференциялар ұйымдастыру модераторлығы арқылы екінші жыл жұмыс жасауда.

Колледждерда ақпараттық орта жасақтау мақсатында материалдық-техникалық база нығайтылып (Интернет желісіне қосылған компьютер класы, мультимедиялық және интерактивтік проектор, интерактивті тақта, мультимедиялық подиум, сенсорлық киоск, т.б.), программалық жабдықтар (электрондық оқулықтар; мультимедиалық программалар, бақылау және тестілеу программалары т.б.), оқу-әдістемелік кешендер толықтырылуда. Мысалы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ақпараттық оқыту ортасын 2 жылжымалы және 10 компьютер класы, электрондық оқыту залы, EIKI, Epson интерактивтік проекторлары, ActivBoard интерактивтік тақтасымен жабдықталған
11 автоматтандырылған жұмыс орны құрайды. Колледжішілік локальдық желі мен ID Phone Мегалайн Офис тарифімен Интернетке қол жеткізген. Оқу үрдісін тиімді басқару үшін оқу кабинеттерін бақылау және басқару, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін RMS TektonIT и iTALC бағдарламалары арқылы электрондық басқару жүзеге асырылған. Колледждің pedcolleg.kz сайтындағы топтардың электрондық журналы арқылы оқытушылар, студенттер мен ата-аналары пән бойынша бағалармен танысады, мониторинг жүргізе алады, үш тілдегі сайт арқылы колледж мамандықтарымен таныса, сауалнамаға жауап бере, колледж директорына қалаған сауалдарын бере алады. «Кітапхана ісі» бағдарламасы арқылы электрондық кітапхана қорымен таныса және пайдалана алады. «Пифагор» және «Тамос» бағдарламалары арқылы электрондық контент жасақтау, жұмыс істеу, автоматтандырылған тестілеу бағдарламасы, чат арқылы хабар алмаса алады. English Discoveries Online/Offline мультимедиялық курсын пайдалану арқылы онлайн және оффлайн жүйесінде ағылшын тілін жетік меңгеріп отыр.

Маманның ақпараттық-оқыту ортасында ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың 3 деңгейі анықталған:

  • базалық - компьютерлік сауаттылығын ашу үшін базалық білім, білік пен дағды жинақталады; ақпараттық технологияны төменгі деңгейде пайдаланады (электрондық түрдегі ақпаратты құру, өңдеу, көшіру, сақтау, тасымалдаудың қарапайым тәсілдерін, ақпаратты презентациялық технология құралдары арқылы береді, Интернеттен ақпарат іздеу, желілік қарым-қатынас жасау, кездескен мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдайды).

  • технологиялық - кәсіби қызметінде ақпараттық технологияны құрал ретінде пайдаланады (Интернет-қорларды, пән облысына қатысты интерактивтілік пен ақпарат беру деңгейін сараптайды; программалық жабдықтар мен ауқымды компьютерлік желі қорларын технологиялық, экономикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды есепке ала отырып талдайды; Интернет желісінде программалық-технологиялық және ақпараттық жабдықтардың берілу түрін, құралдарын, сапасын бағалайды);

  • практикалық (кәсіби) - ақпаратпен жұмыс жасау үшін жаңа құралдар жасауды меңгереді.

Қазіргі кездегі жаппай компьютерлендіруге қарамастан оқытушылардың 20 пайыздайы компьютерді төменгі деңгейде меңгерген, өзбетімен диаграмма, график құра алмайды, дайын презентациялық шаблондарды ғана пайдаланады. Интернетті тек қана іздеу және хабар алмасу құралы ретінде пайдаланатындар да баршылық.

Дегенмен, жыл өткен сайын технологиялық деңгейдегі педагогтар саны артып келеді. Оқытушылар педагогикалық мамандыққа қатысты және пән аумағына сай бағдарламаларды тез меңгеріп, интерактивтік құрылғыларды кәсіптік қызметтерінде шеберлікпен қолдануда. Өздерінің электрондық портфолио жасақтап, цифрлық контентпен (электрондық оқулықтар, электрондық сабақтар, интерактивтік тақтамен өткізілетін сабақтар, сыныптан тыс шаралар, автоматтандырылған тестілер т.б.) толықтыруда.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі АКТ-ның сапалы және қолжетімді білім беруде маңызы зор екендігін көрсетеді.

Барлық нәрсе мұғалімнен бастау алады!

Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп керектері» еңбегінде «...мұғалім қандай болса, мектеп һем сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі-білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен.

Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтың да іргетасы берік қаланады. Сондықтан әр оқу орнында веб-дизайн, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, музыкалық өнер бойынша әртүрлі студенттік студиялар көбейсе, болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық және кәсіптік құзыреттілігі арта түспек.

Кәсіби құзыретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі деңгейі жоғары маман дайындасақ, күні ертең ұрпақ тәрбиелер ұстаз бойында ізгі мұраттарды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Курманалина Ш.Х. «Обновление методического обеспечивания учебного процесса в условиях информатизации образования» - г.Омск, 2002 год.

  2. Молчанов С.Г. Профессиональная компетентность в системе повышения квалификации // Интеграция методической (научно-методической) работы и системы повышения квалификации кадров. Челябинск, 2003.

  3. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования»,
    Е.С. Полат - М.: Аcademia, 2000, 171 б.

  4. «Система внедрения информационных технологии в организацию обучения школьным предметам в школе-гимназии», С.М. Иванова, Материалы 4-го международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», 2006.

  5. Иванова Е.В. Формирование информационной компетентности - важнейшая задача профессиональной подготовки учителя / Конгресс конференций «Информационные технологии и образование», ito.su/2003/II/3/II-3-3307.html

© 2010-2022