Тәрбие сааты Сөз маржан 4 класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сааты Сөз маржан 4 классСабақтың тақырыбы: «Сөз маржаны» (сайыс)
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз қадірін түсінуге баулу.

2. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тіл шеберлігін арттыру, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер

Барысы : Ұйымдастыру Әр топ өздерін таныстырады Сайыс кезеңдері және әділқазылар таныстырылады
Сайыстың кезеңдері:

1. Зымыран сұрақтар

2. Тапқыр болсаң, тауып көр

3. Ойлы болсаң, озып көр

4. Кім жүйрік?

5. Сөз ойла, тез ойла

Сайысымыздың 1-кезеңі: Зымыран сұрақтар

1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып , естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз ? Дыбыс

4. Қосымшаның неше түрі бар ?

2. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер .

5. Сөз таптарын ата.

6. Кел , балалар оқылық өлеңінің авторы кім ?

7. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім ?

11. Абайдың әжесі кім ?

17. Абылай ханның шын аты кім ? Әбілмансұр

9. Менің ше, бәлкім, шындығында, мүмкін қандай сөздер?

13. Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады. Ой нақты айтылады.

Ақыл - кеңес, үлгі - өнеге түрінде айтылады.

19. Киелі сан. Жеті

12. Жазылуы, айтылуы әртүрлі мағыналары жуық сөздер

13. Ұшқан ұя әңгімесі кім туралы?

14. Шығамын тірі болсам, адам болып өлеңінің авторы?

15. Қаныш Сәтпаев кім?

Сайысымыздың 2-кезеңі: Ойлы бола озар.

II Шарты :

Әр түстегі тақырыпқа берілген мақалдардың жалғасын табу

1. Білекті бірді жығады.

2. Білімдінің күні -жарық

3. Білім инемен.....

2- дос туралы

  1. Ақылы көпті дау алмайды. ....

  2. Дос жылатып айтады,

  3. Жүз теңгең болғанша......

3- Еңбек туралы

  1. Еңбектің наны тәтті....

  2. Еңбек етсең ерінбей.....

  3. Еңбек түбі -

4- Туған жер туралы

  1. Туған жер дей жер болмас

  2. Ит тойған жеріне

  3. Өзге елде сұлтан болғанша

5- ата-ана туралы

  1. Абысын тату болса ас көп

  2. Ағайын алтау

  3. Әке көрген оқ жонар

6- әртүрлі

Ашу дұшпан-ақыл дос

Әдептілік белгісі

Ұяда не көрсең .....

Сайысымыздың 3-кезеңі: Сөз маржаны

III Шарты : қойылған сұраққа мақалмен жауап береді .

Қар жана ма?

Инемен құдық қазуға бола ма?

Елу құлағы бар, кім?

Білетінің қанша, білмейтінің қанша?

Оттан да ыстық болып тұрған не?

Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер?

Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады?

Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады?

Бір рет өлуге де болады, немесе мың рет өлуге де болады?

Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Қарныңды қалай тойғызар едің?

Намыстан,қамыстан ажал табушылар?

Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

Сайысымыздың 4-кезеңі: Кім жүйрік?

IV. Шарты : берілген сөз тіркесінің мағынасын мейілінше бір сөзбен айту

Қорықты Төбе шашы тік тұрды .

Алыста Көз ұшында көрінеді .

Жүрек жұтқан . Батыр

Көзі ілінбеді . Ұйықтамады

Көзге түртсе көргісіз . Қап қараңғы

Бетінен оты шықты . Ұялды

Араларынан қыл өтпейді . достар

Жүрек жалғап алды . Тамақтанды

Көз шырымын алу . Ұйықтау.

Іздеп келмеді Ат ізін бір салмады .

Айтпау Тісіңнен шығармау .

Жомарт , мырза Ешкімнен ештемесін аямайды .

Ұрлама Ала жіпті аттама .

Сайысымыздың 5-кезеңі: Сөз ойла, тез ойла

V. Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан әріптерден басталатын сөздерден сөйлем құраңдар.

1-Қ

2-О

3-А

4-Б

5-Ж

6-Т

Қорытынды

Лозовое орта мектебі











Тәрбие сағаты



Өткізген: Алиева Л.А.

























2015-2016 о. ж.

© 2010-2022