Коучинг на тему Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі

Жалпы мақсаты  Сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды орындау арқылы, өз тәжірибелерінде тиімді қолдануды үйрету Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық. 17-18 беттер Интернет желісі Оқу нәтижесі:  Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білулеріне ықпал етеді, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастырады және шешім қабылдайды, талапқа сай  өлшемдерді қолдану дағдыларын дамытады,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту Сабақта қолданылатын материалдар: Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті маркерлер Оқыту әдістері: Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер 1.АКТ 2.СТО 3.Диалогтық 4.Топтық жұмыс   Критериальды бағалау Кері байланыс
Раздел Завучу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сессия жоспары

"Жақсы тәрбиешінің тек бір рет қана жасаған қателіктері бар, олар оны сын тұрғысынан бағалап, енді қайталамауға тырысады, өз қателіктерін көпке дейін есінде сақтайды. Жаман тәрбиеші өз қателіктерін балалардан көреді" Я.Корчак

23.12.2014

Аптаның күні: сейсенбі

Тақырыбы:

Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі

Жалпы мақсаты

Сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды орындау арқылы, өз тәжірибелерінде тиімді қолдануды үйрету

Сілтеме:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 17-18 беттер

Интернет желісі

Оқу нәтижесі:

Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білулеріне ықпал етеді, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастырады және шешім қабылдайды, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамытады,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Түйінді идеялар:

Сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, стикер, АКТ,түрлі-түсті маркерлер

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер

1.АКТ

2.СТО

3.Диалогтық

4.Топтық жұмыс

Критериальды бағалау

Кері байланыс

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс-әрекеті

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Кіріспе

1 мин

Кіріспе сөз

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

5 мин.

«Жұмыс күнін неден бастау керек?» Бейнекөрсетілім.

Топқа бөлу.

2 мин

Топқа бөлу үшін жыл мерзімдері жасалған түрлі түсті открыткаларды пайдалану.Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады. Мысалы: көктем, жаз, күз, қыс

«Ақ тілек».

Қима суреттерді сәйкестендіріп топтарға бөлінеді

Әрбір топтан 1 қатысушы тілек айтады

Миға шабуыл

5 мин

Оқытудың жаңа тәсілдері туралы не білесіздер?

Слайд СТО

Әрбір топтан 1 мұғалім сөйлейді.

15 мин

Топтарға тапсырма беремін

1. Сыни тұрғыдан ойлау

2. Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сыни тұрғыдан ойлауы

3. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

4. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы

Постер арқылы өз жұмыстарын қорғайды

3 мин

Сергіту сәті «Көңілді би»

Мұғалімдер көңіл күйлерін көтеру үшін топпен би билейді.

10 мин

Тапсырма:

Анар Байболатова «Дәмді» наубайханасынан бір бөлке нан сатып алды. Үйіне келгенде, ол наннан жасыл дақты байқайды. Бұған қапаланған Айгүл, бұл жағдайдың басын ашып алу мақсатында наубайханаға барып, ақшасын қайтаруды талап етпекші болады. Бірақ ондағы қызметкерлер нанның жаңа піскенін,бұл даққа олардың ешқандай қатысы болмағанын айтып, ақшаны қайтара алмайтындығын жеткізді.

Анар Байболатоваға, осы ситуациядан қалай шығуға болатынына көмектесіңіздер.

Топ мүшелері өзара кеңесіп, жағдайдан шығу жолын айтады

/2мин/

2 мин

Бағалау

Ортақ критерий ұсыну.

Төрт топ бірін-бірі бағалайды,өз ой-пікірімен бөліседі.

2 мин

«Менің алған әсерім» Рефлексия

Коучинг-сессиядан алған әсерін стикерға жазады.

Рефлексивтік есеп

«Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі» атты коучинг ұымдастырылды.

Алдыма қойған мақсатым:

Сыни тұрғыдан ойландыратын тапсырмаларды орындау арқылы, өз тәжірибелерінде тиімді қолдануды үйрету.

Коучинг барысында сын тұрғысынан ойлай отырып, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту үстінде жұмыс ұйымдастырылды.

Жұмыс барысында оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер АКТ, СТО, диалогтық оқыту, топтық жұмыс, критериальды бағалау,кері байланыс жұмыстары жүргізілді.

Коучинг соңында рефлексия жазылды, екі жұлдыз бір тілек айтылып, ұсаздар

сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдану туралы білімдерін толықтырды, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыра отырып, шешім қабылдады, талапқа сай өлшемдерді қолдану дағдыларын дамытты.

Топтық жұмыс нәтижесінде әртүрлі аудан мектептерінің арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты, ұстаздар бір-бірімен тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салды. Коучинг жоғары дәрежеде өткізілді.



Ресурстар

Сыни тұрғыдан ойлау


Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді.

Базалық деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

• релеванттық ақпараттар жинауды;

• дәлелдердің талдауы мен бағасын;

• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

• ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Сабақ беру мен оқытудағы сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығын және міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.


Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сыни тұрғыдан ойлауы


Сыни тұрғыдан ойлауды әдетте білім берудің кейінгі кезеңдерімен, орта мектептің жоғары

Сыныптары мен жоғары деңгейде ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында қажетті дағдыларды дамыту мақсатында оқытудың ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдерді алу және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

• бақылау;

• талдау;

• қорытынды;

• интерпретация.

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту


Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеу белгілі бір әрекеттер үлгілері - зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог - мағына мен білімді құру барысында мұғалімдер мен оқушыларды бірлескен іс-әрекетке тарту қабілеті арқылы жоғары деңгейдегі ойлауды дамытуға және зияткерліктің дамуы- на ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің (2004) Диалогтік оқытуына сәйкес сыныпты қолданбалы зерттеу оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын диалектикалық және диалогтік педагогикаға күмән туғызады. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерінің үздіксіз қарама-қайшылығы балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формальды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастырады.

Зерттеудің өсіп келе жатқан көлемі, балалардың тиімді оқып жатқанын және диалог пен дәйектер, талқылау арқылы оқыған кезде олардың зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын көрсету үшін керек. Осылайша балаларды XXI ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар оларға анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек.


Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы


Сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер, Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай, балалардың сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған үдерістер мен құрылымға негізделуі мүмкін. Бірақ ең басында біз рефлективті тәлім-тәрбиенің ұғымын қарастырып, сыни тұрғыдан ойлаудың білім беру бағдарламасындағы қажеттілігін қарастыруымыз керек.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен

әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын шешім ретінде бейнеленіп отыр. Толықтыра айтқанда, балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы білім алу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер тағы да мыналарды дамыту керек:

• білім беру бағдарламасы мен оқытуды түсінудің теориялық негіздері;

• қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың әдістері мен технологиялары.



© 2010-2022