Ерлік даңқы өшпейді Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ерлік даңқы өшпейді Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу кеші







Жусупова Гаухар Серікқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Ақсу ауылы

№116 орта мектептің ІІ - санатты тәлімгері


Ерлік даңқы өшпейді


Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.


Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ - 9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.


2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1-жүргізуші: Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің ауданнан мыңдаған адам аттанып, майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетіп қаза болды. бүгінгі таңда ауданымызда 2-і, ауылымызда 1-і қалып отыр. Ұлы Отан соғысынан 139 азамат аман оралып, елінің гүлденуі үшін елеулі қызметтерін атқарды.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Бүгінгі кешімізді ашып беру үшін сөз мектеп директоры Бақбергенов Нұржан Қожабайұлына беріледі.

1 - жүргізуші: Мектеп мақтанышы, Халықаралық ән байқауларының жеңімпазы 7 сынып оқушысы Тоқтамұрат Мадиярдың орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

Қазіргі таңда ауылымыздың, ауданымыздың, облысымыздың, жалпы республикамыздың мақтанышы Өрікбаев Сүлеймен атамыз 90 жаста. Сүлеймен атамыздың біздің ауылымыздың азаматы екендігі бізге зор мақтаныш. Өрікбаев Сүлеймен ата 1924 жылы дүниеге келген. Ол 1943 жылы Ұлы Отан соғысына барып, Даурияда танк ротасында болды. Амур жағасында резервте тұрды. 1948 жылы әскер қатарынан келді. "Отан соғысы" орденімен, бірнеше мерекелік медальдармен наградталды. Соғыстан кейін қой бақты, бақташы болды. 1985 жылы зейнет демалысына шықты.

Сүлеймен атаның тікелей ұрпағы, немересі, мекбеміздің тарих пәні мұғалімі Өрікбаев Үміт апай атаның өмірі, жалпы отбасы туралы айтып береді. Назарларымызды аударайық.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер - деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!


1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

6 сынып оқушысы Сабырбай Дананың орындауында «Мен соғысты жек көрем!» атты өлең оқылады.

1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып, өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді.

2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша» Орындайтын мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған «Гүлдерай» бишілер тобы
1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Болайықшы осындай» Орындайтын 2 сынып оқушылары
1 Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын 2 сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы» Орындайтын 10 сынып оқушысы Сейтмұрат Орынбасар.

Оқушылар қарт майдангерді қарсы алады, гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. Жастарға батасын береді.

Ән: «Ақ көгершін» Орындайтын 3 сынып оқушысы Жаңабай Ақгүл.
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

Қазақ елі бүгінгі бейбіт өмірге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама тер, қаншама еңбек төгілді. Ал қазіргі қазақ елі баршамызды бейбітшілікке, тыныш өмірге жетелейді.

Олай болса, бүгінгі кешімізді 2 сынып оқушысы Телеу Жаннұрдың орындауында «Қазақ елі осындай» әнімен аяқтағымыз келеді.

Еліміз тыныш, заманымыз бейбіт болсын.









© 2010-2022