Тәрбие сағаты Отбасылық өмірдің салты

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасылық өмірдің салты


Мақсаты:

а) «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
б) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
в) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Барысы:


  1. Шаттық шеңбері
    2. Ойланайық, пікірлесейік
    «Отбасы» сөзіне ассоциация құрғызу
    • «Отбасы», «отау», «отағасы», «отау иесі» деген ұғымдарды қалай түсінесіз?
    • Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?
    3. Дәйексөз
    Үйлену дегеніміз - өз құқыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.
    Артур Шопенгауэр
    4. Жаңа ақпарат

  2. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай - үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру - ата-ананың ең маңызды міндеті.
    «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

    5. Бейне материал көрсету

    6.Шығармашылық жұмыс
    а) Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу
    б) «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)
    Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
    Ең қымбатты _____________________________________________
    Ең ақылды _______________________________________________
    Ең сүйкімді ______________________________________________
    Ең құрметті ______________________________________________
    Ең құнды ________________________________________________
    Ең бағалы ________________________________________________
    Ең қажетті _______________________________________________

    7. «Менің ойымша…….» немесе «Мен ойлаймын…….» айдарында.

    8.«Бақытты отбасы модулін» салу.

    9. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер

    10. Жүректен-жүрекке


© 2010-2022