Сыныптан тыс сағат Жасөспірімдер және құқық

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірлік орта мектебі












Сыныптан тыс іс-шара:


Жасөспірімдер және құқық






Тарих,құқық және экономика пәнінің мұғалімі: Тоқсамбаева Г.К.














2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Жасөспірімдер және құқық (Слайд-1)

Мақсаты: 1) Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық бідімдерін толықтыру.

2) Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен белсенділігін арттыру.

3) Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.

Түрі: дөңгелек үстел.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қанатты сөздер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар ! Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналадағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл- заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. «Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа» дей келе «Жасөспірімдер және құқық»атты кездесуімізді бастаймыз. Кездесуге келіп отырған қонақтармен танысайық: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1.Психологиялық тренинг.

Кездесуді бастамас бұрын бір-бірімізге деген қарым-қатынастарымызды ізгілендіру мақсатында психологиялық тренинг өткізіп жіберейік. Сіздерге ақ парақша беріледі. Ақ парақтың дәл ортасында қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар,соны суреттеп берсеңіздер.( Бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек).

2.Құқық туралы жалпы түсінік.

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек.

1948ж.10 желтоқсанда БҰҰ бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады.

(Слайд-2) Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи; азаматтық; экономикалық-әлеуметтік,мәдени;

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз-ҚР Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан турады. Оның екінші бөлімі, 30 бабы құқыққа арналған. Келесі маңызды заңның бірі Балалар құқығы туралы конвенция-халықаралық келісімшарт. 1990ж. Әлемнің көптеген елдері осы келісімге қол қойды. Бұл құжатқа әлемнің 156-шы елі болып 1995ж. Қазақстан да қол қойды.

(Слайд-3) Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральді құрайды. Құқық дегеніміз -мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын ,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Моральдің ерекшелігі- оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлі заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Ендігі кезекте мына бейнесюжеттерге назар аударыңыздар.

1.«Қарттар үйі» бейнесюжетіне байланысты қойылатын сұрақтар:

Оқушыларға- Қандай әлеуметтік нормалар бұзылды және сіздердің осындай жағдайларға көзқарастарыңыз қандай?

Ата-аналарға- Қалай ойлайсыздар ата-ана тарапынан бала тәрбиесінде кателіктер кетті ме?

Заң қызметкерлеріне- Ата-анасынан бас тарткан адамдарға мемлекет тарапынан қандай шара қолданылады?

2.«Жастар арасындағы әлімжеттік» бейнесюжетіне байланысты қойылатын сұрақтар:

Оқушыларға- Қандай әлеуметтік нормалар бұзылды және оның себебі неде деп ойлайсыздар?

Ата-аналарға- Сіздердің ойыңызша әлімжеттіктің алдын алу үшін не істеу керек?

Заң қызметкерлеріне- Жасөспірімдердің жауапкершілігі туралы айтып , оқушылардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берсеңіздер.

(Слайд-4) Қорытындылау:

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚР Заңы.

20-бап. Баланың міндеттері.

Әрбір бала ҚР Қонституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге,еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасуға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.

3.Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді? (Оқушылар пікірі тыңдалады) «Заң біткен жерде зұлымдық басталады»демекші

заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.

4.Ойын өткізу «Қызыл,сары,көк ауыл»

Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір- бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін,бірі қызылын,бірі сарысын алыпты.

Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк,сары лента алғандар сары болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүрүге болады, не істейсіздер? (Оқушылар жауабы тыңдалады, қонақтраға сөз беріледі.)

Оқушылар жауптарын қорытындылау: Бізге қорғанның керегі жоқ, біз дос болуымыз керек. Адамдардың ауыл- ауыл көше-көше болып бөлінетіндігі, құқық бұзылуына алып келеді.

Бүгінгі кездесуді қорытындылау үшін тағы бір психологиялық тренинг өткізіп жіберейік. Сіздерге ақ парақша беріледі. Бұл парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып,қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп ,алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

Әрқашанда бойларыңыздан осы жақсы қасиеттер табылсын . Ж.Аймауытов «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса бара-бара адамды замандас,жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі» деген екен ,сондықтан да өмір сүріп отырған ортамыз жақсылыққа толы болсын, заңдарымыздың мықтылығы -атында емес,адалдығы мен әділдігінде болсын, сонда ғана біздің мемлекетіміз, қоғамымыз гүлдене береді.


























© 2010-2022