Разработка утренника «Елім менің, тәуелсіз жерім менің»

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ертеңгілік «Елім менің,тәуелсіз жерім менің»

(ортаңғы топ)

Тәрбиеші: Елім менің,тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір дәмін.

Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,

Көк байрағын төбеме көтерген күн!

Құрметті балалар,қадірлі қонақтар!Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,ашық аспан,Отанымызға тыныштық тілейміз.

Замира: 16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барғанмын.

Ислам: Мерекеге шығады,

Бүкіл халық,біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік - ұлы той.

Ибрахим: 16-шы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән саламыз.

Ән: «Әнұран».

Тәрбиеші: Балалар,айтындаршы,біз қай мемлекетте турамыз?

- Президентіміз кім?

- Бас қала қай қала?

- Ауылымыз қалай аталады?

Тәрбиеші:- Дұрыс,Қазақстанда турамыз.Ендеше Отан жайлы қандай тақпақтар білесіндер?

Ерқанат: Отан сенің ата-анаң

Отан досың,бауырың

Отан өлкем Астанам

Отан аудан,ауылым.

Раяна: Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң,Қазақстан!

Елім-менің тірегім,

Құшағында гүл атам.

Расул: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл-қаланы,

Ардақты атамекенім,

Отаным-Қазақстаным.

Бексултан: Отан-жерім,

Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,

Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Балалар,Қазақстан Республикасының Ел басшысы кім дедік?

-Елбасы туралы тақпақ кім біледі?

Сұлтан: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап,сайлап алған,

Елімнің бар президенты.

Ернур: Ол да алмай жанын салды,

Жету үшін мұндай сыйға.

Нұрсұлтан ата-ел басшысы,

Көгіндегі тудай сыйла.

Тәрбиеші: Қазір,балалар,қазақ халқының қимылды ойындарын есімізге түсіріп «Теңге алу» ойынын ойнайық.

Қ/о «Теңге алу».

-Отан туралы біз көп мақал-мәтел білеміз.

1.Туған жер-алтын бесік.(Сезім)

2.Отан-оттан да ыстық.(Айым)

3.Өз елім-өлен төсегім.(Ерқанат)

4.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.(Расул)

5.Туған жерге туынды тік.(Алдияр)

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді «Тұған ел» әнің айтып аяқтайық. Баршаныздарға денсауылық, ашық аспан тілейміз.

Ән «Тұған ел».















© 2010-2022