Сынып сағаты Дені дау ұрпақ 10 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№19 орта мектеп






Сынып сағаты Дені дау ұрпақ 10 сынып


Тақырыбы: Дені сау ұрпақ ұлт болашағы









Сыныбы: 10 «ә»

Сынып жетекшісі: Қаналиева А.Т.









2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Дені сау ұрпақ ұлт болашағы

Мақсаты:

білімділік : оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, оларды зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Дамытушылық : оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттың ағзаға тигізетін әсерін, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту
Тәрбиелік : оқушыларды денсаулықты сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, құқықтық, адамгершілік тәрбие беру.
Көрнекілігі: плакаттар, сөзжұмбақтар, төсбелгі, газет көрмесі, бүктемелер жинағы, денсаулық жайлы нақыл сөздер мен мақал - мәтелдер.
Д - Дұрыс дем алу
Е - Ерінбеу керек
Н - Ниеттену
С - Спортпен айналысу
А - Ағзаны шынықтыру
У - Уақытты дұрыс ұйымдастыру
Л - Лайықты өмір сүру
Ы - Ынта - ықылас алға жетелейді
Қ - Қозғалыс ағзаны шынықтырады

Барысы:
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында " Дені сау ұрпақ ұлт болашағы " тақырыбындағы сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Армысыздар,
Болашақтың бастауы
Балғын шақта, балалар!
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
(Ойынға қатысушылар ортаға шығады)
Сайысқа қатысушылар: "Салауат" тобы, "Тазалық" тобы, "Денсаулық" тобы.
1) "Кім көп біледі?" (Мақал - мәтелдің жалғасын табу)
2) "Кім тапқыр?" ойыны (Жұмбақ шешу)
3) Ол кім? Ол не? (Танымдық ойын)
4) Сөзжұмбақ шешу (Денсаулық, тазалық, салауат тақырыбында)
1 - жүргізуші: Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады бүгінгі сайысымыз,
Шықсын шәкірт шындарға қол созатын.

І бөлім "Кім көп біледі?"
(Мақал - мәтелдің жалғасын табу)
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
Үш топ мақал - мәтелдің жалғасын табады)

ІІ бөлім "Кім тапқыр?"
(Сұрақ - жауап, жұмбақ шешу)
1 - жүргізуші: Басталады "Кім тапқыр" деген сайысың,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Жылдамдығың, алғырлығың сыналар,
Қане шәкірт, көрінеді қай ісің?
Ал жұмбақтың жауабын табыңдар.

IІІ бөлім "Ол кім? Ол не?"
(Танымдық ойын)
2 - жүргізуші: Ал, шәкірттер алды - артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтары қалмасын.
"Ол кім? Ол не? бөлімінде
Танымдықпен, білгірлікпен
Жауаптары тыңдалсын.

Көрініс "Зиянды әдеттер планетасы"
Адам: Уһ, жаным - ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерге барып жаным рақат табар екен. Не істесем екен?

Арақ: Мен мөлдірмін, мені ішіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
Оқушы: Тоқта! Спиртті ішімдіктер адам ағзасын ірітіп - шірітетін заттар. Оның құрамында адамға зиянды улы заттар көп. Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында өлімге әкеледі.

Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел.
Оқушы: Тоқта! Темекі шегу - халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады. Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады.

Наша: Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.

Оқушы: Тоқта! Еліміздің экономикасы дамыған сайын есірткілердің түрлері көбейді. Нашақор адамдардың болашағы жоқ. Есірткі заттар - адам ағзасын улайтын ең күшті улы заттар.
"Денсаулық" планетасының тұрғыны: Ей, жауыздар! Сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер, кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Кетіңдер ары, кетіңдер. Жүр, менімен жүрсең адам боласың.
Шынықтырып денеңді
Гимнастика жасаймын.
Таңертең тастай сумен
Рақаттанып шомылу -
Күнделікті әдетім,
Әдетімді қоймаймын.
- Мен кіммен, балалар!?
- Салауатты адам баласы.
Адам баласы ең бірінші денсаулыққа көңіл бөлу керек.


Денсаулықты сақта, түзу өсесің,
Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің.
"Ұлт болам десең, ұрпақ саулығын ойла" атты танымдық сайысымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022