Жат әдеттен сақтан атты ашық тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Жат әдеттен сақтан! »

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу , міндеттеріне шылым шегудің , ішімдіктің , нашақорлықтың , адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана - сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматтық жауапкершілітерін орнықтыру.

Ұран: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып

Жақсы үмітпен , сеніміңнен таймаңдар

Салауатты өмір са лтын сақтаңдар

Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Кіріспе сөз:

І- жүргізуші:Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан - 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

ІІ- жүргізуші: Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл - ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен . Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.

І- жүргізуші: ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

ІІ-жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының дректеріне сүйенсек, республика бойнша ерлердің 57 пайызы , жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдрдың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.

І- жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29,5 пайызы ншқорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім , әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін , балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдр екенін көреміз.

ІІ- жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты » осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан - жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.

1- оқушы: Темекі - әр түрлі ауруларды туғызатын , адамның еңбекке қабілетін кемітетін , адамзат тұқымын аздыратын, адамды іштен кеміріп жейтін жегі құрт.

2 - оқушы: Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да , азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.

3 - оқушы : Алкоголь - адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 - 15 жылға қысқартады.

4- оқушы : Алькоголь - «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс - қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады .

І- жүргізуші: мақал - мәтелдер - ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы , парасатты , тәрбиел і, әділ сыншы , адал ақылшы ғана емес , сонымен бірге епті де есті емші

1. Ауырып ем іздегенше ,Ауырмайтын жол ізде

2. Ішпеген , шылым шекпеген , Жасайды жылдар көптеген.

3. Қайғы қартайтады .Қуаныш марқайтады

4. Адам арақты ішеді , Арақ ақылды ішеді.

5. Жасында темекісін будақтатқан ,( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан

6. Арақ- ішіп ішіне көшеді , Ақыл шөлмек ішіне түседі

7. Тыста ұзақ жүргенің,(Ұзақ өмір сүргенің.

8. Ішпеген, шылым тартпаған , Денсаулығын сақтаған .

Би: « Гимнастика »

Көрініс:

« Жын мен Періште »

Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.

Арақ: - Ей адамзат неге жүрсің серіксіз?

Наша: - Танысайық, жақындашы сен бізге.

Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.

Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.

Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?

(Жігітті айналып жүреді )

Арақ:

Менің даңқым көп тараған кең жерде,

Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.

Мен - Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,

Шақырмай - ақ жетіп келем сендерге .

Темекі:

Жас өмірің атқан кезде таң болып,

Есіңде ме, менде саған жолыққам.

Талай - талай бірге жүрдік серік боп,

Содан кейін бір күні әкең өлгенде,

Наша қалмай меніменен еріп кеп,

Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде

Наша:

Иә, мұнан кейін бір күннен соң бр күннен

Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.

Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,

Кей күндері бірге жүрген досыңның,

Баянсызын сезінгеде жолықтым.

(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)

Періште:

-Ей, ақымақ, ақымақ,

Жақын болма жаманға!

Жалыныңды сөндіріп,

Жастығыңды күйдіріп,

Сезіміңді қорлатасың оларға.

Жігіт:

Денсаулықтың басшысы,

Жан - тәнімді өз қолыңа беремін.

Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,

Айтқаныңа көнемін.

Періште:

Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,

Кезің келді қоғам жүгін арқалар

Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,

Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.

Талап:

Онда барсаң , естілмейді талаптының сазды үні,

Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі

Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,

Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен

Ақыл:

Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?

Темекі мен арақ , наша бүкіл елге танылар.

Тыныштық жоқ , күзетемін жамандықтан еліңді ,

Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді .

Періште:

Ана сүті арамдықты суарса ,

Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.

Темекіден түтін сорсаң улайсың,

Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың .

Ақылды болсаң жас жігіт,

Сөзімді менің тыңдайсың!

Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:

Тек жүзіңді төмен салма,

Нашақорға жаман болма.

Тек көзіңді жасауратпа ,

Сенің көзің заман үшін бағалы.

Сенің әнің асқақ шықса ,

Қоғам даңқы жоғары.

(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстазып, басын иеді ).

Ән: « Арақ жойылсын »

1.Жойылсын жалғыз сөз арақ деген

Жойылсын мәңгілік жойылсын.

Арақтан ауырған адамдарға

Ем - дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:

Кел достарым, үн қосайық,

Көтеріп жаңғыртып.

Анасын бала

Баласын ана

Жоқтамасын мәңгілік

2. Есірткі құрысын

Ішімдік жойылсын

Дені сау қазақтың

Ұл - қызы көбейсін.

Қайырмасы:

3.Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп.

Қазақтың сымбатты

Ұрпағы көбейсін

« Ғасыр уы »

АРАҚ деген - ғасыр уы , зобалаңы ,

Сан адамға жазылмас жара салды.

Сан адамды өмірден алып кетті,

Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!

Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!

Салауаттылық - жарқын өмір кепілі,

Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

1- оқушы: Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақтың амандығын.
Ей болашақ, саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.

2- оқушы:Бүгінгі тәрбие сағаты
Денсаулық жайлы сөз еткен .
Көп нәрсені ұғып алдық
Кетпейтұғын мәңгі естен

3- оқушы: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

4- оқушы: Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,
Бұл өмірге келген соң бір-ақ рет,
Қалу керек өмірдің бұлағы боп,
Қалу керек өмірдің шуағы боп,

5- оқушы:Денсаулықты сақта,түзу өсесің,
Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараң ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?

6- оқушы
:Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-

7- оқушы: Ата-анамыз,ұстазымыз,
Бір тілек айтарымыз
Берекелі заман болсын,
Балаңыз аман болсын,


8- оқушы:Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын-дей келе

ІІ - жүргізуші:-Кімде-кім өзіне өмір беріп,әлпештеп өсірген ата-анама қарыздармын деп білсе,соларға адал боламын десе......................

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім сүйікті жар боламын десе...............

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұлына өнегелі әке боламын десе..........

Хормен: Арақ ішпесін!

-Кімде-кім өз ұжымына қадірлі боламын десе...........

Хормен: Арақ ішпесін!

Кімде-кім өз қоғамыма пайдалы азамат боламын десе.....

Хормен:Арақ ішпесін!

І- жүргізуші:-Денім сау болсын десең.............

Хормен: Темекі тартпа!

Әнші болғың келсе..........................

Хормен: Темекі тартпа!

Ғалым болғың келсе.........

Хормен:Темекі тартпа!

Білімді,ақылды азамат болғың келсе..........

Хормен:Темекі тартпа!

ІІ- жүргізуші:Жігерің бар,талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі жайнайтын,-дей отырып, Жат әдеттен сақтан!-деп аталатын ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

1-жүргізуші:

Күтін балам алдыңда өмір сүбелі,
Ақылды алсаң тиер саған көмегі,
Ешбір затпен уламай жас денеңді,
Бағытталған мол қозғалыс керегі.

Өмірің болсын десең,сенің сәнді,
Ойланып айналаңа қара мәнді,
Адам бол! Білімі тасқан ,өнері асқан ,
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.

Хор: « Күн әлемі»









Жат әдеттен сақтан атты ашық тәрбие сағаты

© 2010-2022