Тәрбие сағаты Халықаралық әйелдер күні

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Тәрбие сағаты



Тақырыбы:


8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!









Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады.

Бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.

Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі фабрика мен мақта- мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.

1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктың социал-демократиялық көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар, әйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.

1909 жылы Американың Социалист ік партия сы әйелдер күнін жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер конференциясының делегаты еді.

1910 жылы беделді неміс социалист әйелі Клара Цеткин Екінші Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.

Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария, Голландияның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас көтерді.

1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.

Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр.

ӘЙЕЛ
Әсем әуен әйел деген ат қандай!?
Астарында алапат күн жатқандай.
Айсұлулар, Ақботалар …..Ақмаңдай,
Ажарынан алтын нұр -таң атқандай.

Күн нұрынан жандарына нәр алған,
Әйел-алау қызғалдақтай әр алуан.
Әйел-аққу айдындарда таранған,
Сұлулық пен нәзіктіктен жаралған.

Әйел-сыры таусылмайтын сыр еді,
Әйел-Ана тіршіліктің тірегі.
Ана, Ана! Ана жердің жүрегі,
Жүрегі жоқ қайтып өмір сүреді.

Ана - тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы - Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі -ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл - ұлттың тілі, ғұрып - салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.


© 2010-2022