Статья «Этпопедагогика элементтері арқылы балалардың көркемдік – эстетикалық талғамын тәрбиелеу»

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


МАЗМҰНЫ


1

Өзектілігі

4

2

«Этпопедагогика элементтері арқылы балалардың көркемдік - эстетикалық талғамын тәрбиелеу»


6

3

Мазмұны


9

4

Қол өнер - зор өнер

13

5

Пайдаланылған әдебиеттер

19




















Өзектілігі


«Тәрбиедегі басты бағыт - әрбір адам, ең алдымен, өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезегімен өткеннің тағдырымен талаптарын объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек».

Замана жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат етіп, сан ғасырлар бойы сақтап - жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді әрқашан жадымыздан тыс қалдырған емеспіз. Соңғы жылдары өткізіліп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Үкіметі қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде этнопедагогика мұраларының назарға ілінуі - аталмыш мәселенің көкейкестілігін айқындап отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында «...біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...» деп айтылған болса, Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында жас ұрпақты «...азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Бұл еліміздің ертеңгі қажетін өтейтін, елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, парасатты, туған жерін қастерлей білетін азамат тәрбиелеуде ұстанатын басты құралымыз: қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегіне айналған халық дәстүрлерімен балаларды тәрбиелеу.

Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдары педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық тәрбиеге баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, балаларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық маңызы жөніндегі мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерін арнаған. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелеріне Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ., Ұзақбаева С.А., Наурызбай Ж.Ж., Қоңыратбаевтар Т.Ә. еңбектер жазған. Онда ұлтық тәлім - тәрбиенің генезизі ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталып, өз ретінде тәрбие жұмыстарына ендіру қажеттіліктері ұсынылған.

Біз халық педагогикасы мен этнопедагогикалық зерттеулердегі мәселелерден өз зерттеуімізге қатысты мәселелерге баса назар аудардық. Олардың ішінен Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, Р.Төлеубекова, Ә.Табылдиев,Е.Сағындықовтардың қағидаларын ұстаным етіп алдық. Осы орайда халық педагогикасының қағидалары мен материалдарын оқу-тәрбие жүйесіне енгізуге арналған «Атамекен»/М.Құрсабаев/, «Қазақ тәлімінің тарихы»/Қ.Жарықбаев/, «Дәстүр»/Ә. Садуақасов/ сияқты бірнеше бағдарламасы бар.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің балалардың болашағы үшін бойындағы бар күш-жігерін арнаған қоғамдық қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу-тәрбие жұмыстарына іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойған.


© 2010-2022