Тәрбие сағат тақырыбы: Білгіштер бекеті

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықлорда қаласы, Қармақшы ауданы,

С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Ділдәбекова Айткүл Мағлұмқызы

3 сынып

Тақырыбы: «Білгіштер бекеті»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру арқылы ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ашылуы.

Түстері таңдату арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Әділқазы алқасын сайлау.

Топтарды таныстыру.

«Сұңқарлар» тобы

«Қырандар» тобы

«Тұлпарлар» тобы

Ұрандарын айтқызу.

1-бөлім. «Сөз - маржаны».

1.Дауыссыз дыбыстарды топтастыр.

Қатаң дауыссыз дыбыстар.

Ұяң дауыссыз дыбыстар.

Үнді дауыссыз дыбыстар.

2. «Сөз құра».

Тапқырлық (лақ,тақ тар...)

Бостандық (дос,нан...)

Баспана (ана,ас,...)

3.Жаңылтпашты жаңылмай айт.

Алатауда неше шың бар?

Қаратауда неше шың бар?

Алатауда бір мың шың бар.

Қаратауда бір мың шың бар.

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым

Ұсынды қарындасым қарындашын.

Балалар қар күреді,

Қарды ауладан ары күреді.

Күрегі бардың бәрі қар күреді

2-бөлім. «Ойлан тап!»

Сандарды ата.

1.Тақ сандарды ата.

(1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21,23)

2.Жұп сандарды ата.

(2,4,6,8,10,12,14,16,18,20,22)

3.Ондықтан аттап, сандарды өсу реттімен 100-ге дейін сана

(10,20,30,40,50,60,70,80,90,100)

Логикалық есептер.

1-топ

1.Не арқасымен алма жинайды?(кірпі)

2.Пингвин - құс па, жоқ па? (құс)

3.Қай құс бәрінен биік ұшады? (бүркіт)

4.Қояндар көздері көріп дүниге келеді ме,әлде соқыр болып дүниге келеді ме?(көздері көріп)

5.Найзағай қай айда жиі болады?(мамыр)

2-топ

1.Қандай құс өз жұмыртқаларын басқа ұяға тастап кетеді?(көкек)

2.Не аяғымен су іше алады?(құрбақа)

3.Кірпінің тікенегі қандай жағдайда қолымызға кірмейді?(туылғанда )

4.Құстар ағаштан жасалған ұяларда қыстайды ма?(жоқ)

5.Өрмекшінің неше аяғы бар?(сегіз)

3-топ

1. Не басымен төмен қарап ұйықтайды?(жарғанат)

2.Бұғы әр қыс сайын нені жоғалтады?(мүйізін)

3. Ормандағы ең жыртқыш аң?(қасқыр)

4.Ауа райының қандай кезінде құстар ән салуын тоқтатады?(жаңбыр жауар алдында)

5.Орман қандай құс?(тоқылдақ)

ІІІ. Қорытынды.

ІV.Жеңімпаз топты жариялау,мадақтау.



© 2010-2022