Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Г.С. Суюнова , арнайы пәндер оқытушысы.

МКҚК «Технологиялық колледж » Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

БҚО, Орал қаласы.

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз.

Сабақтың мақсаты: «Саяси репрессия құрбандарын еске алу» күніне орай ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық апат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық - саяси репресия құрбандарын еске алу және оқушыларға елін,жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

  1. Слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі / фон елім-ай әні/

1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.

2-Слайд / фон елім-ай әні/ Онда президент Н.Назарбаев «Қазақстанның мақсаты - өзіне жау табу емес, болғанды болғанындай шынайы білу» деп мәлімдеген. «Қазір тарихты зерттеуде екі бағыт етек алған: Бірінің мақсаты өткенге кінәліні іздеп-табу болса, ал екіншісі бұлай істеу әрі керек, әрі қажет болды дейді» деген.

Елбасы ақиқат осы екі бағыттың бел ортасында жатыр деп көреді. «Біздің мақсатымыз,- дейді Нұрсұлтан Әбішұлы жау іздну емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру».

Және де президент: «Біз әлде кімді немесе тарихты кінәлағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы тап сондай нәубат қайталанбас үшін не істеу керек екенін білеміз.» деген.

1-Оқушы / фон елім-ай әні/

Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.!

3-Слайд 2-Оқушы / фон елім-ай әні/

Тарихқа үңіліп қарайтын болсақ, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, кейін 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп халық аштықтан көз жұмды. Ал қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде 100 мыңнан астам қазақстандық «итжеккенге» айдалды Бұның барлығы қазақ даласына жасалған қиянат болатын

4 -Слайд видио Зауал Ашаршылық туралы деректі фильм

5 -Слайд 3-Оқушы /фон елім-ай әні қобыз/

Жұбан Молдағалиев

«Мен қазақпын» атты өлеңінде:Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

деп жырлағандай, қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясат бәрінен асып түсті.

Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.

6 -Слайд 4-Оқушы Саяси репрессия құрбандары /фон елім-ай әні қобызбен/

1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп - «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп - «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі

7 -Слайд 5-Оқушы Алаш қозғалысының басты мақсаты -/фон елім-ай әні қобызбен/Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Қазақты «ұлт» ретінде қалу болды

8 -Слайд 6-Оқушы/фон елім-ай әні қобызбен/Оқушылар қолына май шам жанып тұрады және суреттерін алып тұрады./

Тұрар Рысқұлов - адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

9 -Слайд 7-Оқушы /фон елім-ай әні қобызбен/

Әлихан Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда өкіметінің төрағасы. , Ресейдің І Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

10 -Слайд 8-Оқушы/фон елім-ай әні қобызбен/

Бейімбет Майлин қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы, Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

11 -Слайд 9-Оқушы фон елім-ай әні қобызбен/ Мағжан Жұмабаев Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған. .Мағжан - лирик , сыршыл ақын. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар - адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. 1917 көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.1923-1926 Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 аяғында ұсталып, 1938 "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледіТарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

12 -Слайд 10-Оқушы фон елім-ай әні қобызбен/ Ахмет Байтұрсынов қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, Қостанай облысы, дүниеге келді. 1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.1905 жылы жер меселесі, казақтың өз жерін өзіне кайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды

13 -Слайд 11-Оқушы фон елім-ай әні қобызбен/ Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды. 1920-1936 Ақмола атқару комитеті төрағасы, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, хaлық ағарту комиссарының орынбасары, ҚазКАСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы, Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым Орталығының төрағасы, Қазақстан пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы, Қазақстан Өлкелік Комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтының директоры, «Жыл құсы» альманағы, «Жаңа әдебиет» журналы басшысы, Қазақтың мемлекеттік институтының доценті, «Әдебиет майданы» журналының редакторы, Қазақтың коммунистік журнлистика институтының профессоры қызметтерін атқарды. еңбек еттіТарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

14 -Слайд Сәкен Сейфуллин кітаптары

15 -Слайд Сәкен Сейфуллин қойылған ескерткіш

16 -Слайд фон елім-ай әні қобызбен/Міржақып Дулатов(1885-1935) - Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі, ақын, драматург.. Ауыл мұғалімі деген куәлік алып, ауылда бала оқытты. 1904 жылы Омбы қаласына қоныс аударып, онда А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановпен танысты. Омбы, Қарқаралы, Орал, Петербор қалаларында көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлесу, саяси қозғалыстарға араласу оның саяси-әлеуметтік көзарасының қалыптасуына ықпал етті.. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды. Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

"Бақытсыз Жамал" романы, "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары ,екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады

17 -Слайд 12-Оқушы

Алыстан Алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын / Міржақып Дулатов/

13-Оқушы

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты. /

Міржақып Дулатов/

17 -Слайд Қуғын- сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

18 -19-20 Слайд Мұражай экспонаттары

21-слайд Қазақ қасіреті /1 минуттық еске алу видио/Әрбір оқушының қолында май шам жанып тұрады./

22-слайд 14-Оқушы

Бір замандарда атақты жаулаушы, француз императоры Наполеон Бонапарт «түріктерді (қазақтарды-Б.Б.) өлтіруің мүмкін, бірақ оларды жеңе алмайсың деп мойындаған екен. Құрбандардың топырағы торқа, жаныпейіште шалқысын! Біз, бүгінгі ұрпағының бақытты болашағы үшін баласынан бастап, бабасына дейін алтын жанын пида еткен құрбандардың өшпес рухына мәңгі басымызды иеміз! Біз, қазақты жер бетінен жойып жіберу үшін, тұқымын тұздай құрту үшін әдейі, қасақана жасалған аштықты, геносидті, репресияны еш қашан естен шығармаймыз! Өйткені, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз

23-слайд 15-Оқушы / фон Өмірқұл Айниязов «Елім-ай »әні жаңа үлгіде/

«Отанды қастерлеу - елдігіміздің тірегі. Біз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Біле-білсек, Отанды сүю - біздің перзенттік парызымыз, қарыс қадам үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз!»
Н.Ә.Назарбаев.

16-Оқушы «Отаным» деген - Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.

24 слайд видио «Елім менің»Бекболат Тлеуханов Тарбие сағаты Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз!

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды қортындылай келе Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Иә, Бәріміз репрессия құрбандары ұрпағымыз. Сол жылдары қан ішіп, қара жамылмаған қазақ отбасы жоқтың қасы. Сол нәубат жылдарында қазақтың жалпы санының жетпіс пайызға жуығы қырылып кеткенін Елбасы ашық айтты.



© 2010-2022