"Таным білім беру саласы; Бөлімі: Қарапайым математикалық үғымдарды қалыптастыру; Тақырыбы: «Бір» және «көп» ұғымы"

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Қарапайым математикалық үғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Бір» және «көп» ұғымы

Мақсаты: балаларға заттардың көлемі, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және

олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру;

мейірімділікке тәрбиелеу;

танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Құрал-жабдық: көжек ойыншығы, текшелер, табақтар (қорапшалар), түсті дөңгелектер, қуыршақтар.

Билингвалдық компонент: текше - кубик, қуыршақ - кукла, қорапша - коробка, қонжық -медвежонок.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Топқа кішкентай көжек жылап келеді.

-Маған анам дүкеннен әдемі текшелерді сатып

әперді. Енді ойнайын десем, ешкім жоқ, қоян

әжесіне кетті, қонжық ұйықтап жатыр.

Көжекті тыңдайды.

Көжекпен ойнауға келіседі.

Іздену-ұйымдастыру-шылық


- Балалар, көжекпен ойнайықшы.

«Текшелерді дұрыс қой» дидактикалық

ойыны.

Әр баланың алдында үлкен, кішкентай қорапшалар және үлкен, кішкентай текшелер түрады.

Тәрбиеші балаларды үлкен және кішкентай текшемен таныстырады. Үлкен текшені үлкен қорапшаға, кішкентай текшені кішкентай қорапша-

ға салады. Тәрбиеші барлық жасаған іс-әрекетін

сөзбен түсіндіреді, көрсетеді.

Көжек балалармен бірге ойнайды, тапсырманы

орындайды.

«Түсіне қарай орналастыр» дидактикалық

жаттығуы

Балалардың алдында сары, қызыл, көк түсті табақшалар. Үстелдің ортасында басқа табақшада

сондай түсті дөңгелектер жатады және жасыл

түсті дөңгелектер де болады.

Табақшаның түсіне қарай қорапшадан дөңгелектерді алып қойыңдар (қорапшада жасыл түсті дөңгелектер қалу керек).

Сұрақтар қояды:

Балалар, сендерде қанша дөңгелек бар?

- Табақшада дөңгелектер бар ма? Қанша дөңгелек?

Сергіту сәті.

«Ақ қоян» өлеңі

Өлең жолдарын айта отырып, мазмұнына сәйкес

қимылдар жасатады.

«Қанша қуыршақ?» дидактикалық жаттығуы

Үстел үстінде бала санына сәйкес қуыршақтар

түрады.

Балаларға қуыршақтарды көрсетіп, сұрақтар

қояды:

Мынау не?

Қанша қуыршақтар?

Кежек пен балаларға қуыршақтарды бір-бірден

алуды сүрайды (тәрбиеші 5-6 баладан қанша қуыршақ алғандарын сүрайды).

Енді қуыршақтарды қайтадан үстелдің үстіне апарып қойыңдар.

Сенде қанша қуыршақ қалды?

Қайда қуыршақ көп?

Көжек рақмет айтып, қоштасады.

Ойынның шартын түсініп алады, ойынға қатысады.



Көжекпен бірге ойнайды, тапсырманы орындайды.

Әрқайсысы бір-бірден дөңгелек терді алады.

Санайды.



Сергіту жаттығуын жасайды.



Қуыршақтарды бір-бірден алады, санайды, салыстырады.

Сұрақтарға жауап береді.

Көжекпен қоштасады.

Рефлексивті-коррегиялық

Балалар, біз бүгін қандай жануармен ойнадық?

- Кежек қайдан келді?

Ол бізге не әкелді?

Тәрбиеші үстел үстінде түрған екі қорапшадағы

текшелерді салыстыртады (біреуінде текшелер

көп болады, біреу бос болады).

Балаларды мадақтап, үйымдастырылған оқу іс-

әрекетін аяқтайды.

Қарап, ойланып, жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: алғашқы ойлау операцияларын: салыстыру мен қорытуды, заттар мен үғымдар арасындағы байланыстарды құруды.

Нені игереді: заттарды бір қатарға солдан оңға қарай он қолымен орналастыруды.

Нені біледі: қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды табуды.





© 2010-2022