Менің жанұям тренинг сабақ

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Безродных атындпғы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«МЕНІҢ ЖАНҰЯМ»



/7-8 cыныптар арасында топтық жарыс сабақ/





















Психолог Б.Е. Ахметова













2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Менің жанұям»

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбилеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбилеу.

Көрнекілігі:

  1. Нақыл сөздер: «Бүгінгінің баласы - ертеңгінің атасы», «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында қарызы - әдеп пен сый» плакаттарға жазылып тақтаға ілінеді;

  2. Отбасы жайлы кітаптар көрмесі;

  3. Отбасына байланысты сөздерге берілген түсініктеме плакатқа жазылып ілінед

  4. Ата-ана мен бала жайында жазылған заңдар жинағынан үзінді.

Сабақтың барысы



Педагог-психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыңдар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Менің жанұям» деп аталады. Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

Рольдік ойын:

1 топ: «Жанұ серуенде»

2 топ: «Жанұя кешкі мезгілде»

3 топ: «Жанұяда туған күн»

Осы тапсырмалар бойынша топтар бір-бірімен жарысады. Әр бір топқа сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтарға жауап қайырады.

1 топқа сұрақ: Сіз жанұяңызбен серуенге жиі шығасыз ба? Серуенге кімдермен шығасыз?

2 топқа сұрақ: Кешкі мезгілде жанұяңызбен не істер едіңіз? Теледидар қарайсыз ба, әлде басқа істермен шұғылданасыз ба?

3 топқа сұрақ: Туған күнді жанұяда қалай қарсы аласыздар? Үйде өткізесіздер ме?

Педагог-психолог: «Менің жанұямдағы рөлім» деп аталатын бөлімде сендер міндеттеріңді көрсетіңдер. Сенің жанұядағы рөлің қандай?

Топтардың жауабы:

1 топ: Тәрбие - отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады.

2 топ: Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар.

3 топ: Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.

Педагог-психолог: Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, құйрыққа күл сепсе, сол адамға не істер едіңдер?

Болжау: Топтар ойларын ортаға салады.

Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім, - депті.

Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім,- дейді.

Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.

Ал кенже баласы тұрып:

- Жоқ, ана, мына үшеуінің де жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, - депті.

- Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз,- депті.

«Жүректен жүрекке шеңбері»



Ендеше, оқушылар шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып, осы шеңбер ішімен жүрейік.

1 оқушы: Біздің жанұя ұйымшыл, бір нәрсені бәріміз бірігіп жасаймыз.

2 оқушы: Менің жанұям тату- тәтті, әкемнің анамның, ағамның айтқанын бұлжытпай орындаймыз.

3 оқушы: Ал менің отбасым үлкен. Атам, әжем, әкем, анам, ағам, апайым, сіңілім бәріміз бірге тұрамыз.

4 оқушы: Біздің отбасымызда бәрі қайрымды. Олар бір-біріне үнемі көмектесіп, бір-бірін тыңдайды.

Қорытынды бөлім

Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі - Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.

«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.

Түсініктеме беру



Міндет - күнделікті іс-әрекет арқылы имандылық пен қайрымдылық рәсімдерін орындау.

Парыз - міндетті іске асырудың қалыптасқан жолы

Борыш - ата-анаға, үлкен адамдарға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін жүргізілетін салтқа айналған қайрымды іс-әрекеттер.

Отбасының, жанұяның қос шынары - алатаудай атасы және аналардың анасы-әже береке мен мейірімнің ұйытқысы. Атаны сыйлау, ата-бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу - өмірді құрметтеу.

Сұрақ-жауап:

- Сенің жанұяңда неше адам бар?

- Отбасыңның тірегі кім?

- Атаң және әжең туралы әңгімеле.

- Жақын досыңның жанұясы туралы әңгімеле.

- Сенің жанұяң мерекелерді қалай қарсы алады?

- Жанұядағы туған күн туралы.

- Сенің жанұядағы орның?

- Сен өзіңді жанұяда белгілі бір көзқарасқа ие адам ретінде санайсың ба?













© 2010-2022