«Салауатты өмір салтын насихаттау»

Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Салауатты өмір салтын насихаттау»

Қалалық «Нашақорлыққа қарсы күрес орталығының» дәрігерімен кездесу

«Салауатты өмір салтын насихаттау»«Салауатты өмір салтын насихаттау»

«Салауатты өмір салтын насихаттау» мақсатында 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Жұқпалы емес созылмалы дерттер Қазақстан үшін өзекті мәселе болып табылады. Бұл дерттер дамуында әркімнің жеке бас әдеттері мен әлеуметтік жағдайлары, тәртіп үлгілері мен темекі шегу, тиімді тамақтанбау, алкогольді тұтыну, төмен деңгейдегі тән белсенділігі және т.б. сол сияқты факторлар, атап айтқанда мәдени ортаның ықпалындағы факторлар маңызды рөл атқаратындығы туралы айтып өтті. Ортаны дұрыс таңдау ауруға шалдығу қаупін едеуір төмендетеді. «Темекі, нашақорлық, ішімдік ішу тек өз денсаулықтарына ғана емес, сендердің болашақ ұрпақтарыңа да зиян тигізетіндігін білесіңдер деп ойлаймын»- деген дәрігердің сөздері оқушыларды біраз ойландырды. Отбасын құруда негізгі аспекті- денсаулық, отбасын құрған әрбір адамның дені сау болып, тек өзі ғана емес, болашақ ұрпағының өмірі үшін де жауапты екеніндігін білу қажет.

Дұрыс тамақтану пирамидасы және порциялар мөлшері туралы әңгіме қозғалды. Тағамның қолайсыз рационы және ас қабылдаудағы зиянды әдеттер туралы оқушылар мәліметтер алды. Оқушыларға салауатты өмір салты мен аурудың алдын алу туралы буклеттер, кітапшалар, жаднамалар және т.б. таратылды. Өздерін толғандырып жүрген сауалнамаларға оқушылар біраз жауап алды.

5-11 сыныптар аралығында қыз бала гигиенасы тақырыбында №20 поликлиниканың гинекологы Калибекова Гульнар Заркынбековна, Тунгушбаевой Нургуль Улыкбековна дәрігерлерімен кездесу өткізілді, бейнематериал көрсетіліп, кітапшалар таратылды.







© 2010-2022