Воспитательный урок на тему Ас атасы - нан 1 класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы «Ас атасы-нан»

Сабақтың мақсаты: нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.

Міндеттер:

1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу.

2. Зат есіммен фонетиканы пысықтау.

3. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-шоу, шығармашылық дәптерлер, ұлттық нан түрлері.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, проблемалық сұрақ, деңгейлік тапсырмалар, ой қозғау, жұптық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдерме,балалар?

-Отырыңдар.

-Қазір бізде қандай сабақ?

-Қазақ тілі сабағына не әкелеміз?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде не жинаймыз?

-Егін жинаймыз.

-Адам өміріңе ең қажетті тағам не?

-Иә, нан

-Нан-тіршілік нәрі,нан дастарханға оңайлықпен келмейді.

-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз.Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды.

ІІ.Нан дастарханға қалай келеді?

Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.

-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?

-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.

-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?

-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.

-Нан туралы мақал-мәтелдер үйренейік.

Ас атасы-нан.

Нан болса, ән де болады.

Нан тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы.

ІҮ.Деңгейлік тапсырмалар.

1-топ. Мына сөздерден сөз тіркестерін құрастыр. Нан, ас,дәмді,тәтті.

2-топ. Фонетикалық талдау. «Нан»

3-топ. Тірек сөздерді пайдаланып,әңгіме құрастыру. Ас, қою керек, нан, тоқтық, байлық, дастархан.

Ү.Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса,баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

ҮІ.Сөзжұмбақ.

Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.

-Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді? Оны біз ұлттық тағамымыз бауырсақтан табайық.


б



а


у


ы



р



с


а




қ

1.Пісіреді (наубайшы)

2.Жыртады (тракторшы)

3.Тасиды (жүргізуші)

4.Орады (комбайншы)

5.Тартады (диірменші)

6.Сатады (сатушы)

7.Өсіреді (диқаншы)

8.Сақтайды (қоймашы)

ҮІІ.Рефлексия.

-Қандай жаңа сабақ өттік?

-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?

-Нанды дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?

-Қазақтың ұлттық нан өнімдерін атаңдар.

Проблемалық сұрақ.

-Балалар,нанға не істемеу керек?

-Нан -дәм басы.Нанды төңкеріп қоюға,шашуға,жерге тастауға болмайды.

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

«Нан» туралы әңгіме жазып келу.



© 2010-2022