Салт-дәстүр туралы сынып сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара

Тақырып: «Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері»

Мақсаты:

  1. Ата-бабаларымыздың қалыптасып келе жатқан салт-дәстүрлерді ұғындыру

  2. Қазақ тіліне, дәстүріне деген қызығушылықтарын арттырып, сөйлеу қабілеттерін дамыту

  3. Халықтық дәстүрді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілік: бейнефильм, ұлттық киім, шарлар

Сынып сағатының барысы:

  1. Кіріспе

1 жүргізуші:

  • Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!

2 жүргізуші:

  • Қазақ халқы өз елін, халқын, тілін және де салт-дәстүрлері мен тарихын аса құрметтейді, өйткені ол ғасырдан ғасырға келе жатқан асыл мұрамыз.

(«Қазақстанның салттары» бейнефильм)

  1. Танысу

1 оқушы:

Қазақ осы ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Қара да тұр саған да ол кетерде

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

2 оқушы:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Бар дәстүр мен салтымыз.

1 жүргізуші:

  • Қазақ халқының салт, дәстүр, әдет-ғұрпы - қоғамның мәдени және адамгершілік әлеміндегі қымбат қазына.

2 жүргізуші:

  • Қазақ халқы - салт-дәстүрге өте бай халық, әр дәстүрге арнайы той өткізіледі. Қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттердің бірі - қонақжайлылық. Той иелері қонақтарға аса құрмет көрсетеді.

( «Қазағымның дәстүрлері» бейнефильм)

  1. «Алтын сандық» ойыны

Ойын шарты: оқушылар бейнетаспадан көрген көрініске байланысты өткізілетін салт-дәстүр туралы толық білімдерін көрсету үшін шағын әңгімелеп беру керек.

Көріністердің атаулары: «Шілдехана», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Тілашар», «Сырға салу», «Бесікке салу».

Оқушылардың жауаптары:

«Шілдехана»

Сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады. Оған көп адам жиналады. Дастарқан жайылып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби қызықты өмір сүреді.

«Қырқынан шығару»

Нәрестенің туғанына қырық күн болғанда өткізіледі. Ыдысқа қырық бір қасық су құйып баланы шомылдырады. Сәбидің шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастарқан жайылады.

«Тұсау кесу»

Жас сәби жүре бастайды. Тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап тұсауын кеседі. Тұсауды сүрінбей жүретін адам кеседі.

«Тілашар»

Бала жеті жасқа толады. Ата-анасы баланы мектепке береді. Бұл - үлкен қуаныш. Ата-анасы той жасайды, аталар бата береді.

«Сырға салу»

Қыз бен жігіттің ата-анасы танысады. Жігіттің жеңгесі қызға сырға тағады. Қыз ата-анасының ризалығын алып, құдалар тойдың барысы жайлы келіседі.

«Бесікке салу»

Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Жасы үлкен, құрметті адам сәбиді бесікке бөлеп, кәдесін алады.

( «Қазағымның дәстүрлері» әні )

  1. Көрініс көрсету

1 жүргізуші:

  • Баланың тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер өте қызық жүргізіледі.Сәби дүниеге келгенде «Шілдехана» тойы , туғанына қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» , «Бесікке салу» тойлары болады.

2 жүргізуші:

  • Бала жүре бастаған кезде «Тұсау кесу» тойын, ал өскен кезде ата-аналары мектепке апарып, «Тілашар» тойын тойлатады.

І салт-дәстүр - «Қырқынан шығару»

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Айналайын күн бөпем,

Бурыл тайға мін, бөпем!

Әлди, әлди, аппағым!

Әлди, балам, әлди-ай!

ІІ салт-дәстүр - «Тұсау кесу»

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам,

Ала жіпті алайық,

Тұсауыңды кесейік.

Қадамына қарайық,

Басқаныңды санайық.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.


  1. «Бәйге» ойыны

(Презентация « Бәйге» )

Ойын шарты: оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Тез және дұрыс жауап берген топ жеңеді.

І топтың сұрақтары:

  1. Сәби дүниеге келгенде қандай дәстүр орындалады?

  2. Бала қаз басқанда қандай дәстүр жасалады?

  3. Жігіттің анасының қызға сырға салуы - қандай дәстүр?

  4. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата.

  5. Ұлттық ет тағамдарын ата.

ІІ топтың сұрақтары:

  1. Баланың туғанына қырық күн толғанда қандай дәстүр жүргізіледі?

  2. Бала мектепке барар алдында қандай дәстүр орындалады?

  3. Бесікке баланы бөлеген кезде қандай дәстүр болады?

  4. Қазақ халқының салттарын ата.

  5. Ұлттық сүт тағамдарын ата.

  1. Қорытынды

1 оқушы:

Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

2 оқушы:

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

1 жүргізуші:

  • Сыныптан тыс іс-шарамыз аяқталды, салт-дәстүрді құрметтейік!


© 2010-2022