Үздік қар мүсіні байқауы

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бұлақты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Үздік қар мүсіні» байқауының өтілуі туралы мәлімет

03.02.2016 жылы «Үздік қар мүсіні» байқауы мектебіміздің 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа, әсемдікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, сыни ойлау қабілетін жетілдіру, топта бірге ұйымдаса жұмыс істеуге баулу, оқушыларға мерекелік көңіл- күй сыйлау.

Қыс мезгілінде мұндай іс- шаралардың болуы балалардың дене шынығуына және таза ауада тыныстауы үшін, бос уақытын тиімді пайдалануы үшін маңызы зор. Үздік қар мүсіні байқауы оқушыларға қуанышты көңіл- күй, іскерлік, ынтымақшыл орта қалыптастырды. Олар қардан тек аққала жасау ғана емес және де, таңғарларлық қайталанбайтын қарлық фигураларын жасауға болатынын түсінді. Оны жасауға ой- қиял, аса шеберлік пен іскерлік қажет екенін білді. Оқушылар қардан киіз үй, қар төбешіктері, сырғанақ, балық, тасбақаның мүсіндерін жасады. Мектеп оқушылары қардан мүсін жасау ептілігінен жарысты. Барлық байқауға қатысушылар қардан мүсін жасау бұл уақытты тиімді пайдалану, достық қарым- қатынас, еліктіргіштік және қызықты уақыт өткізу екен деген қорытындыға келді.

Мүсін жасауда 5-8 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қатысып, түрлі түсті бояумен әсемдеп бояды. Қазылар алқасының қортындысы бойынша 1- ші орынды 7 және 5 сынып, 2- ші орын 6 сынып, 3-ші орын 8 сыныпқа берілді. Барлық қатысушы сыныптар мақтау қағазын алды.

Үздік қар мүсіні байқауыҮздік қар мүсіні байқауы

Ұйымдастырушы педагог: Ахан Н.У.


© 2010-2022