Мектеп басшыларына арналған нұсқаулық

Бұйрық – бұл   білім ұйымының қызметкеріне және мекеменің жедел қызметіне, қаржыландыруына, жоспарлауына байланысты, сондай-ақ  өзге де өндірістік мәселелерді шешу үшін мекеме директоры шығаратын нормативтік құжат. Бұйрықтардың негізгі компоненттері:    -мекеменің аты     -құжат түрінің аты (бұйрық)     - шығарылған күні     - тіркеу нөмірі     - тақырыбы     - бұйрықтың мәтіні     - бұйрықты шығаруға негіздеме     - құжатқа қол қоюға өкілетті адамның         қолы     - мектептің мөр таңбасы Б...
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бұйрық - бұл білім ұйымының қызметкеріне және мекеменің жедел қызметіне, қаржыландыруына, жоспарлауына байланысты, сондай-ақ өзге де өндірістік мәселелерді шешу үшін мекеме директоры шығаратын нормативтік құжат.

Бұйрықтардың негізгі компоненттері:
-мекеменің аты
-құжат түрінің аты (бұйрық)
- шығарылған күні
- тіркеу нөмірі
- тақырыбы
- бұйрықтың мәтіні
- бұйрықты шығаруға негіздеме
- құжатқа қол қоюға өкілетті адамның
қолы
- мектептің мөр таңбасы

Бұйрықтарға қойылатын талаптар:
- бұйрықтың сөйлемдері қысқа және
анық болуы керек;
- бұйрық мәтіні ешқандай
талқылауды қажет етпейтін дәл
болуы керек;
- қайталау және қайшылықтың
болмауы қажет;
- дәйекті, жүйелі болуы керек;
- әрбір жаңа ой азат жолдан
басталуы қажет;
- бұйрықтың әрбір пункты басқа
пункттарға қайшы келмеуі керек;

Бұйрықтың міндетті :
компоненті - негіздемелердің
сүйенетін нормативтік базасы:
- күші бар заңдар;
- білім ұйымының іс-әрекетін реттеуші
нормативтік актілер;
- білім ұйымының локалды актілері
(педкеңес, конференция, жиналыс
шешімдері, ;
- қызметкердің өтініші;
- тексеру актілері; т.б.

Бұйрықтың түрлері:
1. Негізгі қызмет бойынша
2. Негізгі құрам бойынша
3. Оқушылар қозғалысы
бойынша

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарда:
оқу-тәрбие процесі мәселелері жөніндегі жарлықтар мен қаулылар, мекеменің қайта құрылуы мен таратылуы, құрылым мен штаттарды бекіту немесе өзгерту, құжаттарды (ережелерді,нұсқаулықтарды, шектеулерді және т.б.) күшіне ендіру, жоспарлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайлары, қаржыландыру, жедел басқару және ағымдағы қызметтің басқа да бағыттарымен байланысты барлық шешімдер рәсімделеді.

2. Негізгі құрам бойынша бұйрықтарда
қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, босату, демалыстар беру, разрядтар тағайындау, қызметкерлерге жаза қолдану мен көтермелеу, іссапарға жіберу, фамилияны өзгерту және кадрларды басқару процесінде туындайтын басқа да заңдық фактілер рәсімделеді.

3. Оқушылар қозғалысы бойынша бұйрықтарда
оқушылардың келуі, кетуі, сыныптан- сыныпқа көшірілуі, ауыстырылуы, оқу
жылы басталғандағы оқушылардың сыныптар бойынша құрамы, оқушыларды
қорытынды аттестацияға жіберу туралы, оларды марапаттау туралы, мектепті
бітірулері туралы т.с.с. мәселелер рәсімделеді.

Бұйрықтың әзірлену кезеңдері:
1. Мәселенің мәнін зерделеу
2. Қажетті мәліметтерді жинау
3. Бұйрық жобасын дайындау
4. Жобаны келісу
5. Бұйрыққа басшының қол қоюы

Мәселенің мәнін зерделеу кезеңі
Бұл кезеңде бұйрықта бейнеленетін мәселелер шеңбері анықталады, материалдар зерделенеді, ең алдымен үкіметтің заң актілері және шешімдері, нормативтік актілер, өкімдік құжаттар зерттеледі.

Қажетті мәліметтерді жинау кезеңі
Бұл кезеңде қойылған мәселенің мәні бойынша қажетті мәліметтер жинау жүзеге
асырылады. Ол үшін әр түрлі ақпараттық-анықтамалық құжаттар: есептер, анықтамалар, баяндау хаттар мен түсіндірме жазбалар, актілер, қызметтік хат алмасулар пайдаланылады.

Бұйрық жобасын дайындау кезеңі
Мәтінді дайындау кезеңі. Бұл жерде бұйрықтың міндетті түрде "не туралы?"
деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады.Бұйрықтың мәтіні өзара байланысты екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлікте бұйрықты шығарудың негізі көрсетіледі, бұйрықтағы негізгі жүктемені "БҰЙЫРАМЫН" сөзімен басталатын өкімдік бөлік атқарады. Бұл бөлікте кімге
не істеу керектігі (нақты жұмыскөрсетіледі) және тапсырманың орындалатын күні сияқты мәселеле көрсетіледі. Тұжырымдамалар нақты, айқын, түсінікті болуы тиіс.

Егер тапсырма бірнешеу болса, бұйрықтың мәтіні бірнеше тармақтарға бөлінеді. Әрбір тармақ азат жолдан басталады, араб сандарымен нөмірленеді, соңғы тармақта бұйрықтың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын тұлға немесе құрылымдық бөлімше, ал әрбір тармақта - орындаушы, орындалатын әрекеттер мен орындалу мерзімі көрсетіледі.

© 2010-2022