Тышкан мен торгай (открытый урок)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Әлімханова А.Қ

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Кіші сала: Көркем әдебиет

Тақырып: «Торғай мен тышқан»

Мақсаты: «Торғай мен тышқан» ертегісін сұрақ- жауап ,

әңгімелеу әдістерін қолдана отырып ,балалардың тілдерін дамыту.Еңбекке,достыққа,бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, игравизор т.б

Билингвалдық компонент: Торғай - воробей,тышқан - мышь.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балалар , «Бұл ненің дыбысы?» ойынын ойнауға дайынсыңдар ма?

Үнтаспадан тышқан мен торғайдың дыбысын тыңдап , ненің дыбысы екенін ажыратады.

  • Иә, дайынбыз.


  • Торғай.

  • Тышқан.


Ұйымдастырушылық ізденіс

Балалар , енді көгілдір экран арқылы

«Торғай мен тышқан» ертегісін көрелік.

Ерте- ерте , ертеде торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі егін егіпті.Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып , дән сеуіпті . Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бидайды жинап алып , бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады . Соны қайсысы аларын білмей ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналап ,бір- бірімен

Ұзақ төбелеседі .

Оларды арашалайтын

Ешкім болмаған соң , екуі де шаршайды.

Ақыры, өздерінің билеріне барып жүгінбек болады. Алдымен тышқан биіне келеді.

Тышқан биі:

-Бұл бидайды тышқан алуы керек. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен жер жыртып , ұртымен бидай септі,- дейді.

Бұл шешімге торғай келіспейді. Енді тышқан екеуі торғайлар биіне барады.

Торғайлар биі :

Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егінге түскен барлық құрттарды құрттқан. Егінді күзеткен,- дейді.

Бұған тышқан келісе алмайды.Енді торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келедді.Шал дәнді алып,екеуіне тең бөліп береді.Бұған торғай да,тышқан да разы болып,өз жөңдеріне кетеді.

Тәрбиеші:

  • Балалар , ертегі қалай аталады?

  • Ертегінің кейіпкерлерін атаңдар?

Ал, енді мына суреттерді пайдалана отырып ертегіні баяндайық.

Сергіту сәті:

Дидактикалық ойын «Ретімен орналастыр»

-Торғай мен тышқан артық қалған бидай үшін кімге ақыл сұрауға барады? Ретімен карточкаларды орналастырамыз.

«Конус» театры.

Ертегіні баяндау.


Балалар мұқият тыңдайды.














  • «Тышқан мен торғай»

-Торғай, тышқан, торғай би, тышқан би, ата.

Балалар топтасып не кезектесіп ертегіні айтады.




«Конус» театры.

Ертегіні баяндайды.

Рефлекстік түзету

-Көгілдір экраннан қандай ертегіні көрдіңдер?

-Осы ертегі арқылы нені түсіндіндер?


-Қол ұстасып тұрайық,көріскенше күн жақсы сау-сәлемет болайық!

Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалардың жауаптары.

-«Тышқан мен торғай»

-Бір- бірімізбен төбелеспеу керекпіз.

-Барлығымыз дос, тату болу керек екенін.

- Ерінбей еңбек ету керек.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Торғай мен тышқан ертегісін.

Түсінеді.Тапсырмаларды дұрыс орындауды достық қарым-қатынасты,еңбексүйгіштікті

Қолданады: Сұраққа нақты , толық жауап беруді.


Қостанай қаласының білім бөлімінің № 13 бөбекжай-бақшасы







Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті

Екінші кіші «Жұлдыз» тобы


Тақырыбы: «Торғай мен тышқан»



Өткізген: Әлімханова А.Қ.


























Қостанай, 2015 жыл







© 2010-2022