Құтты болсын Наурыз! тақырыбына тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құтты болсын Наурыз» мерекелік сазды әдеби - музыкалық кеш.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы

жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін

бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі.

Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен

насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар.

1 жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз
мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгінгі «Құтты болсын Наурыз» атты мерекелік сазды әдеби - музыкалық сағатымызға қош келдіңіздер!

Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді.

Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

2 жүргізуші:
Жаңа жылды, Наурыздың 22 - і Ұлыстың ұлы күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, мысалы: қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.


1 жүргізуші:
22 - ші наурызда күн мен түн теңеліп, «Ақ түйенің қарыны жарылған күн», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы - жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген ерекше сөз оралымдары сақталған.


2 жүргізуші:
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 - ші Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Атаға қош келдіңіз деп ортаға шақырайық .
Қызыр Ата:

Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт - түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
1 жүргізуші: оқушы- Екатерина
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз - жыл басы!

Кел, ----------халайық барымыз ән шырқайық
Ән « Наурыз»


2 жүргізуші: Биылғы бізге келген мешін жылы өзіне қуаныш, береке, бибітшілік, татулықты, молшылықты серік етіп келіпті. Сюрпризный момент должен быть Мешінді қарсы алайық.

Мешін:

Армысыздар жиылған жамағат!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке Құтты болсын!
Балалар мен бүгін сіздердің орталарыңызға келгеныме өте қуаныштымын.

1 жүргізуші:

Төрлет жаңа мешін жылы! Қызыр ата жанына жайғасыңыз. Дәм ауыз тиіңіз.

2 жүргізуші:

22 - ші Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған. Дастархандарыңыз мол, пиілдеріңіз пәк екен. Ниеттеріңізге қарай лайым жылда жақсылыққа жетеберіңіздер.

1 жүргізуші: Кәне балалар, қонақтарымызға бар өнер байлығымызды көрсетейік.

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке дей отыра ортаға «Жігіттер» тобын шақырамыз.Ортаға «Жігіттер» тобын шақырамыз.

Би: «Қаражорға».

Жаса Наурыз, жаса көктем,

Болсын ұмыт, мұңдар өткен,

Мейірімділік күлсін шығып.

Наурызда жаңа жыл басталады,

Естіледі көктемнің асқақ әні.
Кезекті әнге берелік «Арулар».

Ортаға бір бала жүгіріп келеді.

Бала: Жамағат, жүріңіздер қызықтың бәрі мында ғой!

Топырлай кірген бір топ бала, күрескен балаларды тамашалап жатады.

Үн таспадан әуен ойнап, қазақтың спорттық ойын түрі « Қазақша күрестен» ұлдардың биі орындалады.

Қызыр ата : неткен шеттерінен өнерлі жастар. Өркендерің өссін! (көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу).
Оқушы: Рахат
Ашық болсын қас - қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін, житіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан ауызы жоғары.

Оқушы: Анастасия
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп....
«Көктем» биі.


Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне берелік
Би: « Адай»

Қызыр ата: Рахмет сіздерге балалар. Бізге бүгін бір ерекше мерекелік көңіл күй силадыңдар. Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын. Біз жаңа мешін жылымен қалған жамағатты аралап, құттықтап, қуаныштарына ортақ тілек айтайық. Қош сау болыңыздар!

2 жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көнілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен менше сүй

Ән « Шақырады көктем»

1Жүргізуші: Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.

2 Жүргізуші: Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.

1 Жүргізуші: Қазақстандықтар үшін Наурыз - айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Бірге: Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Осымен «Құтты болсын Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.




© 2010-2022