Баяндама Денсаулық сақтау - өмір талабы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

l

Алматы облысы Талғар қаласы

"Сәкен Сейфуллин атындағы № 2 мектеп

жасына дейінгі шағын орталығы

бар ЖББОМ" Мемлекеттік коммуналдық

мекемесінің мұғалімі

Дурханова Алия Тилеубековна

Денсаулық сақтау- өмір талабы

Дерт біткеннің себебі

Білместікте, жас ұлан

Кейін қозып, өреді

Қасіретте осыдан.

(Шығыс халық даналығынан)

Денсаулық - қоғамдық байлық. Сол байлықты күтпей, оған қалай болса солай қарауға болмайды. Деніміз сауда денсаулығымызға қамқорлық жасайышы демейміз. Тек, ауырып жығылғанда ғана денсаулық ойға түседі . Жатпай-тұрмай жанға панашы, ажалға араша бол деп мамандарға жүгіреміз. Бұзу оңай да, оны түзеп алғашқы қалпына келтіру ешқашан жеңіл болған емес. Бір сөзбен айтқанда " ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде " деген сөз қарапайым жұртқа жұмбақ көрінбеуі тиіс. Өйткені, толып жатқан дерт, қауіпті кеселдердің болу - болмауы көбінесе адамның өзіне, жүріп - тұруына, тамақтануы мен тазалығына, еңбек тәртібіне байланысты. Олай болса, әркім денсаулық қамын сау кезде ойлауы тиіс. Денсаулық сақтаудың басты шарасы дұрыс тамақтану. Қоректік заттар мөлшері , сапасы жағынан организмнің мұқтажын өтейтіндей болғаны жөн. Сондықтан да тамақты бойға мөлшерлеп, тәртіппен , жүйемен ішіп-жеудің артықтығы жоқ. Асты шамамен, нормалап ішіп - жеу тіршілікке үлкен арқау, ал оны жөнсіз, нормасыз қабылдаса ауру астан болуы сөзсіз. Бұл ережелерді сақтамаған жағдайда адамның физиологиялық ас қорыту , яғни тамақты сіңіру процесі бұзылады. Артық тамақ дененің биохимиялық процесін бұзады , яғни қоректік заттар алмасуын берекетсіздендіреді. Организм механизмі сіңіре алмаған артық тағам денеге май болап шоғырланады. Дүниежүзіндегі алынған мәліметтерге қарағанда 15 % балалардың дене салмақтары артық. Ал артық салмақ өмірге кесірін тигізеді. Егер адамның салмағы нормасынан 10-19 кг асса, ол өмірін 14% қысқартады.

Денсаулықты күтудің тағы бір жолы бар . Ол күнделікті еңбек және тұрмыс процесінде құлықты ( психиканы), жүйкені қоздырмау. Асығыс , алас - талас болумен қатар күндеу, көре алмау , пікір шайқасы, ой таласы адамның құлқын бұзады, ашушаң етеді. Мұның бәрі адамның денсаулығына алдымен жүрек әрекетіне әсер етеді. Құлықты, жүйкені күтудің жолдары көп. Тіпті, ашушаң, күйгелек адамдар егер өздерін қолына алса , ешбір дәрі-дәрмек ішпей -ақ ұстамдылыққа тәрбиелей алады. Өз - өзін ұстамдылыққа үйретудің арқасында адам құлық пен жүйкені зақымданудан сақтай алады.

Қазіргі уақытта біз балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді? Осыны айқындап алатын кез келді. Адам денсаулығына кері әсер ететін, оның ұрпағын тоздыратын қауіпті әдеттер: шылымқорлық, маскүнемдік, нашақорлық екені мәлім. Осы "дерттен" қоғамымызда мыңдаған бала жетім,"тірі жетім", кемтар екенін көреміз. Ұрпағымыздың тән саулығының беталысы өзіміздің қолымызда екені анық. Қазақта " ауру қалса да, әдет қалмайды " деген сөз бар. Сондықтан қауіпті әдеттерден арылуды ойлап, онымен күрес жолдарын айқындай түсіп , жас өспірімдер тәрбиесіне ерекше мән бергеніміз жөн.

Елбасының " салауатты өмір салтына әзірлікті әркім өзінен бастағаны жөн" деген сөздерін ұстаным етуді ұсынамын.



© 2010-2022