Қазақ хандығына 550 жыл сынып сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақ хандығының 550 жылдығы

Мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығының құрылуы жайлы мағұлмат беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, еліне-жеріне деген махаббатын арттыру.

Дамытушылық: Ата - бабаларына деген құрметін, қазақ хандығының құрылуы туралы білімдерін толықтыру

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сынып оқушыларымен амандасу, «Бес саусақ» тренингісін жүргізу арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

2. «Қазақ елі» атты видионы көрсетіп, оқушылардан тәрбие сағатының тақырыбын өздері табуға мүмкіндік беру. Видио корсетіледі.

Оқушыларға сұрақ қою:

  • Балалар, сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ хандығын құрған қандай хандарды білесіңдер?

ІІ. Қазақ хандығының құрылуы жайлы оқушыларға түсіндіру

Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.

Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Сендерге қандай сый көрсетсекте артық болмас еді.

Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.

Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді.

Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ хандығының туын құлатқан жоқ! Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу жолындағы жан алысып, жан беріскен қиян-кескі майдан болатын.

Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті ғой. Әйтпесе ата жауларына әлі де талай ойранды салар еді.

Қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуын, өз тағдырына өзі қожалық етуін аңсап өткен Алаштың арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов өз бастарын өлімге байлап, елім деп еңіреп өткен ерлер еді.

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін арпалысқан соңғы ұрпақ - 1986-жылдың қаралы да жаралы желтоқсан айында жалаудай желбіреген қазақтың өрімдей қыздары мен жігіттері.

Мұздай қаруланған ОМОН солдаттары қазақтың қаракөз қыздарын іштен теуіп, шашынан сүйреді. Көкөрім жігіттерді таяққа жығып, қасқыр иттерге талатты.

Алматының алаңындағы ақ қар қызыл қанға боялды. Күш тең емес еді. Албырт жастар сонда да алған беттерінен қайтпады.

«Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды..
Ата - бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих - ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған Қазақ мемлекетінің келешегі кемел, болашағы жарқын. Себебі мейірімді де меймандос Алаш жұртына Алланың өзі нұрын төгіп келеді.

ІІІ. Сабақты бекіту

Таратылып берілген суреттерді қатыстырып «Галереяға саяхат» әдісі арқылы сыныпты екі топқа бөліп, «Қаһарман Қазақ елі» атты тақырыпта флипчарт құру..



Ақмола облысы,

Аршалы ауданы,

Михайлов орта мектебі













«Қазақ хандығының 550 жылдығы»

Өткізген: А.Т.Бекенова



2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022