Балалар тілімен айтқанда Бала тілі бал 0 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Баласыз үй - мазар, балалы үй - базар" деп атам қазақ бекерден бекер айтпаса керек. Өскен сайын айналасын думан-күлкіге бөлетін балақайлардың тілі де, қимылы да тәтті емес пе?!

Мен де бала болдым. Менің де тілім шыққан кезде барлығы жан-жақтан маған сұрақ қойып, менің жауабыма рахаттана күлетін. Мен-бала оны түсінбейтінмін. Қазір өзім де артымнан ерген кішкентай бауырларыма әр түрлі сұрақтар қойып, берген жауаптарына риза болып отырамын. Баламен бала боламын. Назарларыңызға сол кішкентай балалардың менің сұрақтарыма берген жауаптарын ұсынамын.

***

Көршімнің баласы үш жасар Дәулеттен: "Дәулет, сен де кішкентай бөпе болдың ба?" десем, "Жоқ, мен кішкентай болған жоқпын. Мені құдай бере салды" деп жауап берді.

***

Бір күні Дәулеттен "Дәулет, үйде ақша бар ма?" деп сұрап едім, "Үйде ақша жоқ, мамам жұмыс істемейді, папам ауырып жатыр" деп жауап қатты. Сол кезде қыстың күні болатын, әкесі тұмауратып қалған.

***

Бір күні қонаққа келген кісілер 2,5 жасар Іңкәр сіңлімнен: "Сенің атың кім? Қанша жастасың?" десе, "Менің атым Әйгерім, мен он бірдемін" деп жауап беріпті. "Ой, сен Іңкәр едің ғой" десе, "Жоқ, мен Әйгеріммін" деп айтыпты.

***

Ағамның қызы Әсеммен (4 жаста) болған әңгімем.

- Әсем, үйге ақшаны кім әкеледі?

- Папам

- Ол қайдан әкеледі?

- Жұмыстан

- Жұмыста оған ақшаны кім береді?

- Достары по чуть-чуть жинап береді)))))

***

Махамбет інім (Іңкәрдің ағасы) екеуміз оның әке-шешесінің тойын бейнетаспадан көріп отырмыз. Бір кезде мен: "Махо, мынау тойда сен жоқсың ғой..." десем, "Мен ол кезде үйде Іңкәрмен отырдым" деп жауап берген.

Қарбыздың қабығы.

Дәмді қарбыздың қабығын пышақпен қырып, көгіне дейін жапырып жеп отырған Саматқа інісі Ерболат:

-Самат, қарбыздың құнжырқа қабығына дейін қырып, жемей-ақ қойшы!-деп жалынды.

Ол таңдана інісіне қарады:

-Неге?!

-Қарбыз қабықтарын сыртқа апарып төккенде көрші-қоңсылардан ұяламын!

Алматыға барамын...

Әжесі немересі төрт жасар Ерболатты ауылға қалдырып, өзі Алматыға ұл қыздарына қонаққа кетпекші. Жолға дайындық үстінде.

Әжесі Ерболаттың қыңқыл-сыңқылына құлақ аспады.

-Айналып кетейін! Келесі жолы міндетті түрде алып апарамын!-деп алдаусыратқан болды.

Әжесінің ойынан шықпайтынын сезген Ерболат, көп ойланбастан, аудан орталығына жүретін автобустың алдын орай, жаяу-жалпылап жүгіріп отырды...

Автобус жүргізүші ауылдан жырақ, үлкен жолдың бойында, жүгіріп бара жатқан бүлдіршінді көреді.

Онымен қатарласып:

-Әй! «Балапан», тоқта!.. Қайда барасың! - деп дауыстады.

Ерболат саспады. Қолын сермей:

-Кө...ке! Алматы...ға!.. Алма...тыға!..- деді.

Титығы құрыған әжесі немересін автобусға отырғызып Алматыға жүріп кетті...

Қауынның дәмдісін-ай!..

...Әжесі немересінің көңілін қимады. Дәмді қауынның желінген тіліктерін өткір бәкісімен тықырлап немересіне бере бастады.

Ерболат томпайған қарнын екі қолымен ұстап әжесіне ризалығын білдірді.

-Апа, тойып кеттім ғой!.. Рахмет!-деді.

© 2010-2022