Сыныптан тыс сабақ Бастауышым-балбұлағым

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Балқаш қаласы

Дамуы шектелген балаларға арналған

облыстық №4 арнайы мектеп интернатының

бастауыш сынып мұғалімі Жұмабаева М.К.



Бастауышым-балбұлағым

Мақсаты:оқушылардың төртжылдық білімін көрсету, олардың туған мектебіне деген сүйіспеншілігін паш ету, оқушылардың сөздік қорын ,есте сақтауын,сахналық қабілеттерін дамыту.

1)Ж-1 Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата-аналар және қонақтар!

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Ж-2.

Ж-1. Тарыдай болып кіріп, ақыл -ойлары толып,оң мен солын танып, жақсы мен жаманды білуді үйренген 4 сынып оқушыларының ұйымдастыруыуымен өткізгелі отырған « Бастауышым- балбұлағым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ж-2.

Ж-1. Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

4 сыныптарды ортамызға.

4 сынып оқушылары вальстің музыкасымен қол ұстасып келеді .

2)Вальс биленеді.

3)Мұғалімнің сөзі.

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекшк күн.Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып , білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауышпен қоштасқалы отыр.

Армандасаң да, қиялдасаңда, балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауышпен қоштасқалы отыр. Ендеше, қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрінмен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

3)Ермахан. Кеше ғана бала едік,

Табалдырық аттаған.

Бүгін міне, түледік,

Қыран құстай баптаған.

Әсем. Бастауышым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Айдана. Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым-балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ермахан. Аяңда сенің ән-жырлы,

Біліммен дарып бойға құт.

Өткеріп шулы төрт жылды,

Балалық шақты тойладық.

Ән. « Учат в школе!» қазақша

Ермахан. Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Әсем. Шақырып бізді тәртіпке,

Үйреткен алғаш әріпке.

Барлық ілім-білімнің ,

Әжесі еді ӘЛІППЕ.

Айдана. Ұстатып қалам қолыма,

Дәптердің ұзын жолына.

Ана деп алғаш жаздырған,

Ыстықсың ұстаз жаныма.

Ермахан. Сыйлаған бізге нұрлы ағыс,

Көңілі шуақ көктем боп.

Апай сізге мың алғыс,

Рахмет көптен-көп.

Айдана. Ата-анаңнан кейінгі,

Екінші адам өмірде.

Бала бол деп зейінді,

Мейір құйған көңілге.

Бәрі: Тәрбиелі, білікті,

Ол- ұстазың сүйікті.

Алғашқы ұстазға бас иеміз.

7) Ән. « Қош, бастауыш мектебім»

8) 4 «А» сынып.

9)Ұстаздарды марапаттау.

1 «Үздік көшбасшы» номинациясы бойынша мектеп директоры

Аубакирова Алмагүл Молдахашевна марапатталады.

Букет гүл беріледі.

2. «Тәрбиенің бұлағы» номинациясы бойынша мектеп директорының орынбасары Амерханова Лаура Аяткановна марапатталады.

3. «Қолы алтын адам» бойынша Садикова Бахыткүл Есмуратовна марапатталады.

4. «Қыл қалам шебері» номинациясы бойынша Жакупбекова Гүлзинат Даулетовна марапатталады.

5. «Күміс көмей әнші» номинациясы бойынша Тастанбекова Гүлмира Даукешовна марапатталады.

6. «Таза сөйлеу шебері» номинациясы бойынша Тусупова Гүлім Айткалиевна марапатталады.

7.«Епті, мықты, икемді» номинациясы бойынша Рахымжанов Берікбол Қымбатұлы марапатталады.

8. .«Мектеп қамқоршысы » номинациясы бойынша Каркенова Апиза Ханатбековна марапатталады.

10) Ән.

11) «Не үйрендік, не білдік?

А) МАТЕМАТИКА

Ермахан. Ойланып есеп шығарып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Арифметикалық 4 амалды ата.

Қандай геометриалық фигураларды білесіңдер?

Шаршы деген не?

Тіктөртбұрыш деген не№

49 - 5 х 4 -қай амал бірінші орындалады?

Қосудың компаненттерін атаңдар?

Азайтудың компаненттерін атаңдар?

100-дің ішінде неше ондық бар?

136 санын разрядқа жікте.

10)100-дің алдындағы сан?

АНА ТІЛІ

Әсем. Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл -білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ыбырай Алтынсарин кім?

Бес дұшпан мен бес асыл істі ата.

Ы.Алтынсариннің балаларды оқуға шақырған өлеңі қалай аталады?

Ел қорғаған қандай батырларды білесіңдер?

Алғашқы ғарышкер кім?

Еліміздің рәміздерін ата.

Астананың символы не?

Қазақстанның президенті кім?

Біздің Отанымыз қалай аталады?

10)Жыл мезгілдерін ата.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айдана. Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

1.Дыбыс деген не?

2.Дыбыстың қандай түрлері болады?

3.Қандай сөз таптарын білеміз?

4.Сөйлем деген не?

5.Қандай қосымшаларды білеміз?

6.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

7.Сөздің мағынасын өзгертпейтін қосымша қалай аталады?

8.Сөйлем неден құралады?

9.Сөйлемнің қандай түрлері болады?

10.Оқушылар сөзін сөз құрамына талда.

Ә) «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Оқу- инемен ... (құдық қазғандай)

Қына ... (тасқа бітеді,) білім ... (басқа бітеді)

Білекті ...( бірді жығады),

Білімді ... (мыңды жығады)

Білімдінің күні ...(жарық)

Білімсіздің күні ....(қаріп)

Өздерің не қосар едіңдер?

Ерасыл. Оқу- білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

Бахтияр. Білім -қымбат, білу қиын.

Ерасыл. Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Б) Жұмбақ

1)Үш қазық,екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам соқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік жөнелгенмен,

Не пайда үндемейді адам жоқта.

2) Сырт- сырт соғады,

Уақыт озады.

Сағат

3)Қыста ұйықтап жатар,

Жазда думан ашар.

Шыбын

4) Қанаты жоқ- ұшады,

Аяғы жоқ - қашады.

Жел

5) Тұмсығын тіреп келеді,

Ал ізі иректеледі.

Қалам

6) Миы жоқ -ақылы мол,

Жаны жоқ - жақының ол.

Кітап

12) «Біз туралы»- бейнефильм

13) Көрініс «Бала Абай»

14) Сценка

15) Ойын

16) Ән.

17)Айдана. Ақ сүт беріп өсірген,

Ермахан. Қатең болса кешірген.

Әсем. Тыным таппай бір сәтте,

Ерасыл. Біздер үшін жүгірген.

Бәрі: Ата-анаға мың алғыс!

18) Оқушыларды құттықтау.

Ермахан-« Ең ұқыпты оқушы»

Бахтияр- «Ең ақкөңіл»

Әсем -« Ең икемді, ең епті»

Ерасыл-« Еңбекқор»

Айдана - «Қайырымды»

19)Ермахан. Алғаш рет өзіңнен,

Білім алды балалар,

Оқу сырын өзіңнен,

Біліп алды балалар.

Қош, бастауыш мектебім.

Әсем. Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Қош, бастауыш мектебім!

Айдана. Гүлге толып жан-жағым,

Асыр салып жүгірдім.

Өсті талап -талғамым

Көп нәрсені ұғындым.

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Қош, бастауыш мектебім!

Бәрі: Көлге айналған бұлақтың,

Том-том болған кітаптың,

Басы болған Бастауыш,

Қош бастауыш мектебім!

20) Міне, балалар, біз өз өнерлерімізді көрсеттік. Алдарыңызда өздеріңіз қызықтаған балалар енді 5 сыныпқа барып, осы алған білімдерімен өнерлерін одан әрі жалғастырмақ. Балалардың келешек өміріне, талантын шыңдауына қамқоршы жетекші болатын адам - сынып жетекшісі . Ендеше, балалар, сендердің келешек сынып жетекшілерің Гүлмира Сұлтанбековна. Ол кісіні де тыңдап, ақылына көніп, жақсы оқушы болады деп сенемін. Бастауыш мұғалімдеріңді, мектептеріңді ешқашан естен шығармаңдар.

Сыныпты келесі сынып жетекшіге тапсыру.

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік- шәкірттерім ертеңіне.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

21)Мектеп директорының құттықтау сөзі.





© 2010-2022