Әкем, анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс

Жетімекова Анаргүл

Жексенбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

№25 ЖОББМ КММ

«Әкем,анам және мен» отбасылық сайыс

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық т. б.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әкем,анам және мен» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!Көңілді жарысқа 1-4сынып оқушылары мен ата-аналарымыз қатысады.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға .................................................................отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана - шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
«Әкем,анам және мен » отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Сайыста бастар алдында құттықтау сөзі мектеп директорына беріледі

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Оқу ісінің меңгерушісі. Н.К Пенденова
2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж.К Мусурманова
3. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Қайыржан

Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы:
1. Кедергілер арасымен жүгіру
2. Кедергілер арасымен доп алып жүру
3. Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу
4. Допты жоғарыдан беру
5. Допты төменнен беру
6. Егін егу, егін жинау
7. Нысананы көздеу
8. Кенгуру
9. Кедергіден өту
Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс

10. Қа нбақ
Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Атамекен» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!
«Жасұлан»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты
Бәрін жеңіп шықты
«Барыс»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.

І тур: Кедергілер арасымен жүгіру.
ІІ тур: Кедергілер арасымен доп алып жүру.
ІІІ тур: Кедергілер арасымен допты алып, жүріп шеңберге салу.

ІV тур: Допты жоғарыдан беру.
V тур: Допты төменнен беру.
VІ тур: Егін егу, егін жинау.
VІІ тур: Нысананы көздеу.
VIII тур: Кенгуру.
ІХ тур: Кедергіден өту.

Х тур: Қаңбақ.
Әкелер обручты айналдырып отырады, ал балалары допты обручқа лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайды

Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс


(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын отбасы
ІІ орын отбасы
ІІІ орын отбасы
Алғыс хат отбасы


Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс Әкем,анам және мен спорттық сайыс 1-4 сынып аралығында өткізілген сайыс

Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

© 2010-2022