Тәрбие сағаты Жаралғандай жалыннан, Жайсаң батыр Бауыржан

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаралғандай жалыннан, Жайсаң батыр Бауыржан»

Мақсаты:Ел еркіндігін,бостандығын,тәуелсіздігін,қанымен қорғаған Б.Момышұлы сынды тұлғаны оқушыларға үлгі,өнеге ете отырып6 отанын қорғау жолында жанын садаға ететін ұрпақ өздері екенін сездіру.

Көрнекілігі: Б.Момышұлының суреті, буклет, кітап көрмесі жазба плакаттар.

«Отан үшін отқа түс - күймейсің»

«Ежелден ел тілегі-ел тілегі,

Адал ұл ер боп туса-ел тірегі» Б.Момышұлы.

Әнұран:

Ұмытпа сен елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен елімізге,

Жеңіс тегін келмеген.

Жүргізуші: Қанша жылдар өтсе де дүмпуі дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының қасіреті баршамыздыңи жүрегімізді. Өйткені, қазақ жастары, біздің аға-апайларымыз Отан қорғауға майданға аттанды. Елінің бейбіт өмірі мен болашақ ұрпақ үшін жаумен аянбай соғысып, ерлікпен қаза тапқандары қаншама.

Одан беріде,міне, 70жыл өтіпті. Халқымның жыл сайын Жеңіс күнін үлкен ыждағатпен атап өтіп, майданда қаза тапқан ағаларымыздың рухын аса құрметпен еске алады. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық көрсеткен қазақтың ұлы Бауыржан сынды атамызды бүгінгі күн еске алып ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру-ұрпақ парызы.

«Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан» атамызға арнаған ашық тәрбие сағаымыз ашық деп жариялаймыз.

Б.Момышұлы өмір жолдарынан баяндама.

1-оқушы:

Бауыржан Момышұлы-қара басы,

Халқының болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы - қазақ деген.

Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Халқындай ол кеншін,ол да нақыл.

Қайыспан қара емендей қайран ерді.

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

2-оқушы:

Сүңгіген ақ боз мініп сезім отқа,

Сандардың жұта алмайды сөзін олда.

Қолпашты көтермейтін өмірінде

Мақтауға болады енді өзі жоқта!

Жүргізуші: Соғыс жылдары-ақ Қазақстанда бес әскери құрамға гвардиялық деген құрмет, атақ беріліп, олардың туларына әлденеше орден, қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизясы бар. Оның құрамынан шыққан батырдың батальон, кейіннен дивизия командасы болған Б.Момышұлының, Мәлік Ғабдуллиннің естері соғыс тарихынан мәңгілік орын алды.Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста панфиловшылардың 23-і қаза тапты,ал 28-дің 22-cі қазақстандықтар еді.

3-оқушы:

Қасарысты,жиырма сегіз

Тынбай атты гранатты

Отан!- деген атты лебіз

Жандарынан жалын атты.

4-оқушы:

Кетпес олар мәңгі

Кектері тұр кеудемізде

Ерлік даңқы-жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

Жүргізуші: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Н.Әбдіров, Т.Тоқтаров, Т.Бегелдинов, Б.Момышұлы, М.Мәметов, Ә.Молдағалиева тағы басқа сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде

«Батыр»деп жазып кетті.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(1минут үнсіздік)

Монолог Б.Момышұлы

5-оқушы:

Ығысқан жауы түрінен

Бауыржан батыр қол бастап

Москваның түбінен

Ерліктер жасап ол асқақ

Волоколам жолында

Жаумен талай арбасқан,

Іздері бар артында

Бауырлас ізгі ерлердің

Іздерін қалай шаң баспақ.

6-оқушы:

Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін Жау есінен жаңылған Бұзып-жарып қоршаудан

Жолсыз жерден жол салды.

Қасы да естіп тамсанды.

Жүргізуші: Аты аңызға айналған тұлғаның еңбектерін қарап отырсаңыздар , Б.Момышұлы асылында батыр, жазушы ғана емес, туысынан ұлы педагог адам екеніне де еріксіз бас иеміз. Ол «Қан мен жазылған кітап» атты шығармасында былай депті: «Бойында адамға тілерлік барлық абзал қасиеттері бар парасатты азаматты тәрбиелеу оңай іс емес» Б.Момышұлының «Қан мен жазылған кітап» жинағынан үзінді.

Жауынгердің тұлғасы (көрініс)

7-оқушы:

Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан,Әлия,Мәншүк,Төлегендер.

Олардың қасиетті ерлігімен

Құлпырып,шешен атып,көгерген жер.

Батыр ұл есімдері сақталады.

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі-бақи мақтаады.

8-оқушы: Жалғызынан айырылыпты Аналар

Әкесінен айырыпты баланы

Бірақ біздер өздерінің арқаңда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Қамықпаған қиындықтан жүгінен,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен.

Жүргізуші:

Елге қауып төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын

Өртенбесін туған жер,

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқақ бел,

Шайқалмасын шалқар көл.

Хор: «Ақ көгершін»

Осымен қаһарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Б.Момышұлына арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

© 2010-2022