Өз өмірің өз қолыңда

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өз өмірің өз қолыңда



Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар коммуналдық мемлекеттік

мекемесі













(тренинг)










Психологтар: Ахметова Б.Е.













Үшбұлақ, 2015жыл



Тренинг

Тақырыбы: «Өз өмірің өз қолыңда». Бойымыздағы қасиеттерді көре білу. Мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бойымыздағы мінез ерекшелігімізді байқау. Керекті құралдар: 2-ватман, А4 қағаздары, доп, түрлі-түсті қарындаштар, жіп.

Өту барысы: Танысу. (Қасында отырған сыныптасыныңбойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін айтып таныстырады.) Сендерге таныстыру ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қошемет Ойға шабуыл: Бұл өмірде адам ақылды болып жетілуіне жаратылысынан біткен қасиетіне қосымша екі нәрсе себепкер болады, ол-тәжірибе мен білім. Тәжірибе- басыңнан өткеніңді, көргеніңді көңіліңе түю, одан тәлім алу болса, білім тек оқу арқылы келеді. Атадан балаға қанмен тараған ақылдылық, байсалды мінезді тәжірибе мен білім толықтырса, төңірегіне нұр шашып тұратын азаматтар солардан шығады. Сондықтан оқу, үйрену, тыңдау, іздену, талаптану әрбір өзін құрметтейтін адамның басты бағыты болуы керек. 1. Өмір дегенімізді қалай түсінесіздер? 2. Өмірдің қиындығы, сәтсіздігі дегенімізді қалай түсінеміз? 3. Өмірдің қиындығын, сәтсіздігін қалай жеңуге болады? Ол үшін адам бойына қандай қасиеттер керек? 4. Қиналған сәтте, сәтсіздіктерге ұшыраған кезде сіздер көбінесе кімдерден көмек сұрайсыздар? (Жастар Денсаулық Орталығы жайлы ақпарат) 5. Сіздер өздеріңізді кез-келген қиындықтан шыға алатын мықты адаммын деп ойлай аласыздар ма?

Ойын. «Кедергіден өту» Ойын. «Ыстық доп». Оқушыларға доп беріледі. Допты кезек-кезек бір-бірлеріне жылдам беріп отырады, жүргізуші тоқта дегенде кімнің қолында доп қалса сол оқушыға сұрақ қойылады.

  • Қайырымдылық

  • Шыдамдылық

  • Қарапайымдылық

  • Батылдылық

  • Жауаптылық

  • Мейірімділік

  • Өзін-өзі ұстай білушілік

Осы қасиеттерді қалай түсінесіз, өзіңіздің бойыңыздан табылама және қай сыныптасыңыздың бойында осы қасиеттер бар?

Жаттығу «Массаж».

Ойын. «Ақиқат орындығы»

Мақсаты: Оқушылардың қорқынышы мен стрестен арылту, ашық болуға шақыру.

Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңізді сұраймын.

Карточкадағы сөйлемдер

  • Ең үлкен қорқыныш - бұл....

  • Мен мынадай адамдарға сенбеймін....

  • Мен ренжимін, егер...

  • Мен ұмытпаймын, егер....

  • Маған көңілсіз, егер...

  • Егер маған дауыс көтерсе, мен....

  • Мен қарсыласқанда....

  • Егер мен сенімсіз болсам....

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сізқандай сезімде болдыңыз? Әрине біз әрқайсысымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.

Келесі тапырма: Адам бойында болатын көңіл-күй ерекшеліктері жазылған қағаздарды әрқайсына ұсынамыз. Ол оны қимыл қозғалыс, жестпен көрсетуі қажет. Отырған оқушылар табуы керек.

Қорытындылау: Қайсы оқушының эмоциясын тез таптық, қайсысында қиналдық. Әркім өз ойын айтады.

  • Қуану -Қайғыру

  • Ренжу -Таңқалу

  • Қорқу -Қиналу

Жаттығу. «Мен қандаймын?». (Психологиялық терапия)

Рефлексия. Бүгінгі тренингтен алған әсерлерін ортаға салу.

  • Мектеп психологының оқушыларға айтқан кеңесі мен тілегі.















Анықтама

Тақырыбы: «Өз өмірің-өз қолыңда»....

Өткізілу нысаны: тренинг

Өткізілген күні: қараша, 2015 жыл.

Жұмыс мақсаты: Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бойымыздағы мінез ерекшелігімізді байқау.

Қатысушылар: 8 сынып оқушылары

Тренинг барысы: Қасында отырған сыныптасының бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін айтып таныстырды. Сендерге таныстыру ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? сұрақтары барысында әңгіме жүргізілді. «Кедергіден өту» жаттығуы, «Ыстық доп» ойыны ойналды. Оқушыларға доп беріледі. Допты кезек-кезек бір-бірлеріне жылдам беріп отырады, жүргізуші тоқта дегенде кімнің қолында доп қалса сол оқушыға сұрақ қойылды. «Массаж» жаттығуы, «Ақиқат орындығы» ойынында оқушылар каточкадағы сөйлемдерді аяқтады.

Қорытынды. Тренинг барысында оқушылар өз ойларымен ашықбөлісіп, пікір білдіре, өздерін мазалаған сұрақтар бойынша ой бөлісті. Өмірдегі кездескен қиындықтарды жеңуде адамның ерік-күшінің мықты болуы, позитивті қарауды ойлау туралы түсінік қалыптастырды.

Ұсыныс. Достар өзара сүйіспеншіліктері мен махаббаттарын білдіру арқылы баланың өзін-өзі дамытуы мен шыңдауына себеп болу.

Психолог: Ахметова Б.Е..





© 2010-2022